«Урок по казахской литературе на тему : «Ертегілер» (6 класс)»


6- сынып. Қазақ әдебиеті
Тақырып : Ертегілер.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік : оқушылардың ертегілер бойынша білімдерін жүйелеу, қалыптастыру, кеңейту, жан-жақты жетілдіру,бекіту; ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің байланыс және айырмашылық жолдарын қөрсету, қазақ әдебиеті тарихы бойынша білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлау, есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін мәтінмен жұмыс істеу арқылы дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақ халқының ертегілерін мақтан тұтуға, әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өткен тақырыптарға сүйене отырып, жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: ынталандыру әдісі,сұрақ-жауап,әңгімелеу,мәтін,қосымша әдебиетпен жұмыс.
Оқыту формалары: жеке, жұппен,өздік,топпен жұмыс, тірек сызбалар жасау.
Сабақтың көрнекілігі мен
техникалық жабдықтары: қазақ халқының ертегілері бойынша кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып кезекшісімен әңгімелесу, оқушыларды түгендеу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
I.Сабаққа қызығушылық туғызу. Ой қозғау (побуждение).
1 топ. «Ертегілер» дегенде ойымызға қандай ассоциация келеді ? Ассоциация сызбасын сызу .
2 топ. ертегілердің түрлерін кластер арқылы көрсету .Мұғалім: сонымен,балалар, ежелден келе жатқан әдебиет, ұрпақтан - ұрпаққа ауызша
таралған. Сонымен қатар оның өз жанры болған .
II. Мәнін түсіну (ұғу) – осмысление.
1. Өздік жұмыс – мәтінмен танысу. Оқулықтағы берілген мәтінді өзара оқып
шығу. Жаңа сөздерді тауып, мазмұнын ашу, сөздіктерге жазу. Мәтіннің мазмұнын түсіну.
2. Жұппен жұмыс: партада отырған 2 оқушы бір - біріне мәтін бойынша 3 - 4 сұрақ қою арқылы мәтіннің мазмұнын түсінгенін анықтайды.
III. Балардың ой-пікірлерін тыңдау, бағалау - рефлексия .
1. Венн диаграмасы бойынша оқушылар 33беттегі 2-ші сұраққа жауап береді – 1 топ.
2. Көркем бейне, ежелгі дәуір әдебиеті, жазба әдебиет терминдеріне түсінік беру – 2 топ.
Мұғалім: балалар, бүгінгі сабағымызыдың тәрбиелік мәні қандай деп ойлайсыңдар?
Бағалау.
Үйге тапсырма: сұрақтарға жауап беру.
Мұғалім сабақты қорытындылап оқушылармен қоштасады.



Приложенные файлы


Добавить комментарий