«Урок по математике «Ше?бер. Шар» 6 сынып»


Тақырыбы Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы.Шар. Сфера.
Мақсаты Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы.Шар.Сфера туралы түсініктері қалыптасады, аудандарын табуда формулаларды дұрыс пайдалануды үйренеді.
Жалпы мақсат Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады
Күтілетін нәтиже Ауданды формула бойынша табуды жатқа біледі, оны қолданып есептер шығара алады
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, Сұрақтар стратегиясы, Мозайка
Қолданылатын ресурстарФлипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук, интертақта, практикаға керек құралдар.
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг Оқушылар қағаз қиындыларын беріп, суреттерді құрастырып топқа бөлінеді. Мозайка стратегиясы бойынша топқа біріктіріліп отырады. Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Сабақ кезеңдері ТапсырмаМұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылық
тарын оятуҮй тапсырмасын сұрау арқылы сұрақ-жауап «Миға шабуыл» стратегиясы
1. Қатынас дегеніміз не?2. Пропорция дегеніміз не?3. Пропорцияның негізгі қасиеттерін айт?4. Қандай шамаларды тура пропорционал шамалар деп атайды?5. Қандай шамаларды кері пропорционал шамалар деп атайды?6. Масштаб дегеніміз не?7. Шеңбер дегеніміз не?8. Дөңгелек дегеніміз не?9. Шеңбердің радиусы дегеніміз не?10. Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?11. Диаметр радиустан неше есе ұзын? Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау апқылы оқушыларды диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау Мұғалім берген тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
Түсіну 1. Берілген заттың жиегін жіппен айналдырып ора.2. Жіптің ұзындығын сызғышпен өлше.3. Шаблонның диаметрін сызғышпен өлше.4. Шеңбердің ұзындығын оның диаметрінің ұзындығына бөліңдер. Оқушылардың шығарған бөліндісі бірдей болады. Кез келген дөңгелектің шеңберінің ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасы тұрақты шама. Оны гректің π - әрпімен белгілейміз.
Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Бағалауды басқару
Жауаптарын қабылдап, бағыт беру
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру.Өз ойларын, пікірлерін ашық айту
Топпен жұмыс жасау. Оқушылар берілген практикалық жұмысты орындайды. Пи санының тұрақты шама екенін түсінеді.
Қолдану Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданының формуласымен танысады. Есеп шығаруда қолдануда үйренеді.Шар мен сфераның айырмашылығын бейнежазба арқылы біліп, оларға мысал келтіре алады. Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату, кітаптан жұмыс, топ арқылы пікір алмасу Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.
Сергіту сәті Шапшаң тап Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау оқушылар берілген сұрақтарға шапшаң жауап береді.
ТалдауПостермен жұмыс
«Сұрақтар шеңбері» стратегиясы бойынша топ бір – біріне тапсырма есеп береді. Оқушылар өздері берген тапсырманы орындап, постерге жазып түсіндіреді.
Жинақтау Пысықтау сұрақтарына жауап береді.үй тапсырмасын беру
№206,№207 Оқушыларға сұрақтар береді. Сабақты бекітеді. Пысықтау сұрақтарына жауап береді.
Бағалау Өзін-өзі бағалау (2 мин)
, бағалау парақшалары Бағалау парақтарын таратады
Бір-* бірін бақғалауды қадағалау Топты бағалау
Өзін өзі бағалау
Рефлексия ББҮ кестесі Оқушыларға ББҮ кестесі таратылады. Ұсынылған кестені толтыру

Приложенные файлы


Добавить комментарий