Урок (жазы? фигураларды? модельдері)


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Жазық фигуралардың модельдері (2) Мектеп:
Күні : Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: Ресурстар: Жазық фигура модельдерін жасау және олардан композиция құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың логикалық және көрнекілік арқылы образды ойлауын, жазық фи-гуралардың модельдерін жасату арқылы зейіндері мен ұсақ моторикаларын дамыту.
Тірек сөздер түрлі түсті жұмсақ немесе қатты қағаз;
желім;
әрбір оқушыға берілетін қайшы;
әрбір жазық фигураның пішініне сәйкес кеңістік геометриялық фигуралар топтамасы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигура модельдерін қию және аппликация жасау әдістерін меңгереді. Аппли-кацияны қолдана отырып, қағаздан жасалған жазық фигура модельдерінен әртүрлі композициялар жасауды, үшбұрышты, шаршыны алуды үйренеді.
Сабақтағы іс-әрекеттер жазық фигуралардың ерекшеліктерін ескере отырып, композициялар құрастыру арқылы олардың пішіндерін тани білуге, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.
Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелерОқушыларға жазық фигуралардан жасалған “қоянның” аппликациясын көрсетіңіз және мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Бұл ненің суреті? Оны қайдан білдіңдер?
— Сурет қандай фигуралардан тұрады?
— Сурет неше фигурадан тұратынын сана.
— Бұлар қандай фигуралар?
Оқушылардан осыған ұқсас аппликациялар жа-сау туралы не ойлайтынын және өздерінің жасап үйренгілері келетін аппликациялары туралы сұрап біліңіз.
Сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралар мен олардың композицияларын жасап үйренетіндері туралы хабарлаңыз.
Оқушылармен кеңістік фигураларын қолдана отырып, жазық фигураларды жасаудың ретін қай-талаңыз:
кеңістік фигуралары топтамасынан бір фигураны таңдау; мысалы: текше;
фигураны түрлі түсті қағазға, не қатты қағазға бастырып сызу;
салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу.
Жазық фигураларды қию арқылы бұйымды жа-саудың әртүрлі әдістері туралы айтып, оқушылар-дың ой-өрісін кеңейтіңіз.
Шаршыны бір диагоналі бойынша бүктеп, екі үшбұрыш алуды және екі диагоналі бойынша бүктеп, төрт үшбұрыш алуды жасап көрсетіңіз. Оларға шаршыны басқаша бүктеу арқылы екі тіктөртбұрыш алуға болатынын көрсетуіңізге болады. Осы тәсілмен тіктөртбұрыштан екі шаршы бүктеп алуға болатынын айтыңыз.
Оқушыларға қиып алынған фигуралардан әртүрлі композиция құрастыруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындамас бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде ескертіңіз.
Қиюдың ең оңай түрлерінен бастаңыз:
1-қадам. Екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы: екі үшбұрыштан шаршы жасау.
2-қадам. Қарапайым фигуралар құрастыру. Мысалы: шырша, үй, кәмпит, саңырауқұлақ, бант т.с.с.;
3-қадам. Жазық фигуралардан мазмұнды (сю-жетті) композицияларды құрастыру.
Оқушыларға қиып алынған фигураларды бір бет қағазға орналастыруды ұсыныңыз. Дайын ком-позицияларды қатты қағазға желімдетіңіз. Бұл оқушылардың сабақта жасаған жұмыстарының нә-тижесін сақтауға көмектеседі. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау үрдістерін бақылаңыз, көмек қажет ететін оқушыларға көмектесіңіз.
Фигуралардан құрастырылған жан-жануар-лар. Оқушыларға жануарлар аппликациясы қандай жазық фигуралардан құрастырылғанын анықтауды ұсыныңыз. Мына сұрақтарға жауап беруін өтініңіз:
— Бақаның аппликациясы қандай фигуралардан жасалған?
— Неше үшбұрыш бар? Дөңгелек ше?
— Мысықтың тұмсығы қандай фигура?
— Көбелектің қанаты неше қызыл үшбұрыштан құрастырылған?
Аппликация арқылы жазық фигура модельдері-нен әртүрлі суреттер композициясын жасауға бо-латынын айтып, қорытынды жасаңыз. Шығарып көр. Оқушылардың назарын оқулық-тағы суретке аудартыңыз және берілген апплика-ция қандай фигуралардан тұратынын анықтатыңыз. Оқушылармен бірге пайдаланылған геометриялық фигуралар санының қанша екенін санаңыз. Жауабы:
шаршыны тіктөртбұрыштан және үш үшбұрыштан құрастыруға болады. Суреттегі үш үшбұрыш бір тіктөртбұрышты құрайды.
Шаршыдан үшбұрыштарды қалай жасауға болады? Тапсырмада оқушылармен “көбелектің” аппликациясын жасаудың қадамдарын қарастыры-ңыз. Көбелектің қанаттары қандай фигуралардан тұратынын сұраңыз. Осы үшбұрыштар қандай тә-сілмен алынғанын талдаңыз. Бір жазық фигурадан екінші фигураны қиып алудың тәсілдерін бекітіңіз. (Мысалы: шаршыдан үшбұрышты қиып алу.)
Орындап көр. Оқушыларға жазық фигуралар-дан жасалған аппликацияға қарауды ұсыныңыз және онда не бейнеленгенін анықтатыңыз. Сұрақ-тар қойыңыз:
— Балапан мен күшiктiң бетін жасау үшін қандай фигура қолданылған? Неліктен?
— Тұмсығын қандай фигурамен көрсетуге бо-лады?
— Берілген бейне бойынша қандай үй жануарла-рының суреті салынғанын анықтауға болады?
Оқушыларға үй жануарлары аппликациясын жұп-пен жасап көруді ұсыныңыз. Өздерінің жұмыста-рында қандай фигураларды қолданғанын айтқыза отырып талдатыңыз.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыруҚосымша тапсырмаларОқушылардың терминологиялық біліктілігінің қалыптасуына көңіл бөліңіз. Олардың сөз тіркес-терімен сөйлемдер құрып айтуға деген ұмтылысын қолдап көтермелеңіз.
Көбелектің қанаттарын жазық фигуралар-мен безендір. Оқушылар аппликация техникасынқолданып, тәжірибелік жұмысты орындайды. Кө-белектің қанаттарын қандай өрнектермен әсем-деуге болатынын байқап көреді. Әртүрлі көбе-лектердің суретінен мысалдар қарастыруы керек. Композицияны жасау үшін алдын ала жоспар құрып алу жетістікке жеткізетінін және ретсіз іс-әрекет-тер жасамау керектігін білуі қажет. Оқушылар көбелектің қанаттарына өрнектерді қарындашпен салып, одан кейін жазық фигураларды түрлі түсті қағаздан қиып алып жапсыру арқылы аппликация жасайды. Оқушылар қағаздан қиып жасауға қиналса, көбелектің қанаттарына түрлі түсті қарындаштар-мен өрнектерді салуды ұсыныңыз.
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:
түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралардың модельдерін жасауды;
жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастыруды;
композиция жасау кезінде жазық фигуралардың түрлерін айыруды және анықтай білуді меңгереді. Оқушылардың сабақты түсінгенін тексеру үшінтөмендегі сұрақтарды қойыңыз:
— Қандай жазық фигуралардың модельдерін жасап үйрендіңдер?
— Параллелепипедтің бір жағын бастырып сыз-са, қандай жазық геометриялық фигураны алуға болады?
— Шаршы шығу үшін қандай кеңістік фигурасы-ның жағын бастырып сызу керек?
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдасты-рыңыз. Оқушылармен жасаған жұмыстары туралы талдау жасаңыз. Сабақтағы жұмыс түрлері оқу-шылардың бойына сенімділік тудыруы керек. Са-бақтан кейін олар жазық фигуралардың аттарын және олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен модельдерін естеріне жақсы сақтауы қажет.
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.

Приложенные файлы


Добавить комментарий