«Урок по тему «Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері» 3 сынып»


Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Мұнайшы кенті
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Зат есім туралы түсінік бере отырып, оның неше топқа бөлінетінін, жалпы және жалқы есімдердің ережелерін түсіндіріп, зат есімнің жекеше және көпше түрінің айтылуы мен жазылуын меңгерту. Көптік жалғауларын ажыратып, зат есім туралы оқушылардың білімін бекіту. Сөйлем ішінен зат есімді таба білуге үйрету. Сауатты және көркем жазуға үйрету.
ә) Оқушыларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, адалдыққа, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
б) Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, каллиографиясын жетілдіру, сөздік қорларын, сөйлеу тілін қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: Топпен жұмыс, ой қозғау, ойын түрлерін пайдалану, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: Жеке суреттер, сызба, «ойлан, тап» кестесі, тест, буклет.
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа даярлығын, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап көрелік оқушылар. (Қазақ тілі туралы тақпақ айтқызу оқушыларға)
Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,
Қазақ тілі – өз жұлдызың көктегі.
Қазақ тілі – көгіңдегі шамшырақ.
Қазақ тілі өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жаған тереңге.
Қазақ тілі – болашаққа жетелер,
Ұрпақтарды танытады әлемге!
Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын-жазушыларымыздың тілі-туған тіліміз қазір қазақ тілі сабағы.
Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз – ерекше болмақ. Себебі біз бүгін сабақта барлығымыз «Білім еліне» саяхатқа шығамыз . «Білім» деген ғажайып елге жету үшін көп еңбек етіп, білімімізді ортаға слайық. Оған жету жолында ертегілерде айтылатындай көптеген кедергілерден өтуіміз қажет. Бұл кедергілер біздің алтын қақпа ойынында кездеседі. Бұл ойынды сендер теледидардан көріп жүрсіңдер. Кімде кім осы ойындағы әр қақпаның сұрағына жауап берсе «Білім елінің» білімді азаматы болады, және жұлдызшаға ие болады.
Ал, оқушылар саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Дайынбыз!
Ал, оқушылар, «Іске сәт!»
І. Тас қақпа: Оқушылар, біздің алдымыздағы қақпа «Тас қақпа».
«Тас қақпаның тапсырмасы: Үй тапсырмасына талдау жасау. 321-жаттығу. Әр қатардан 1 оқушы үй тапсырмасын оқып шығады.
ІІ. Ендігі кедергіміз «Күміс қақпа».
Күміс қақпаның тапсырмасы:
Оқушылар мен сендерді зерттеуші болуға шақырамын. Мына бір «Ойлан тап» кестесінің сырын зерттелік. Ол үшін үш батыр зерттеушілер маған көмектеседі. Мына берілген топшамамен дұрыс есептеп, дұрыс шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбының сырын ашасыңдар.
Мінеки, бәріміз «Ойлан, тап» кестесінің сырын таптық.
Қандай сөз шықты оқушылар?
Зат есім.
Өте дұрыс.
ІІІ. «Алтын қақпа»
Алтын қақпаның тапсырмасы:
1-ші қатар – Зат есім дегеніміз не?
2-ші қатар – Жалқы есім дегеніміз не?
3-қатар – Жалпы есім дегеніміз не?
ІҮ. Ал, оқушылар «Білім елінің» кілті жасырынған «Алтын сандықты» ашайық.
Алтын сандықтың ішінен заттар шығару. Оларға қарап Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар қойғызу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.
Ү. Дәптерді жинап, 2-ші дәптер тарату.
Бәріміз дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазып, түзеліп отырайық. Көркем жазу (екі жолға жазу). Жазуымыз көркем, әдемі болу үшін денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз партаның үстінде жатсын, дәптерді сәл қиғаштап қоямыз.
Бір, екі, үш,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық.
Әдемі етіп жазайық.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Оқулықтағы 322-жаттығуды орындату арқылы жаңа сабаққа түсініктеме бердім. Суреттегі заттарды, сөздерді салыстырып айырмашылығын анықтау.
Сөздер: Балапан – балапандар
Қоян – қояндар
Кітап – кітаптар
Дәптер – дәптерлер
Балапан деген сөз «бір балапан» деген ұғымды білдіреді, ал балапандар деген сөз «көп балапанды» білдіреді деп, бірнеше мысалдар келтіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі туралы түсінік бердім.
128-беттегі 323-жаттығу.
Өлеңді көшіртіп жаздырту, қарамен жазылған сөздердің астын сызғызып, бұл сөздердің түбір күйіндегі қалпымен салыстыру, не байқағанын анықтату.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға,
Ашты жолды асқарға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс айға, Марсқа.
Балалар, ағалар, апалар деген сөздің түбірін айтыңдаршы (аға,апа, лар-жалғау)
ҮІІ. Сергіту сәті. Біздер тату баламыз,
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030-шы жылдары
Бізде азамат боламыз.
ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма: Сөздік диктант.
Кітап, балапан, дәптер, өлең, айна, мектеп, оқушы, гүл. Оқушылар бұл сөздерге лар, лер, дар, дер, тар, тер қосымшаны жалғап зат есімнің көпше түріне айналдырады.
Кітаптар, балапандар, дәптерлер, өлеңдер, айналар, мектептер, оқушылар, гүлдер.
ІХ. Оқушыларға «Кім жылдам» ойынын ойнату.
1-ші қатар Кім? Не? Сұрағына беретін сөз айтса.
2-ші қатар Сол сөзді көпше түрге аударады.
3-қатар Сол сөзге сөйлем құрастырады.
Х. Сабақты сұрақ-жауап пайдаланып қорытындылау.
Енді, балалар, біздер бүгінгі сабағымызда көп нәрселерді оқып, жазып, зерттеп білдік.
ХІ. Білімді тиянақтау, бағалау.
Үйге тапсырма беру. 129 беттегі 324-жаттығу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий