«Векторлар?а амалдар ?олдану» ашы? саба?»


.

Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені
Математика пәнінің мұғалімі
Атанбай Айдана Сәрсенғалиқызы

Пән мұғалімі: Атанбай А.С.
Пәні: геометрия 10 сынып
Тақырыбы
Векторларға амалдар қолдану
Оқып –үйренудің негізгі мақсаттары Параллелограмм және үшбұрыш ережелерін үшөлшемді кеңістік үшін жалпылау, векторлық терминдер мен белгілерді беру,векторға амалдар қолдану мен алған білімді есеп шығаруға пайдалану дағдысын қалыптастыру. Тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтастыру, «Бинго» ойыны, сергіту сәті, постер қорғау, кері байланыс , Крестиктер мен нөлдіктер
сұрақ-жауап, топтық әңгіме, Геометриялық терме диктант
АКТ-ны қолдану: белсенді тақтамен жұмыс
(сергіту сәтін ұйымдастыру), таныстырылымматериалдар,
Оқыту формасы:
Топтық,жеке,Жаппай
Оқып үйренудің нәтижесі - үшбұрыштар, параллелограмм және көпбұрыш ережесін қолдану аясын білу;
- есептеуге, дәлелдеуге арналған есептерді шығарудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін меңгеру;
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау Формативті бағалау:
«Басбармақ», «Бағдаршам»
Кері байланыс
Барлығын қосқанда Топтастыру, «Бинго» ойыны, сергіту сәті, постер қорғау, кері байланыс , Крестиктер мен нөлдіктер
сұрақ-жауап, топтық әңгіме, Геометриялық терме диктант
Негізгі дерек көздері И.Бекбоев, В.Гусев, Ж.Қайдасов, А.Абдиев «Геометрия» 10 сынып оқулығы
Сабақ кезеңдері
Кіріспе Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Оқушылармен амандасады, түгелдейді
Тақырыпқа сәйкес топқа бөлінеді.
Мұғалім ұйымдастырады.
«Бинго» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру.
8572548895
Оқушылар мұғаліммен амандасады, жауап береді.
Топқа бөлінеді.
Интерактивті тақта арқылы сұрақтар беріледі, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Ұштарының реті көрсетілген кесінді
2. Параллель көшіру ...болады.
3. Бағытталған
ұзындығын қалай белгілейміз
4. Кеңістіктегі координаталар жүйесі ...деп аталады.
5. Кеңістіктегі координаталық
жазықтықтар
кеңістікті неше бөлікке бөледі?
6. Кеңістіктегі координаталық жүйесінде қандай координаталық осьтер бар?
Тұсаукесер «Вектор» сөзіне кластер құру.
Планиметрия мен стереометриядағы векторға венн диаграмасын құру 1 топқа «Вектор» сөзіне кластер құру.
2 топқа планиметрия мен стереометриядағы векторға венн диаграмасын құру
Берілген тапсырманы топпен орындайды
Негізгі бөлім Жаңа сабақ бойынша постер қорғау
«Крестиктер мен нөлдіктер» есептер шығару (оқулық бойынша).
247650140335
2 топ оқушыларына анықтама беріледі, сол анықтаманы негізге ала отырып постер дайындайды.
1 топқа: «Векторлардың қосындысы»
2 топқа: «Векторлардың айырымы мен көбейтіндісі»
«Басбармақ», «Бағдаршам» бағалайды.
Орындарында отырып есептер шығарады, тақтаға жазып көрсетеді.
Сергіту сәті: «Шалқан» ертегісі
Қорытынды «Геометриялық диктант»
Векторларды қалай қосамыз?
Екі вектордың қосындысын қандай ережелермен табамыз (үшбұрыш, параллелограмм)
Қосындылары нөл векторды беретін векторлар қалай аталады? (қарама-қарсы векторлар)
Коллинеар векторлар қандай болып бөлінеді? Бағыттас, қарама-қарсы векторлар
Нөлдік векторлардың ұзындығы қалай болады? Нөлге тең.
«Он түйінді сөз»
Үйге тапсырма:
§23.векторларға амалдар қолдану
Кері байланыс Берілген сұрақтарға тез жауап жазады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша естіген он сөз айтады.
Кері байланыс парақшасын толтырады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий