ВАРИАТИВНЫЙ КОМПОНЕНТ СТАРШАЯ ГРУППА


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Мектепке даярлық тобына арналған «Ойлап отырып, ойна!» вариативті кешен бөліміне арналған әдістемелік нұсқау. Білім беру саласы: «Таным»Мақсаты: Ойын арқылы балалардың білімдерін, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ойын үстінде балаларды көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.сергіте, қуанта отырып , белсенді әрекетке жұмылдыру , ой-өрістерін , тіл байлығын дамыту.Балаларды сабырлыққа , ептілікке , шапшаңдыққа тәрбиелеу.  Кіріспе Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа блім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.   назарын аудару керек, өзіндік іс-әрекет жасағанда балаларға ұсынуға болатын көптеген ойындар бар,мысалы, санауға арналған дидактикалық ойындар: «лото», «дөңгелекке, сопақшаға т.б. не ұқсас» деген пішінді танып білуге арналған лото тектес ойындар.Құрылыс ойындарында пішінлерді еркін бағдарлай білуге, құрылыста ірі және ауыр бөлшектерді неғұрлым жеңілдерімен дұрыс сәйкестей білуге (ауыры мен ірілерін негіз етіп алу керек), оларды дәл атай білуге балаларды жаттықтыру керек.Ағашпен, металл конструктормен жұмыс істегенде балаларға көзмөлшерімен қажетті өлшемді детальдарды тандатып, планкалардағы тесіктерді санату керек. Техникалық суретті оқи білуге, оған қарап бір құрылысты дәл осындай етіп жасауға, ұстастыру тәсілдерін бағдарлауға үйрету керек.Балалардың шеберліктерін өмірде де пайдалану қажет: Балаларға «Үи» ойының оинау барысында заттардың орналасуы білімін жетілдіру керек, дастарқан жасағанда заттарды санату, оларды дұрыс қойғызу,(тәрелкенің оң жағына қасықты, пышақты, сол жағына шанышқыны, үстелдің ортасына нан салынған тәрелкені). Ойын өткiзуде - тәрбиешiнiң жұмыстарын қысқаша сөйлеу нұсқаумен пайдаланады, бейпiл сөздердiң балаларының тапсырмалардың орындауынан алаңдатпай. Ересек сөзсiз есте сақтау және түс, пiшiннiң атауларын дербес қолданудың балаларынан талап ету керек емес. Бұл қасиеттер бала тапсырманы белсене орындау үшiн маңызды ескере отырып, өйткенi жаттығу жұмысын процессте тап заттардың қасиеттерi туралы ұсыныстардың қорлануында болады.  Түсініктеме хат Жұмыстың мақсаты: математика оқу іс-әрекетінде ойын элементтерін пайдалану, балалардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Сол себепті бұл әдістемелік құратәрбиешілер қауымына көмекші ретінде ұсынылды. Мұнда тәжірибе негізінде жинақталған математика оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындардың мақсаттары, міндеттері, түрлері, құрастыру ережелері, қолдану әдістері келтірілген, кейбір ойындар мен ойын элементтері ендірілген сабақ үлгілері келтірілген.. Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Дидактикалық ойындарды құру принциптері Балалардың іс-әрекетіндегі ойын түрлері мен оқуды байланыстыру. Ойын тапсырмалары арқылы біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан оқу-тәрбие міндеттеріне көшу. Ойынның шарты мен ойын міндеттерінің біртіндеп күрделенуі. Берілген тапсырмаларды шешуде оқушының ақыл-ой белсенділігінің артуы. Оқу мен тәрбие міндеттерінің бірлігі. Дидактикалық ойындарды құру ережелері. 1. Ойын ережесі қарапайым, нақты тұжырымдалған болуы шарт. 2. Ұсынылған материалдың математикалық мазмұны оқушылардың түсінуіне жеңіл, қол жетімді болуы керек. 3. Ойын-ойлау әрекеті үшін қажеттілікті жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек. 4. Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар қолдануға қолайлы болуы тиіс, олай болмаса ойын тиісті нәтижесін бермейді. 5. Әр оқушы ойынның белсенді қатысушысы болу керек. Баланың ойынға кірісу кезегін ұзақ күтуі баланың ойынға деген қызығушылығын төмендетеді. 6. Егер сабақта бірнеше ойын жүргізілсе математикалық мазмұны жағынан оңайы мен күрделісікезектесе жүргізілуі тиіс. 7. Математика сабағында ойналатын ойындардың ойындық сипатының белгілі бір шегі болу керек. Бұл шектен асқан ойынды оқушы тек қана ойын деп қабылдауы мүмкін. 8. Оқушы ойын процесі кезінде өзінің ой қорытындысын математикалық жағынан сауатты түрде жеткізе алуы керек, қысқа, дұрыс, нақты тілде сөйлеу керек. Күтілетін нәтижелер: Жыл сонында ересектер тобына арналған «Ойлап отырып, ойна!» вариативті кешен бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:Қоршаған ортада көп зат пен бір затты табуды;Заттар тобын жанына қою және бірінің үстіне бірін қою әдіс- тәсілдерін қолдана отырып салыстыруды, заттың көлемі мен санына қарай салыстыру нәтижесән сөзбен жеткізуді;Көлеміне қарай екі затты салыстыруды, көлемін, ұзындығын, биіктігін сөзбен белгілеуді;Шеңберді,шаршыны,ұшбұрышты атауды;Жоғары, төмеңгі, сол жақта, оң жақта – сөздерін түсінуді;Тәуліктің қарама – қарсы бөліктерін анықтай білуі тиіс.  Қорыта келе: күн әлемді жарықпен жылумен нұрландырса, өз еліміздің мәртебесінің биіктеуіне біздің жас ұрпағымыз өз үлесін қосамын деп сенемін.1. Оқутудың қай түрін қолдансақ та ең бастысы – балаға деген сенім, баланың өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оған деген сенімді арттыру.3. Бұл айтылғандар жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқада талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжірибемізден анықтай беретінімізге сенемін. Ойымынды қорытындылай келе, түрлi қызметпен бөлiнбейтiн байланыста жүзеге асырылуы және баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндеймін. +++++ Қосымша:Санға қатысты мақал-мәтелдерЖүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. жеті атасын білмеген ұл жетесіз.Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер.Жігітке жеті өнер де аз. Қарғыс жеті атаға жетеді. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.  Айла алтау, ақыл жетеу. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.Тоғыз ат бір қазыққа байланбас, Тойған үйге тоғыз бар, Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды, Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді.Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулықЕкі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.Бір жылға қоян терісі де шыдайды. Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп.Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Шындық – сегіз, бақыт егіз, Ер- егіз, еңбек- жалғыз, Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз Құтты қонақ келсе, қой егіз табады Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .Қаз келсе, жаз келер,Қарға келсе, қатқақ келер. Шағала келмей жаз болмас,Шаңқан келмей, боз болмас.Сәуір болса күн күркірер,Қараша қауыс, кәрі-құртаңды тауыс.Жаз сайға қонба,Қыс қырға қонба.Жаңа айдан жақсылық.«Көктемде бір тойдым,Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты. Халық жұмбақтары.  Балдай тәтті,Мұздай қатты. ( балмұздақ)  Күндіз – түні сыртылдайды,Жүрісінен бір тынбайды. ( сағат)Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін-бірі көрмейді.(екі көз) Менің қалтам бос, бірақ бірдеңе бар. Ол не? (тесік)Үш еркек суға түсті,Екеуінің шашы ғана су болды. (үшіншісі таз)Инесі бар, тікпейді. (шырша)Өлген соң барып ұшады. (жапырақ)Қай жерде жүзіп үйренген дұрыс? (суда әрине)Таңғы ауа неге салқын? (өйткені ол түнімен далада болды)Ең ұзын ай қай ай? (Қырқүйек. Өйткені ол сегіз әріптен тұрады)Қандай ағаш өсуін тоқтатады? (Жаңа жылғы шырша)Кім әйнекті сындырамай көктеп өтеді? (Күннің сәулесі)Мені мен сенің арамызда не бар? («мен» шылауы бар)Қандай күбіге су құюға болмайды? (аузы мұрнынан шығып тұрған күбіге)Бір жалқаудан асқан жалқау бар ма? (Бар. Екі жалқау)   Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар. Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар: Қорапқа кірді біреуі, Соңынан кетті екеуі. Тығылды сонда нешеуі? Екі балапан тұр, Екі балалапан отыр. Шатаспай тез ойлансақ, Тура тауып атасақ, Тұрғаны бар, отырған – Барлығы қанша балапан? Төменде үш қаз ұшады, Үшеуі бұлтты құшады, Өзеннен көрдік екеуін. Айтқын, қаз нешеу екенін? Аулада жүр балалар: Самат, Арнат, Сашалар, Келді және оларға Сәуле, Шолпан ойнауға. (Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?) Келеді көп құс ұшып; Кептер, аққу, қос шымшық. Сауысқан, қарға, торғай да, Ұшып жүр осы тоғайда. Қанша құс бар қосып шық. Бір көжекке бір көжек Келе қалды қонаққа, Бес сәбізден бірден жеп, Тойып алды тамаққа. Айта қойшы алғырың Қанша сәбіз барлығы? Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі – қайың астынан. Біреуі – терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен – тышқан-шиқылдақ, Мен – қоян-желаяқ, Мен – түлкі-керіммін, Мен – қасқыр-серімін. Бәріміз тұратын көңілді, Қажетті сәулетті көр үйді! Үйге кірді Алдияр, Оған қоса Мадияр, Кейін келді Айдана, Қанша болды бар бала? Тиін отыр арбада, Жаңғақ сатып базарда. Түлкі бикеш пысыққа, Торғай менен шымшыққа Мақтап қойып жаңғағын, Салып берді алғанын: Жаулығына бірінің, Жемсауына бірінің, Табанына бірінің. Тауық шықты көшеге, Ерді барлық шөже де. Алға кетті 2-еуі, Артта қалды 1-еуі. Санай алмай барлығын Есі шықты тауықтың. Сен есепте, балақан, Қанша еді балапан? Әр қолына Нүриден Төрт өріктен бердім мен. Бала санай білмеді, Неше өрік ол жеді? Ұлпа жүнін қыздырып, Күн шуақта бір күшік, Отыр еді маңына, Келді тағы бір күшік. Қанша күшік барлығы?ъ Екі қонжық орманға Бара жатты қорбаңдап. Бірі олардың шаршады, Әрі қарай бармады. Жауабын тез айт, Қанша қонжық кетті алда? Үстел үстінде төрт алма жатыр, Оның біреуін ағам жеп қойды. Сонда неше алма қалды? (3) Келеді көп құс ұшып: Кептер, аққу, қос шымшық. Сауысқан, қарға, торғай да, Ұшып жүр осы тоғайда. Қанша құс бар қосып шық.  Дейді Күлтай: - Қуыршақтар, Ойыншықтар, тұршы қатар: Екі аю мен Буратино, - Әрі көңілді Чипполино! Көжек пенен пілтай да! Көмектесіп Күлтайға, Бәрін, қане қосып шық, Нешеу екен ойыншық?  Құралай тақтаға екі Үшбұрыш, бір шаршы, Тікбұрыш, шеңбер және Сопақша салды. Құралай Тақтаға қанша төртбұрыш салды?    Математикалық өлеңдер.(мәнерлеп оқу)Үш бала. Бір ауылда үш бала, Олар – құрдас: үш жаста. Бірақ, бірақ олардың, Қылықтары үш басқа. Біріншісі шыңқ етпе, Тиіп кетсе, жылайды. Екіншісі бір қоңыр, Ақыл айтсаң, тулайды. Үшіншісі – елгезек, Бәрімізге ұнайды. (Нұрхан Жанаев)  Топ, топ, добым. Топ, топ, добым домалақ, Қайда кеттің домалап. Бір, екі деп екі ұрдым, - Шатырға сен секірдің. Үш, төрт, бес деп үлгердім, Ішіне ендің гүлдердің. Алты, жеті дегенде, Жаттың шоршып еденде. Сегіз, тоғыз дегенде, Сайға сырғып жөнелдің. Топ, топ, добым домалақ. Қайда кеттің домалап. (Ғ. Өкеев) Сандардың айтысы. Достар мені «бір», - дейді, Қарайды да бүй дейді: Мұқтажсың қол, аяққа, Ұқсап тұрсың таяққа. Мен екімін балалар, Екі деген баға бар, Аз болған соң талабы, Үлгіре алмай қалады. Жаңғалақтың, жалқаудың, Алаңғасар аңқаудың, Алатыны екілік, Басын шайқап өкініп. Жазғын келсе мені егер,Дәптеріңе дұрыстап,Мойыным менің иілген,Аққу-қаздарға ұқсап. (екі)Секектейді ерке лақ,Қосылды оған тағы лақ,Ал, қанеки, ойлан да,Есептеші неше лақ?Бұтақта екі жапырақ,Біреуі ұшты қалықтап,Сонда неше жапырақБұтақта қалды, ойлан, тап!Бір торғай отыр бұтақтаБір-бірлеп оның жанына.Екі торғай қосылды,Ойланып көр қосуды.Бір алма берді анасы,“Аз” –деп тұрды баласы.Екеуін тағы беріп еді,Нешеу болды, ойланшы?Ойнақтайды даладаҚұйрығын шаншып үш құлын.Ұзап кетті екеуі,Қалды орнында нешеі?Солтүстік пен онтүстік,Батыс,шығыс,-төрт құбыла.Жылқы,түйе,қой,сиырДейді мұны төрт қазына. Қорада жүр төрт қоян:Біреуі-қара, қалғаны -ақ.Ақ қояндар қанша екен-Соны, өздерің,есепте,тап!Далада жүр үш түйе.Қосылды тағы бір түйе.Жалпы саны түйелердіңБолды неше есепте?Өзіңді өзің қинамайСана,жатта, балақай!Бір қолында бес саусақБесті білу-оп-оңай.Айманда болды үш алмұрт.Әселге берді бір алмұрт.Айманның қалды қолындаНеше алмұрт? ТЕЗ ОЙЛА!Бәйге шықты жануарлар.Алға шықты екеуі.Қосылды оған біреуі.Мәреге келді нешеуі? Бірім артық екіден, Аздығыма өкінем, Кедерлі аттай тұсалып, Жүр біреулер, «үш» алып.  Достар мені «төрт» дейді, Беске бірім жетпейді. Бірақ үшке ағамын, Жақсысымын бағаның.  Оқуға дос барғанда, Риза мені алғанға, Қуанады мамасы, Төрт алғанда баласы.  Жараспайды бір сарын, Өзің тап төрт мысалын, Ол үшін түрлі аңдарды, Еске түсір малдарды.  Әр қолда саусақ бес-бестен, Шықпас тегін ол естен, Біліп соның шамасын, Мысал ойлап табасың.  Гүлде бес күлте жапырақ, Өседі-ау шіркін жарқырап. Бесбұрыш алтын жұлдыздар, Тағады батыр ұл-қыздар.  Бір мен екі алмаңдар! Үшке алданып қалмаңдар! Кілең төрттік алғандар, Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков) Достар мені «төрт» дейді, Беске бірім жетпейді. Бірақ үшке ағамын, Жақсысымын бағаның.  Оқуға дос барғанда, Риза мені алғанға, Қуанады мамасы, Төрт алғанда баласы.  Жараспайды бір сарын, Өзің тап төрт мысалын, Ол үшін түрлі аңдарды, Еске түсір малдарды.  Әр қолда саусақ бес-бестен, Шықпас тегін ол естен, Біліп соның шамасын, Мысал ойлап табасың.  Гүлде бес күлте жапырақ, Өседі-ау шіркін жарқырап. Бесбұрыш алтын жұлдыздар, Тағады батыр ұл-қыздар.  Бір мен екі алмаңдар! Үшке алданып қалмаңдар! Кілең төрттік алғандар, Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)  Үш бала. Бір ауылда үш бала, Олар – құрдас: үш жаста. Бірақ, бірақ олардың, Қылықтары үш басқа. Біріншісі шыңқ етпе, Тиіп кетсе, жылайды. Екіншісі бір қоңыр, Ақыл айтсаң, тулайды. Үшіншісі – елгезек, Бәрімізге ұнайды. (Нұрхан Жанаев)  Дидактикалық ойындар «Үйдің есігін жабайық» Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. «Үй құрылысының ретін көрсет» Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну. «Бет орамалға лайық жамауларды табу» Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер. Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну. №7. «Жұбын тап» Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері. Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.   №8. «Әдемі кілемшелер» Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.   «Қандай пішін шықты?» Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу. Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты? №16. «Біркелкі пішіндерді сана» Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана) Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау. №17. «Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер. Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр. №18. «Қандай пішін жетіспейді?» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу) Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады. №19. «Пішіндерді боя» Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету. 2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды. Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар№20. «Сиқырлы суреттер» Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.   №21. «Сиқырлы қапшық» Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. №22. «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. №23. «Зейінді бол» Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді. №24. «Ұзын-қысқа» Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар. Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру. №25. «Шамдар» Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту. Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады. №26. «Қолымда не бар? Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар. Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. №27. «Қуыршақ қонаққа дайындалуда» Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар. Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.   №28. «Тапсырманы орында» Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. №29. «Қай қолымда көп» Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер. Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады. №30. «Сипаттамасы бойынша тап» Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту. Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы. Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.   Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар №34. «Кеңістік» Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.  №35. «Жоғарыда-төменде» Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. №51. «Заттарды сана» Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту. Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар. Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау. №52. «Дыбыс арқылы санды тап» Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау. Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар. Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді. №64. «Керісінше айт» Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. Көрнекілік: доп Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді. Құрастыру ойыншықтарыменойналатын ойындар.№70. «Сандықтарды жина » ойыны Дидактикалық міндеті. Балаларды заттардың көлеміне сәйкес салыстыра білуге баулу. «Үлкен» және «Кішкене» сөздерінің мағынасын түсіндіру. Тәрбиеші балаларға үлкен сандықты көрсетіп, оның түсін, оюына назар аудартады . Сандықты сілкіп, оның ішінде бір нәрсе барына, салдырлаған дыбысына назар аудартады. Сандықты ашып, балаларға оның ішіндегі кішкене сандықты көрсетеді. Балалар аса қызығушылықпен қарайды . Кішкене сандықты алып, үлкен сандықтың қасына қояды . Балалар өздері салыстырады . Тәрбиеші үлкен сандықты ашып, ішіне кішкене сандықты салады да, балалардың біреуіне сандықты жапқызады . Сандықтың аузын жапқан соң, неше сандық тұр , түсі , көлемі қандай деген сұрақтарға жауап алады. Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады . Үлкен сандықты ашып, ішіне кішкене сандықты алуды тапсырады. Балалар үлкен сандықты және кішкене сандықты қатар қойып , аузын жабады . Содан соң үлкен сандықты көрсетеді, оның түсін, көлемін сұрайды . Неше сандық тұрғанын айтқызады. Балалар өздері салыстырып, кішкене сандықты қайтадан үлкен сандықтың ішіне салып жинайды . Балалар ойынның соңына қарай тапсырманы өздері толығымен шешуге тырысады. Балалар өз беттерімен ойнағанда, олардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тәрбиеші дағды мен біліктің қалыптасуына назар аударады. Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. №73. «Қақпа құрастыру» ойыны Дидактикалық міндеті: Балаларға құрылыс материалдарымен жұмыс істеуге , кірпішті қақпа пішініне сәйкес орналастыра білуге үйрету. Тәрбиеші үш үлкен кірпішті алып, жеке-жеке балаларға көрсетіп, жауап алады . Кірпіштің пішіні мен түсін сұрайды. Ойыншық машинаны көрсетіп, осы машина өтетіндей қақпа жасау керегін айтады. Үлгіні тәрбиеші өзі жасайды. Екі кірпішті тігінен қойып, үстін үшінші кірпішпен жабады. Міне, қақпа даяр болды. Осы қақпадан ойыншық машинаны ары-бері бірнеше рет өткізеді. Машина қақпадан еркін өтуі тиіс. Тәрбиеші үлгісінен соң, балардың өздері сондай қақпа жасап, одан машинаны өткізіп ойнауға ынтасы артады . Балаларға , жеке жұмысқа, дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады. Өз беттерімен жұмыс істейді. Олар екі кірпішті паралель қоюға қиналады. Ара қашықтықты дәл қоя алмайды. Балаларға көмек беруге асықпау қажет. Бірнеше рет өздері қойып, үлгілі қарап, соңында қақпаны жасап шығады. Жасап болған балалар машинасымен қақпадан ары-бері өтіп ойнайды. Қақпаны бұзбай ойнауы қадағаланады . Егер балалар машинамен кішкене құрылыс материалдарын тасып ойнауға ынта білдірсе, тәрбиеші оны қанағаттандырады. Қиналған кейбір балаларға тәрбиеші өзі көмектеседі. Негізінен балалар ойынды толық меңгергенше жүргізген дұрыс .  №74. «Үй құрастыру» ойыны . Дидактикалық міндеті Үйдің төбесін жаңа элемент – үшбұрышты призмамен жабуды меңгерту . Есік , терезе , шатыр сөздерін естерінде сақтау. Үш-төрт кірпіш пен үшбұрышты призманы көрсетіп, таныс емес элнменттермен таныстыру. Балалардан үйді кімдер тұрғызатынын сұрау. Әркім өзінің кімге салатынын айтады. Тәрбиеші үлгі көрсетеді, екі кірпішті тігінен қойып, үстінен үщбұрышты призмамен жауып, үшінші кірпішпен қабырғасын жабады әрі терезесі болады. Төртінші кірпішті балалар егер өздері қолданғысы келсе, қабырға етіп қояды. Әйтпесе үш кірпіш жеткілікті. Онан соң ол үйге қуыршақ «атаны», «әжені» т.б. әкеліп отырғызады. Оларды терезеден қарап отырғандай етіп орналастырады . Балаларға үйлестірмелі материалдар таратылады . Үш кірпіш пен бір үшбұрышты призма , ал үйге кіргізетін ойыншықты балалар өздері қалап алады . Балалар өз беттерімен үй жасайды. Алдында қақпа жасағандықтан, балалар үй жасауда онша қиналмайды. Әр баланың үй жасауда қандай құрылыс материалдары пайдаланатыны сұралады. Үйді кімге арнап салатынын айтқызады. Балалар үйлерді салып болған соң, бір-біріне қонаққа барып, ойынды өздері жалғастырады . Бірінің үйіне бірі өз ойыншықтарын кіргізіп ойнайды . Кейбір балалардың өтініштері бойынша , төртінші кірпіш беріліп , одан есік жасайды . Әр баладан үйдің құрылысы , қабырғасы , есігі , терезесі , шатыры жеке-жеке сұралады . Оның қандай пішіндерден жасалғанын әрі түсін сұрайды . Жұмыс аяқталған соң балаларға тағы да материалдар беріледі . Олардың өз беттерімен ойнауына мүмкіндік жасау керек. Әрине бұл кезде құрылыс ережесі бұзылады . Әр бала өз шығармашылығымен ойлайды , бұл ойын ойлау қабілетін дамытады. Бала қалай ойнаса да , қандай жұмыс істесе де тәрбиеші назарынан тыс болмауы керек. Тақпақтар мен тапсырма орындау(1 – ден 3 саны)А) Үлкен, кіші жақшадан Б) Бір торғай отыр бұтақта Мен, балақай, жаралғам Бір – бірлеп оның жанына. Бір мен екі сандардан Екі торғай қосылды, Кейін келем ұғып ал!   Ойланып көр қосуды.Мен тиіннің үйінен, Орманда кірпі келеді,Екі ұсақ жаңғақ таптым. Саңырауқұлақтар тапты ол.Міне, тағы біреу жатыр, Екеуі – қайын түбінде,Мұктеп беті жабылған, Біреуі – Терек түбінде,Қане, тиін, үй иесі Біреуі – себет ішінде,Санап жібер жаңғақты. Барлығы қанша боладыТоқылған себет ішінде. Бір – Таңертең түр. «Еріншектің аптасы»Екі – Шынығып бекі. Дүйсенбіде – доп тептім,Үш – Тазала тіс. Сейсенбіде – сурет салдым,Төрт – Сабындап жу бет. Сәрсенбіде – саябақта қыдырдым, Бейсенбіде – хоккей ойнап, Жұмада – аз оқып, Сенбіде – мысығыммен жүгірдім. Жексенбіде – демалып, Өте қатты шаршадым.МЕНІҢ ОТБАСЫМ Е.ЕлубаевБір үйде біз нешеуміз?Кел санайық екеуміз.Бас бармағым - атам,Балаң үйрек – апам,Ортаң терек – ағам,Шылдыр шүмек – мен,Титтей бөбек – сен,   Менің туған ауылым.ТерекҚатар- қатар, көк терек,Көкке бойлап өседі.Жапырағы көкпеңбек,Сәнге бөлер көшені. ЕменБілуші едім еменді,Ең мықты ағаш дегенді.Жапырағы жайылған,Саясы бар көлемді. Н.Әлімқұлов «Ақ қайың»Алатауды бөктерлей,Өседі ылғи ақ қайың,Жапырағы көкпеңбек,Жайқалады жаз сайын М.Әлімбаев «Қарағай»Көкке бойын созады,Көпке қолын созады.Кең құшағын ашады,Көлеңкесін тосады.Көк қарағай, қарағай,Мейірманды анадай.  БАҒДАРШАМӘ.ТабылдиевҚызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем баспа алға.Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға,Жасыл көзін ашқанда,Өте бергін жасқанба. «Қазанның қақпағын дұрыс жап» ойыны . Дидактикалық міндеті . Қазанның әртүрлі пішініне , көлеміне сәйкес қақпақты дұрыс жаба білуді меңгеру . Тәрбиеші балаларға әртүрлі пішіндегі , қазандар мен қақпақтарды салыстыра отырып , оның пішіні неге ұқсайтынын қазанның аузы дөңгелек , қақпақта дөңгелек екенін айтқызады . Онан соң көлеміне тоқталады . Үлкен қазан , кішкене қазан . Үлкен қазанға үлкен қақпақ жабу керек, ал кішкене қазанға кішкене қақпақ жабу керек. Балаларды жеке-жеке шақырып , өздері қалған қазанды алғызып , оның қақпағын дұрыс жабуға тапсырма береді. Егер балада көлем туралы жақсы қалыптасса ол қателеспейді. Сондай-ақ бұл ойында шелектің, шәйнектің қақпақтарын жаып ойнауға жағдай жасау арқылы ойынды түрлендіру қажет. Сонымен бірге қазан, қақпақ, шелек, шәйнек деген сөздерді баланың есте сақтауына назар аудару керек «Ауадағы шарлар» Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, алты түспен( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) таныстыру көзделеді. Көрнекі құралдар: Фланелеграф, қағаздан немесе картоннан жасалған алты түсті дөңгелектер 12х3 алынады.Жүру барысы: Ақ қағазға алты түсті жіңішке жолақшалар желімделген соң түстеріне сәйкес келетін дөңгелектер жапсырылады. Тәрбиеші:- Балалар бізде түрлі - түсті ауа шарлары бар және жіптері де сондай түсті. Қазір ол шарлар фланелеграф тақтайшасында әр түрлі қашықтықта пайда болады деп, ескертіп, түсін айта отырып, тігінен, орналастырамыз. Ал, енді қазір осы жіптерге бірден шар байлаймыз. Бір шарды алып, сондай түсті жіпке бастыра қояды. Осыдан кейін 2 - 3 бала кезекпен шарларды байлайды. Егер бала түсті табуға қиналса тәрбиеші көмекке келеді.  мысық тышқандарды ұстап алады. Тақтаға үш баланы шақырып, терезелерді жабуын сұрайды.Егер қателескені болса кері шақырып дұрыстатқызады. Осы кезде мысық шығады. Таба алмаған соң кетіп қалады. «Сыңарын тап» Мақсаты: Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр - түсіне, көлеміне, пішініне және ою - өрнегіне байланысты сыңарын таба білуге. Ер адамдар мен әйел адамдар киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар аудару, ұлттық ою - өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.Көрнекіліктер: Түстері бірдей, ою - өрнек элементтерінде айырмашылықтары бар. Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады.Ойын ережесі: Педагог балалармен ұлттық ою - өрнек түрлерін көрсетіп, атын таныстырады. Берілген аяқ киімдердің бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға көмектеседі. Тапсырма беріледі.Ойынға басшылық:Педагог алдындағы қораптағы ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп, балалардан сұрайды. Мысалы: етік, мәсі, кебіс, саптама. Осылардың ішінен әйелдер киетін аяқ киімді бөлек қоюды ұсынады. Қолына алған аяқ киім сыңарын іздейді. Егер сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды  Заттардың түсін ажыратайық»Мақсаты:Заттың түсін ажырата білуге балаларды жаттықтыру;өз - ара бір - біріне жақын түстерді ажырата білуге: қызыл - сарғыш, қызыл - ашық қызыл, ашық қызыл - сия көк түс, көк - көгілдір.Ойын құралдары: Түстері өз - ара жақын екі зат бейнеленген суреттер: қызанақ пен сәбіз, роза гүлі мен түймедақ. Бір сурет бейнесі тұтас жапсырылған да, екінші жанындағы сурет бейнесінің пішіні ойылған. Ойылған беті қалташа етіп жасалған.Ол қалташаға төртбұрышты түсті қағаздар салынады.Балалардың түстерді игеруімен қатар зат есім мен сын есімдібайланыстыра сөйлеуі, сөйлемде жұрнақ қосып айтуықарастырылады Мыс: көгілдір гүл, қызанақ қызыл, ал сәбіз сарғыш. «Футболшылар»Мақсаты: Балалардың негізгі және қосымша түстерді айыра білуге үйрету. Түстерді топтай білуге. Ашық және қою түстерді қолдануда сөздіктерді орнымен қолдана білу.Ойын құралдары: Дене бөлігі ойылған, 5 футболшы бейнеленген, 2 ұзын қаты қағаздан жасалған конверт. Бірінші команда ақ, екінші команда қара төменгі киімде. 5 - ашық түс, 5 - қою түстегі тіктөртбұрышты түсті картондар.Ойын барысы:Педагог тақтаға футболшылар бейнеленген 2 конвертті қояды. Ал жанына түрлі - түсті тіктөртбұрыштарды шашыраңқы етіп жаяды. Әңгімелеу: « Сендердің алдарыңда екі футбол тобы тұр. Сол жақтағы топ «Күншуақ» тобы, ал оң жақтағы топ « Найзағай» тобы. Оларды неге бұлай атағаны сол: «Күншуақ» тобы үнемі ашық түсті киім киеді де ал «Найзағай» тобы қою түсті киім киеді.Бүгін киімдері ретсіз шашылып жатқасын олар өз киімдерін таба алмай отыр. Қане бәріміз бұл футболшыларға киімдерін таңдауға көмектесейік. Педагог алдын ала ойынды өзі ойнап көрсетеді. Тақтаға екі бала шақырылып қандай топты киіндірілетіні сұралады. «Қандай түстер қолданылған?» Мақсаты: Бір түстің 2 реңкін ажырата білуге, түс реңктерін бейнелеп айтудағы сөзді сөйлем ортасына қолдана білуге жаттықтыру: күрең қызыл, ашық сары, ашық сарғыш.Құралдар:5 түстен құралып жапсырылған әтеш бейнесі.( ол қызыл, сарғыш,, көк, қоңыр, және сары түс) Әр бір түс екі реңктен бейнелеп көрсетілген. Суреттің төменгі жағында 10 шаршы сызылып, бөлінген. 10 түрлі түсті шаршылар.Ойын барысы:Педагог бұл әтешті жапсырып жатқанда 5 түсті қолданғанын, ал 5 түстің қосымша реңктерін де пайдаланғанын айтады. Балалар сол түстің реңкімен бірге шаршылар арасынан тауып бірге ұяшыққа қоюы тапсырылады.( Мыс: әтештің айдары мен сақалы қызыл ал, етігі күрең қызыл – дейді. Бала осы екі аталған түстердегі шаршыларды алып бейненің астындағы шаршыға орналастырады. «Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық»Мақсаты: Негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде қолдана білуге жаттықтыру. Ойын құралдары: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,Ойын барысы:Педагог балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшінҚуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдердітаңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.  Педагог балаларға екі құмыраға гүл шоқтарын құрастыруларын сұрайды. 1 ші құмыраға жылы - отқа ұқсас түстерден:, ал 2 ші құмыраға суық - аспан, су, мұз түстес түстерден гүлдерді жинау сұралады. Тақтаға 4 бала шақырылады. Балалар екі топқа бөлініп, құмырадағы гүл шоғын құрастырып болғасын өз гүл шоқтары жайлы сөйлем құрайды. Мыс:» Мен сары, сарғыш, қызыл түстерден гүл шоғын құрастырдым» «Суретші қай жыл мезгілін салды?»«Сайқымазақтарды киіндір»Мақсаты: түстер туралы алған білімдерін тиянақтау.Ойын құралдары:1. Спектр түстері бейнеленген дөңгелек қатты қағаз. Дөңгелектің ортасында қозғалмалы сағат тілдерімен, ақ түсті киімдегі билеп тұрған кейіптегі сайқымазақтар суреті орналасқан.2. 2 - 2 ден жартыға қиылған сайқымазақ киімдерінің қиындылары. Астыңғы бөлігінде жапсырма қағаздары орнатылған болуы керек.Ойын барысы:Педагог балаларға спектр түстері, олардың орналасу тәртібі жайлытүсінік береді. Сарғыш түстен кейін сары, одан кейін жасыл, көгілдір, көк, сия көк, қызыл түс. Сағат тіліне қарсы тұрған түсті алып 2 түстерді атап, сайқымазақтардың киімін киіндіреміз. Түстерді атап сөйлем құрастыра білуіміз керек. Сайқымазақтарды киіндіріп болғаннан кейін, олардың түстерінің ерекше қанық, айқын екендігіне назар аударады. «Шыршаны безендір»Мақсаты: Түстердің реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету.Құрал - жабдықтар: Көлемі 30х50 планшет, түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған шырша және шырша ойыншықтары.Ойынға басшылық: Балаларға шырша ойыншықтарының қиылған пішіндері үлестіріледі. Мольбертке қиылған шырша бейнесі ілінеді. Педагог:- Балалар, жақында балабақшада шырша мерекесі аталып өтті, барлығы көңілді болды. Әдемі ойыншықтар мен безендірілген шырша жанында өлең айттық, би биледік, аяз атадан сыйлық алдық. Аяз аталарыңа барлығы да ұнапты. Ол кетер алдында мына кішкентай шырша мен ойыншықтарды сендерге тастап кетті.Қане, мына шыршаны сол ойыншықтар мен безендірейік. Мен кез келген түсті айтамын кімде сол түс болса ойыншығын шыршаға іледі. Ең бірінші қызыл түсті ойыншықтарды ілеміз. Қызыл түсті ойыншықтары бар балалар ойыншықтарын іле бастайды. Қалған балалар достарының қателігін түзейді. Осыдан кейін сарғыш, көк, жасыл т. с. с түстерді атайды.  П І Ш І Н Д Е Р«Пішіндер қандай болады?»Дидактикалық мақсаты: балаларды дөңгелек және шаршы пішіндерімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді зерттей білуге / саусақпен шеттерін сипап айналдырып шығу, атын атау/ Құрал - жабдықтар: Қуыршақ. Көрнекі жабдық: қатты қағаздан жасалған үлкен дөңгелек және шаршы пішіндері.Таратуға арналған жабдықтар: әр балаға 3 тен әр түсті дөңгелек және шаршы пішіндер беріледі. Ойынға басшылық:Тәрбиеші балаларға қонаққа Құралай атты қуыршақ келгендігін, оның қолында себет бар екендігін айтады.- Қане, себетте не бар екен? Тәрбиеші себеттен қалташаларды алып ішіндегі қызыл және көк дөңгелек пен шаршыларды шығарады.- Ой, балалар қараңдаршы қуыршақ бізге түрлі - түсті пішіндер ала келіпті. Мынау дөңгелек. Мен саусағыммен былай сипап ұстап шығамын. Енді маған Досан келіп қуыршаққа дөңгелекті саусақпен қалай айналдырып шығатындығын көрсетеді. Ал, қазір ауада саусақтың ұшымен дөңгелектің суретін салып көрсетейік.- Ал, мына пішін шаршы – деп аталады. Мен шаршының шетін де саусақпен айналдырып, сипап шығамын. Менің саусақтарым тіке жылжып барып шаршының бұрышына келгенде тоқтайды. Тоқтап барып бұрыштан бұрылады. Тағыда жылжып, барып, бұрыштан бұрылады. Енді бәріміз де ауада шаршының суретін салып көрсетеміз. Әрі қарай қатты қағаздан қиылған пішіндерді көрсетіп қайталатады. Барлық балаға қалташалардағы дөңгелек және шаршы пішіндерді екі қатарға қоюлары сұралады. Көмек сұраған балаларғаТәрбиеші көмекке келеді. «Пішіндерді тап»Дидактикалық мақсаты:Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Көрсетілген үгіге қарай отырып пішіндерді таңдауға үйрету. Саусақпен пішін шетін жүргізу және беттестіру арқылы геометриялық пішіндерді зерттеуді бекіту.Жабдықтар:Көрнекіліктер: қатты қағаздан қиылған дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш.Таратуға арналған құралдар. 5 геометриялық пішіндер жинағы.Ойынға басшылықТәрбиеші дөңгелектің шетін саусақпен ұстап көрсетіп балалардан былай деп, сұрайды.-«Мына пішінді қалай деп атаймыз?Сопақша пішінді де саусақпен шеттерін сипап көрсете былай деп сұрайды?- Ал, мына пішін қалай деп аталады? Басқада пішіндерді қайталап сұрап шығады. Содан кейін барып тапсырма беріледі. Балалардың алдында дәл осындай пішіндер жатады. Алдарындағы жолақтағы пішіндердің үстіне қолдарындағы пішіндерді апарып беттестіп анықтаулары сұралады. «Геометрилық пішінге ұқсас заттарды тап»Дидактикалық мақсаты: геометриялық пішіндер мен заттардың ұқсатығын таба білуге үйрету.Жабдықтар: геометриялық пішіндер дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша және 3 - 4 осы пішіндерге ұқсас заттар. Шығыршық.Ойынға басшылық:Балалар орындыққа жартылай шеңбер болып отырады. Ортада 2 үстел қойылып, оның біріншісіне геометриялық пішіндер ал, екіншісіне ұқсас заттар қойылады. Тәрбиеші мына пішіндерді мен көрсетіп, шығыршықты біреуіңе домалатамын. Шығыршықты ұстаған бала мына үстелдегі заттар арасынан осы пішінге ұқсас затты тауып береді. Табылған зат жоғары көтеріліп, қол шапалақталады. «Қапшықта не жатыр?»Мақсаты: Балалардың зат пен пішіндер арасындағы ұқсастықты айра білу туралы білімдерін бекіту.Құрал - жабдықтар: геометриялық пішіндер жинағы.; әр түрлі пішіндегі ойыншықтар: ағаш шарлар, жұмыртқа,, бочкалар, доптар,, шырша бүрлері,, жидектер,, жемістер,, көкөністер,/ дөңгелек және сопақша пішіндегі/, ілгектер / шаршы және дөңгелек пішіндегі/Ойынға басшылық:Балалар жартылай шеңбер болып тәрбиеші алдында отырады. Үстелдің бір шетіне геометриялық пішіндер қойылады.. Қапшық тәрбиеші қолында болады. Балалар қапшық ішіндегі заттарды біртіндеп алып., атап, пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсас екендігін айтады. Қиналған балаларға педагог тың өзі көмек береді.- Мынау жұмыртқа ол сопақша пішінді. Ойын аяғына дейін ойналады. КӨЛЕМ«Үш шаршы»Дидактикалық мақсаты: « үлкен», «кішкентай», « орташа», «ең үлкен», «ең кішкентай», «кішірек» сөздерін қолдана отырып, 3 заттың көлемін салыстырмалы түрде ажырата білу.Жабдықтар: Тақта. Көлемдері 3 түрлі шаршылар./ балаларға да осындай таратуға арналған жабдықтар/Ойынға басшылық: Тәрбиеші балаларға өзінің қолындағы шаршы пішінінің бар екендігін көрсетеді.- Балалар менің қолымда 3 түрлі шаршы бар.- Үлкен шаршы.- Орташа шаршы.- Кіші шаршы. Енді сендер маған өз қолдарыңдағы шаршыларды көрсетіңдер. Ең алдымен үлкен шаршыны көрсетіңдерші. Содан кейін орташа шаршыны көрсетіңдер. Барлық пішіндерді атап болғаннан кейін балаларға шаршылардан мұнара құрастырулары сұралады. Мұнараны қалай қандай пішіндерден бастап құрастыруларын өзі көрсетеді./ ең үлкені төменде, орташасы ортасында, кішісі ең жоғарыға қойылады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий