«Урок по математике на тему «Онды? б?лшекті натурал сан?а к?бейту» ( 5 сынып)»


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: математика
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту Мектеп: Сарыбастау ауылындағы орта мектеп МДШО КММ
Күні: 25.02 Мұғалімнің аты-жөні Ералиева Салтанат Бектурсыновна
Сынып:5 «А» Қатысқан оқушы саны: 18 Қатыспаған оқушы саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) оқушыларға ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге ой салу,сыни тұрғыдан ойлануға үйрену, тақырып бойынша білім дәрежесін жинақтау, бекіту
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін тұжырымдай алады
Оқушылардың басым бөлігі: есеп шығаруда ережені қолдана біледі.
Кейбір оқушылар.жай бөлшекті натурал санға көбейту мен ондық бөлшекті натурал санға көбейту арасындағы айырмашылықты көрсете алады
Тілдік мақсат Оқушылар: ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін математикалық терминдерді дұрыс пайдалана отырып айтады, есептер шығаруда қатесіз қолдана алады
Негізгі сөздер мен тіркестер: ондық бөлшек,ондық таңба, көбейгіш, көбейткіш, үтірмен ажырату.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Жай бөлшекті натурал санға көбейту мен ондық бөлшекті натурал санға көбейтуде айырмашылық бар ма?
Жай бөлшекті натурал санға көбейту ережесін ондық бөлшекті натурал санға көбейтуде қолдануға бола ма?
Жазылым бойынша ұсыныстар: ондық бөлшекті жазу, көбейтіндіге үтірді дұрыс қою
Алдыңғы меңгерілген білім Жай бөлшекті натурал санға көбейту
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
«Көпір» тапсырмалары Жақсы психологиялық ахуал орнату: «Менің бүгінгі сабақтағы мақсатым...»Шаттық шеңберге тұрып, мақсаттарын айтады Бос орынға қажет сөзді жаз:
1. Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін алымын жазып,бөлімін натурал санмен ..........керек.
2. Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін алымын натурал санға ........................,бөлімінің ......... жазу керек.
3.Ондық бөлшекте неше .............. таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша ............... кейін үтір қою керек
Айырмашылықты  тап: Берілген       өрнектердің айырмашылығы неде?
Кім қырағы ? 2,5 *4 = ...0,4*25= ...0,25*40= ...0,04*25= ... Интерактивті тақта, флипчарт
Ортасы
Білу
Қандай қасиет орындалып тұр?
1) 2, 81*3=3*2, 812) (3*2, 5)*4=3*(2, 5*4)3) (6, 3+2)*5=6, 3*5+2*5 интерактивтітақта
Түсіну
Ауызша көбейтіңдер:
13,7 × 10 =         8,071 × 100 =                6,304 × 1000 =
6,5 × 10 =           2,15 × 100 =                  12,7 × 1000 =
1,23 × 10 =         18,07 × 100 =                 0,91 × 1000 =
62,95 × 10 =         48,316 × 100 =            4,8316 × 1000 =
0,7 × 10 =            0,1 × 100 =                  0,001 × 1000 = Интерактивті тақта
Қолдану Жұппен орындау
№1047 өрнектеу 1)метрмен: 4,25км;0,82км; 0,021км; 1,8км. 2)граммен:16,3кг; 6,25кг; 0,64кг; 0,003кг. 3)минутпен:0,5сағ; 1,2сағ; 2,1сағ; 4,6сағ.
4)секундпен: 3,2мин;4,5мин; 0,7мин;9,25 мин
№1051 амалдарды орындау 1)(2,6+3,7)*5
2)(18,07-6,03)*8
3)(24,95+17,8)*9
4)(375,3+46,79)*10
№1052 1)2,3*11+1,8*15
2)6,25*16+18,9*21
3)9,03*25-10,7*15
4)12,01*6-9,08*7
Дәптерлерін сағат тілімен алмастыру арқылы тексеріп, бағалау. оқулық
Талдау №1046 салыстыр себебін айт
1)6,5*3және 0,65*3 2)0,17*5 және 1,7*5
3)0,91*12 және 9,1*12 4)10,3*9және1,03*9
Қатесін тап!
13,48              123               300 8,25 *     8           *    1,5           *  0,01 * 6
 1,0784            18,45            30,0 4,950 Оқулық
флипчарт
Жинақтау Топпен орындап қорғау үшін тапсырма беріледі:
Есепті шешу алгоритмін құрастыру, шешімін ұсыну1 топқа №1055
2топқа №1056
3 топқа №1057
4 топқа №1054
оқулық
Бағалау
бағалау /жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /13-15 есеп«5» 10-12 есеп«4» 7-9 есеп«3» 1-6 есеп«2» Аяқталуы
Кері байланыс : ауызша әр оқушы айту
Не оңай болды? Нe қиын болды? Нені үйрендің?
Рефлексия: Сабақта қандай әсер алдың, сабақтағы өзіңе ұнаған белсенді қатысқан сыныптасына тілек, стикерге жазу стикер
Үйге тапсырма №1049,ережелерді оқу Оқулық

Приложенные файлы


Добавить комментарий