«Жоба ?дістемесіні? ерекшеліктері» саба? жоспары»

Сабақтың технологиялық картасы №
Пән: «Жобалау іс-әрекеті негіздері»
Оқытушы: Кабимолдина А.К.
Топ: 42 «ә» 403 «ә» Күні: Тақырыбы: Жоба әдістемесінің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаттары: Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу және зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы жайлы түсінік қалыптастыру. 
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Жоба әдістемесінің жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі жайлы түсінік беру. 
Дамытушылық: Оқушыларды меңгерген білімдерін іс тәжірибеде қолдана білу қажеттілігіне баули отырып, зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау.
Тәрбиелілік: Жоба әдісінің және студенттердің әр жұмысын жоспарлауға үйрету
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәріс
Оқыту әдіс-тәсілдері: ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс)
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту технологиясын АКТ-ға негіздеу
Пән аралық байланыс: педагогика
Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта.
Көрнекі құралдар: презентация
Қосымша тапсырмалар:
Сабаққа қажетті әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования. -М., 1996.
Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога.-М.; СПБ., 2003.
Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида.-СПБ, 1995.
Қосымша:
Крюкова Е.А. Введение в социально-педагогическое проектирование.-Волгоград, 1998.
Заир-Бек Е.С. Основа педагогического проектирования.-СПБ,.1995.
Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология в контексте гуманизации образования в школьного образования в Казахстане.-Алматы, 1999.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Топты түгендеу
Сабақтағы жұмыс түрлерімен таныстыру
2. Сабақ мақсатын қою
Қазіргі кезде білімнің жаңа парадигмасына байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «зерттеу мәдениетін» меңгерудің маңызы зор.
3. Білімді өзектілендіру
Ғылыми әдебиетте «зерттеу мәдениетін» түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар.
Зерттеу мәдениеті деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыретті және теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады.
Зерттеу мәдениетінің жалпы құрылымында үш инварианттық: когнитивтік-бағалау, операциялық-әрекеттік және бағалық-мотивациялық компонент бар. Оқушылардың зерттеу мәдениеті негізінде жоғары сыныптарда қалыптасады.
Осы анықтамаға сүйене отырып, оны жобалау іс-әрекеті мәдениетіне бейімдеу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті мынадай негізгі критерийлермен сипатталатынын байқауға болады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, зерттеуге ақпараттық және технологиялық дайындық, шығармашылық белсенділік. Аталған критерийлер оқушылардың жобалау іс-әрекетінің табыстылығын анықтауға бағытталған. 
4. Үй тапсырмасын сұрау
Глоссариймен жұмыс. Жобалау жұмысының тақырыбын беру. Материал қарастыру, жинақтау.
«Жасыл экономика» жобасы
«Казіргі заман педагогы» жобасы
«Семей қаласының болашағы» жобасы
«ЭКСПО - 2017» жобасы
«Мен болашақ мұғалім» жобасы
Жобалау жұмысына қажетті оқушылар құзіреттіліктері
«Мектеп оқушыларының бос уақытын жаңаша ұйымдастыру » жобасы
«Жастар этикасы» жобасы
«Экскурсия жобалары» жобасы
«Ойын жобалары» жобасы
«Құрастыру жобалары» жобасы
«Хабарлама жобаларының» жобасы
5. Жаңа білімді хабарлау
Тақырыбы: Жоба әдістемесінің ерекшеліктері
Жоспары:
1. Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. 
2. Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы. 
3. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі. 
6. Өзіндік жұмыс
Жоба әдістемесіне қойылатын талаптарды жіктеу, талдау
Талаптар Талдау
Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері Ғылыми жобаға тақырып таңдау Зерттеу тақырыбы бойынша
әдебиеттерді зерделеу Зерттеу жұмысының жоспарын құру Ғылыми жобаны рәсімдеу 7. Бекіту кезеңі
Ерекшеліктері Талдау жұмысы
Білім алушылардың зерттеу
іс-әрекеті  Жобалау-зерттеу іс-әрекеті Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы   Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік
іс-әрекеттерінен айырмашылығы  Зерттеу мәселелерін іске асырудың ерекшеліктері  Күрделігі бойынша мәселелерді жіктеу Зерттеу нәтижесін көрсете білу  Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі  Оқушы көзімен қарағандағы оқу жобалау және зерттеу 8. Білімді жүйелеу
Оқушы көзімен қарағандағы оқу жобалау және зерттеу - өзінің шығармашылық әлеуетін толық ашу мүмкіндігіне ие болу деген сөз. Бұл іс-әрекет жеке және топта оқушылардың өзін көрсете білуіне, өз білімін қолдана білуіне, жария жағдайда қол жеткізілген нәтижені көрсете білуіне толық мүмкіндік береді. Ол жұмыс кей жағдайда оқушылардың өздері ойлап тапқан қызықты практикалық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталады.
