«Урок по казахскому языку на тему «Сыйлы? жасайы?», 3 класс»


Сабақтың тақырыбы: Сыйлық жасайық.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Грамматикалық тақырыпты лексикалық тақырыппен ұштастырып меңгерту, сұрақтарға дұрыс жауап беру. Заттың аты мен іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын тану.
Тәрбиелік: жан-жағыңа сыйлық сыйлап, жақындарың мен достарыңа жақсы сыйлық сыйлап қуантып жүруге, үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру. Топпен жұмыс жасау барысында топтық ереже шығарту ,топпен бірлесе жұмыс жасау,пікірлерімен санасуды дағдыландыру.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Оқыту әдістері: критериялық ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс
Көрнекілігі: жұмбақ, суреттер, кесте, жаңа сөздер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу (көңілді, қуанышты, тілек, сыйлық 4-топқа бөлу)
Психологиялық тренинг
Қайырлы күн достым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі күн міне
Сәттілікке толсын
Мұғалім: Көңіл - күйлерің қалай оқушылар?
Оқушылар: Өте жақсы
Мұғалім : ендеше, сол көңіл-күйлерінді мына смайликтер мен көрсетіңдер.
(Оқушылар өз көңіл-күйін смайликпен білдіреді)
Мақсаты: Бүгінгі сабағымыздың мақсаты заттың аты мен іс-қимылды білдіретін сөздердің мағынасын тану. Еңбек сабағымен байланыстырып, сыйлық жасауды үйренеміз. Алға қойған мақсатқа жету үшін үй тапсырмасынан бастайық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
6-тапсырма,98 бет.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Сұрақ-жауап әдісі ой қозғау.
(жауап берген топқа жұлдызша тарату)
Сөздің жуан, жіңішке болуы неге байланысты?
Әріп деген не?
Дыбыс деген не?
Буын деген не?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай?
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай?
Жалғау деген не?
Жалғаудың неше түрі бар?
Жұрнақ деген не?
Қандай тарауды өтіп жатырмыз?
Туған күн қандай мереке?
Туған күн иесіне не береміз?
Туған күнге жақсы, ұнамды сыйлықтар сыйлау керек. Сыйлық ерекше болу керек. Не сыйлауға болады? (оқушылардың өз ойы айтылады) Сыйлықты сатып алу үшін бізге ақша керек. Ал, қазір бізде ақша жоқ. Сондықтан да сыйлықты өз қолымыздан жасаймыз. Сыйлыққа өз қолыңнан шыққан дүниелерді де сыйлаған жақсы. Ол үшін сыйлық жасап үйрену керек. Бізге сыйлық жасау үшін әртүрлі заттар қажет. Ол қандай зат екенін қазір білетін боламыз.
Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жазып, әріп толтыру.
Бізге сыйлық жасау үшін әртүрлі заттар керек. Еңбек сабағына не істейсіңдер? Сыйлықты өз қолымызбен қалай жасау керек екенін үйренетін боламыз.
1-тапсырма Суретке қара. Тыңда, қайтала.
Қағаз, қайшы, желім, қарындаш, сызғыш, циркуль- бұлар заттың атын білдіреді. Не? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, осы заттарды біз сыйлық жасау үшін пайдаланамыз. Ол үшін не істейміз?
2-тапсырма. Суретке қара. Тыңда, қайтала.
Сыз, қи, бүкте, жапсыр- бұлар іс-қимылды білдіріп тұр. Не істе? деген сұраққа жауап береді.
Есте сақта! (әр топқа қағаз тарату)
1-топ - Сыз 2-топ - Қи 3-топ - Бүкте 4-топ – Жапсыр- деген сөздерді жіктейміз. Жіктік жалғауларын көрсет.
Сергіту сәті:
3-тапсырма. Тыңда, оқы.
Сыйлық жасау.
Сөздік жұмыс:
Жасаймын- сделаю
Дайын-готов
4-тапсырма. Көшіріп жазып, заттың аты мен іс –қимылды білдіретін сөздерді тауып астын сыз, сұрағын қой.
Дыбыстық талдау: қағаз, қайшы, желім, сызғыш
Сабақты бекіту:
Сыйлық жасау үшін не қажет? Оларды бір сөзбен айтқанда не дейді? Сыйлықты қалай жасаймыз?
Сабақты қорытындылау.
Кері байланыс парағы:
Мен үшін қызық Не ұнамады? Мен үшін түсініксіз
Үйге тапсырма: сыйлық жасап келу, сөздерді жаттау.
Бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий