В дыбысы. ?лтты? ойындар туралы не білемін


Сауат ашу пәні бойынша ашық сабақ
Оқу ісінің меңгерушісі:.....................................
Мектеп:
Күні:23/02/17 Мұғалімнің аты-жөні :
Сынып: 1Б
Пән: сауат ашу Қатысқандар:17
Қатыспағандар саны:
Сабақтақырыбы
6-бөлім «Cалт дәстүр және ауыз әдебиеті»
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді
1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.1.4.1, Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
Сабақмақсаттары Барлығы: Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі.
Көпшілігі: Аудио, видеожазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді.
Кейбірі: Ұлттық ойын туралы мағұлматты көп біледі
Жетістік критерилері ұлттық ойын түрлерімен танысады,в әрпі, дыбысымен танысады
Сөздік қор ұлттық ойын, ат жарысы
Құндылықтардыдарыту Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту,оқушылардың дүниетанымын дамыту
Пәнаралық байланыстар Дүниетану,математика,көркем еңбек
Алдыңғы меңгерілген білім
Кейіпкерлерді сипаттау туралы мағұлмат тану
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
Үлкенге  де  «Сіз»
Кішіге  де «Сіз»
Баршаңызды  құрметтеп
Бас  иеміз  «біз»
Шаттық шеңбері
Мұғалім сұрағы Оқушы жауабы
-Әрбір адам? Досым,сыныптасым
-Әрбір сабақ? Үйрену,оқу,іздену
-Әрбір ісің? Тірлік, тірек,адамдық
-Әр сөзің? Шындық,бірлік адалдық
Олай болса айтылған жанға жағымды сөзімізді есте сақтай отырып, жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
ОМ анықтап алу
Бүгін сабақта ұлттық ойын түрлері туралы білеміз.В дыбысымен танысамыз.Иллюстрациялай отырып , мәтін құрау жұмыстарын топпен бірлесе отырып жасаймыз. Сабақ ортасы
30мин 1.Қызығушылықты ояту
«Мен –саған, сен-маған» ойыны
-Балалар сауат ашу пәнінен үйреніп, білгенімізді еске түсіру мақсатында «Мен –саған, сен- маған» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Мен сұрақ қойып допты лақтырамын, допты қағып алған бала сұраққа жауап беріп ,допты маған лақтырады. Осылайша сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекітеміз.
1.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
--42 әріп
2.Дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты айтамыз, естиміз
3.Әріп деп нені айтады?
-Әріпті көреміз,жазамыз
4.Дыбыстың неше түрі бар?
-2 түрі
5.Қандай дыбыстарға бөлінеді?
--Дауысты, дауыссыз дыбыс
6.Дауысты дыбыс қалай айтылады?
----Кедергісіз, созылып айтылады
7.Дауысты дыбыстың түрлерін ата
Жуан және жіңішке дыбыстар
8.Дауыссыз дыбыстың түрлер?
Қатаң,ұяң, үнді дыбыстар
9.Буындар қандай дыбыс әсерінен бөлінеді?
-Дауысты дыбыстың санына байланысты
2. Мағынаны тану «Танып біл» айдары
-Балалар біз бүгін теледидардан «Ұлттық ойын » бағдарламасын тамашалаймыз.Бұл бағдарламаның негізгі қонағы бар.Қонағымыздың кім екенін білу үшін алдымызда тұрған суретті құрастырып,берілген әріптерге назар аударамыз.( Әр топқа берілетін әріптер В , Я, Б, С, Д, Һ,Ж,Т.)
Қандай әріп көкпен жазылған?
-В в
--Бүгінгі сабақта В дыбысымен танысамыз және ұлттық ойындар туралы білетін боламыз.
В дыбысы дауыссыз, ұяң дыбыс. Сөздің басында. ортасында кездеседі.Орыс тілді алфавиттен енген дыбыс.
Сұрақ:В дыбысының баспа түріне назар аударайық. Қандай санмен бейнеленген.
Балалар жауабы:13 санына ұқсайды.
Сұрақ : 13 санын сан құрамына жіктейік.
1 ондық пен 3 бірліктен тұрады.
Балалар теледидарға назар аударайық.
«Ұлттық ойындар» бейне материалды көрсету Ұлттық ойындар туралы мағұлмат айтып өту.
Бұл қандай ойын?
Ат жарысы немесе бәйге
Бұл ұлттық ойынның бірі.
Ұлттық ойынның түрлері:ат жарысы,көкпар тарту, теңге ілу, қыз қуу
3.«Анықтайық» бөлімі
Кітаппен жұмыс
1 тапсырма Берілген сөзді оқу
Сұрақ. Ат жарысына қай көлікпен барар едің? Неліктен?
( Әр топ мүшелері өзара келісіп, суретті көрсету арқылы көлікті таңдап, дәлелдеп айтады)
Топпен жұмыс. Әр топтан 1 оқушы мәтінді оқиды.Ұлттық ойындар көрсетілген суретті пайдаланып әңгіме құрау.
Сергіту сәті
Қара жорға биі
4.«Әдемі жазайық » бөлімі
Жұмыс дәптерімен жазу жұмысы жүргізіледі.
Жұппен жұмыс «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
Кіт..п, көрм.. , к..фе, ферм.., қо..н, Са..н, жап..р..қ, қаһ..рм..н
Доп дыбыстар жазылған парақтар
презентация
Қима қағаздар кеспе буындар
Бейне материал
Оқулық
Жұмыс дәптері
Бейнебаян
Сюжетті суреттер
Сабақтың соңы
5мин 5. «Білесің бе?» айдары
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 топ: В дыбысы бар сөздерді топтау
2 топ: В дыбыс бар сөздерді буынға бөлу
3 топ: Сөздерге дыбыстық талдау жасау
4 топ: Шашылған буыннан сөз құрау
6.«Ой толғау » айдары Рефлексия
Осы сабақта қандай жетістікке, табысқа жеткендеріңді мына «Жетістік баспалдағы»арқылы көрсетесіңдер.Стикерге атымызды жазып, жапсырамыз. Өзіңді бағалауда шынайы,адал болғандарың жөн. Топтық жұмысқа маркер,А4 қағазы , кеспе буындар
Табыс баспалдағы
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Дескриптор:
Ұлттық ойын туралы білді-1
Ұлттық ойынның түрлерімен танысты-1
В дыбысын таныды-1
Өз бетімен жұмысты орындайды-1
Сөздерді оқи біледі-1
Мәтінді оқиды-1
Сұраққа жауап бере алды-1
Топпен жұмысты қорғай біледі-1
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу
Ұлттық ойын түрлері туралы айтуда қиналған оқушыларға жеке қолдау көрсету.
Сынып оқушыларынан сабақ соңындағы көңіл-күйін «Бармақ» арқылы көрсету ұсынылады. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Приложенные файлы


Добавить комментарий