9. Қорытындылау
Зерттеу тақырыбына жастардың жасына, психологиясына байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Жасөспірімдердің білім деңгейінің әлі де жеткіліксіздігіне, көзқарастың толық қалыптаспағанына, өзіндік талдау деңгейлерінің толық дамымауына байланысты оларға зерттеу саласында көп тапсырма беру олардың жалпы білім деңгейіне, дамуына нұқсан келтіруі мүмкін.
10. Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау, бағалау
11. Үй тапсырмасын беру
- Ғылыми жұмыс пен ғылыми жобаның ерекшеліктері.
- Исмайылова Б. Білім беру жобалары – педагогикалық инновацияларды саналы қабылдау дағдысын қалыптастыру әдісі.// Бастауыш мектеп.- 2007. №2.-48б.
12. Рефлексия
Менің бүгін білгенім.....
Мен мынаны түсіндім....
Маған түсініксіз болғаны..
Жоба әдістемесінің ерекшеліктері
Жоспары:
1. Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. 
2. Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы. 
3. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі. 
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет.
Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті - шешімі алдын-ала белгісіз (табиғаттың заңдарын көрсету тәжіріибесінен өзге) шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қоя білу, осы проблематиканы шешуге байланысты теорияны зерделеу, зерттеу әдісін таңдай ала білу және оны өз мақсатында қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны талдау және жинақтау, өзіндік қорытынды) болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады. 
Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті – оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру, жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады.
Жобалау-зерттеу іс-әрекеті – жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады.
Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқулық зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындаңы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту, субъективтік жаңа білімге (әр оқушыға маңызды да жаңа болып табылатын, өзіндік іс-әрекеттермен жинақталған білім) байланысты білім процесіндегі оқушылардың тұлғалық позициясын жандандыру. 
Сондықтан зерттеу іс-әрекетінің негізінде білім беру процесін ұйымдастыруда бірінші орынға  зерттеуді жобалау мәселесі шығады.
Оқушылардың зерттеу жұмысын жобалаудың негізіне соңғы жүздеген жылдарда қалыптасқан зерттеудің моделі мен әдіснамасы алынады. Бұл модельде кез келген зерттеуге тән бірнеше қалыптасқан кезеңдер бар. Алайда оқушылардың зерттеу жұмыстары оқулық зерттеу жұмыстарына ғана тән, ғылыми қоғам дайындаған дәстүрлер негізінде жүргізіледі және дамиды. 
Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы.  
Қалыптасқан оқу процесінде стандарттық позициялық схема «мұғалім - оқушы» жүзеге асырылады. Мұғалім білім береді, оқушы білім алады, ол процесс қалыптасқан дәстүрлі сынып-сабақ тәсімі түрінде өткізіледі.
Зерттеу іс-әрекетін дамыту барысында аталған тәсімде қарама-қайшылықтар туады: сынып тақтасында көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын тәсімдермен түсіндіруге жатпайды, нақты жағдайларға байланысты өзіндік талдауды қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсінудегі білім саласындағы объект-субъектілік парадигманың эволюциялық өзгеруіне, біртіндеп «әріптес-әріптес» бірлестігінің туындауына әкеліп тірейді.
Мұғалім «жетекші-кіші жолдас» жұбы тәсімі бойынша практикалық әрекеттегі дағдыларды оқушыларда қалыптастырады. Мұндай ұстаз бен шәкірт аралығындағы қатынас жетекшінің жоғары беделі арқылы жүзеге асырылады. 
Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы. 
Зерттеу іс-әрекетінің негізгі нәтижесі зерттеу рәсімінің негізінде әртүрлі шындықты анықтайтын интеллектуалдық өнім болып табылады. Зерттеудің негізгі жетістігі - шындықты анықтау екенін баса көрсету қажет. Конкурстар мен конференцияларда практикалық мәні бар талаптар, зерттеу нәтижесін практикалық жағдайда қолдану мүмкіндігі, зерттеудің әлеуметтік мәні (мысалы табиғатты қорғаудың мәні) ғана айтылады. Мұндай іс-әрекет (әрине, өзіндік мәні бар) зерттеу іс-әрекетінің құралымен әлеуметтік-практикалық атқарымдарды іске асыруды көздейді. 
Зерттеу мәселелерін іске асырудың ерекшеліктері. 
Зерттеу тақырыбына жастардың жасына, психологиясына байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Жасөспірімдердің білім деңгейінің әлі де жеткіліксіздігіне, көзқарастың толық қалыптаспағанына, өзіндік талдау деңгейлерінің толық дамымауына байланысты оларға зерттеу саласында көп тапсырма беру олардың жалпы білім деңгейіне, дамуына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан ғылымның кейбір мәселелерін зерттеуді мектептерде жүргізу тиімді болмауы да мүмкін. Мұндай ғылыми мәселелер оқушылардың жобалау, зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Күрделігі бойынша мәселелерді жіктеу. Мұндай мәселелерге қойылатын талаптарға эксперименттік материалдардың көлемінің, математикалық аппараттардың, пәнаралық талдаудың шектеулігі жатады. Эксперименттік деректерді талдау күрделігі бойынша мәселелер практикалық, зерттеулік және ғылыми болып бөлінеді. 
Практикалық мәселелер нақты құбылысты суреттеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда нақты параметрдің (мысалы, температураның) өзгеруі, соған байланысты басқа параметрдің (мысалы көлемнің) өзгеруі зерттеледі. Егер, нәтиже тұрақты болса, онда талдауды қажет етпейді. 
Зерттеу мәселелері білім беру ұйымдарында қолданылатын мәселелердің жиынтығын анықтайды. Оларда зерттелетін шама бірнеше қиын емес факторлардан тұрады (мысалы, жердің ластануының зауыт құбырына дейінгі ара қашықтыққа, метеожағдайға, желдің бағытына тәуелділігі). Факторлардың зерттеу нысанына әсері оқушылардың шамасы келетін талдауының жақсы мысалы бола алады.
Ғылыми мәселелерде зерттеу шамаларына әсер ететін факторлар көп және күрделі болады. Мұндай мәселелерді талдау кең білімді және ғылыми интуицияны қажет етеді, оларды білім процесінде қолдану аса қиындықты тудырады, сондықтан тиімді болмауы мүмкін. 
Зерттеу нәтижесін көрсете білу. Қазіргі кезеңде зерттеу нәтижесін көрсете білудің маңызы барлық жұмыстар үшін аса зор. Зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетудің бірнеше қалыпты көрсеткіштері бар: тезистер, ғылыми мақала, ауызша баяндама, диссертация, монография, мақала. Осы әр көрсеткіштің тілі, көлемі, құрылымы анықталған. Нәтижелерді көрсетуде жетекші мен оқушы алдын ала қай жанрда жұмыс істейтінін анықтап алулары керек, содан кейін сол жанрдың талаптарына сәйкес жұмыс істеулері тиіс. Қазіргі кездегі жастар конференцияларында қолданылатын жанрлар: тезистер, мақалалар, баяндамалар. Жанрлардың бұл түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелелері ғана емес, сонымен қатар рефераттар немесе сипаттау жұмыстары да берілуі мүмкін.
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі. Конференциялар мен конкурстарға берілген жұмыстарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
- проблемалық-реферативтік - бірнеше әдебиет көздеріне негізделіп жазылған, әр көздердің деректерін салыстырып, қойылған мәселе бойынша өз көзқарасын қалыптастыратын шығармашылық жұмыстар;
- эксперименттік - ғылымда сипатталған және белгілі нәтижесі бар шығармашылық жұмыс. Көбінесе суреттеу түрінде беріледі және нәтиженің ерекшеліктеріне өзіндік түсініктеме бере алатын шығармашылық жұмыстар;
- табиғи және суреттемелік - белгілі бір құбылысты бақылауға және сапалы сипаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстар. Ғылыми жаңалықтың элементтері болуы да, болмауы да мүмкін. Айырмашылық ерекшелігі зерттеудің әдістемесінің болмауы мүмкін. Табиғи жұмыстардың бірі ретінде қоғамдық-экологиялық бағыттағы жұмыстарды атауға болады. Соңғы кезде «экология» терминінің тағы бір лексикалық мағынасы пайда болды: қоршаған ортаның антропогендік ластануына қарсы қозғалыс экологиялық деп айтылатын болды. Бұл бағытта жасалған зерттеу жұмыстары, көбінесе, оларда ғылыми әдістің жоқтығын көрсетеді.
- зерттеулік - ғылыми тұрғыдан қарағанда нақты әдістемелік негізде жасалған және осы әдістеме бойынша алынған эксперименталдық материалдар бар және осы материалдар негізінде зерттеу құбылысы бойынша талдау және қорытынды жасалған шығармашылық жұмыстар. Мұндай жұмыстардың ерекшіліктері – зерттеу бойынша анықталатын нәтижелердің алдын-ала белгісіздігі.
Жалпы білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырып оқыту – жалпы және қосымша білімнің интеграцияланған бағдарламалар шеңберінде жүргізілетін зерттеу іс-әрекеттері болып табылады. Бұл жағдайда зерттеулік іс-әрекет типтік оқу жоспарына кірген курстар (инварианттық компонент), мектеп компонентіндегі курстар; қосымша білімдегі курстар, теориялық және практикалық даярлық жүйесі, каникулярлық уақытта сыртқа шығатын ісшаралар (экскурсиялар, экспедициялар) кезіндегі өзіндік зерттеу жұмыстары негізінде жасалады. Зерттеулік іс-әрекеттер технологиясының негізінде бейіндік мектеп моделі жалпы мектеп немесе қосымша білім ұйымы мен жоғары оқу орындарының базасында іске асырылатын болады. 
Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті қосымша білім технологиясына ұқсас болып табылады, себебі оның қосымша білімге тән екі белгісі бар: 
- жұмыс қойылған мәселенің ерекшелігіне байланысты нақты білім алушының икемділігіне қарай жасалады; 
- педагог пен оқушының жеке жұмыс түрі ретінде топтық және жеке сабақтар мен консультациялар, семинарлар мен конференциялар есепке алынады. 
Білім беру процесіндегі әр қатысушы оқушылардың осы іс-әрекетін жоспарлауда және ұйымдастыруда өз жұмысын жақсы меңгеруі қажет.
Мұғалімнің:
- оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін жүргізуі көзделген курстың оқу-тақырыптық жоспарын жасай білуі;
- оқу жобалау немесе зерттеу жұмысына оқушыны даярлай білуі;
- белгілі оқу жобасын немесе зерттеу тақырыбын өз сыныбына, білім беру ұйымына және нақты жағдайға бейімдей алуы;
- оқу жобасын жасай немесе зерттеу тақырыбын ала білуі;
- оқу жобалау немесе зерттеуді орындау нәтижесінде педагогикалық мәселелердің орындалуын бағалай білуі;
- оқу жобалау мен зерттеуді іске асыра және білім іс-әрекетінің түрлерін қолдана білуі;
- жобалау-зерттеу жұмысының мазмұны бойынша консультация жүргізе білуі қажет. 
Бұл мәселені қарастыруда жарияланым материалдары, әдістемелік және ақпараттық сайттар көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінде курстық және модульдік даярлықтан өтуі талап етіледі. 
Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізудегі мұғалімдердің ролі аса зор. Бар білімді, ақпаратты білетін тұлғадан гөрі мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушыға, әртүрлі көздерден керекті білім мен ақпаратты таба білу бойынша консультантқа, әріптеске айналады. Оқу жобалау және зерттеу жұмыстары даусыз педагогиканы ұйымдастыруға, оқу процесін жалықтырғыш міндеттіліктен гөрі өнімді, шығармашылық жұмысқа айналдыруға мүмкіндік береді.

Конференциялар мен конкурстарға берілген жұмыстарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

Приложенные файлы

Добавить комментарий