«Урок по казахскому языку на тему «Ше?берді те? б?ліктерге б?лу» (9 класс)»


Пәні Сызу
Сыныбы 9-сынып
Уақыты 45 минут
Тақырыбы Шеңберді тең бөліктерге бөлу
Мақсат міндеттер
А) Білімділік:
Ә) Тәрбиелік:
Б)Проблеманы шешу: Шеңберді тең бөліктерге бөлу , мәнерлі және жеңіл оқылатындай болу үшін сызба сызықтарының түрлерін білу және оларды сызбаны орындауда пайдалана білу керек.
Оқушыларға жалпылама шеңберді тең бөліктерге бөлу туралы мәліметтер беру.
Шеңберді тең бөліктерге бөлу мен құрылыстың барлық салалары үшін сызбаларда қолданылатын сызықтардың кестесі тағайындалады.
Сабақтын түрі Аралас, дәріс, машық
Сабақтың әдісі Ауызша, көрнекілік, машықтықПәнаралық байланыс Математика
Қажетті құрал-жабдықтар Сызғыш, қарындаш, өшіргіш, А4 форматы, циркуль, транспортир т.б
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
I Ұйымдастыру
бөлімі Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Оқушылармен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды Оқушылардың зейінін сабаққа аударады.
II.Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады.
Өткен сабағымыздың тақырыбы қандай?
15 градусқа еселік бұрыштардың қайсысын сызба бұрыштықтарды пайдаланып салуға болады?
Қандай аспаптардың көмегімен өзара параллель көлбеу сызықтар жүргізеді?
90 градусқа тең емес бұрышты үш бөлікке қалай бөледі? Толық түсініп алады,сызуды оңайлықпен сыза бастайды.
III.Жаңа материалды түсіндіру Шеңберлердің көптеген тетітер бойымен бірқалыпты орналасатын элементтерден тұрады.Сондықтанда орындау үшін және өндірісте тетіктерді дайындау барысында шеңберді өзара тең бөліктерге бөлу мәселесінің қажеттігі туындайды.Шеңберді тең төрт және сегіз бөлікке бөлу,шеңберді тең үш бөлікке бөлу,шеңберді тең алты бөлікке бөлу,шеңберді он екі бөлікке бөлу.тең беске,тең жетіге,кез келген тең бөліктерге бөлуді үйрету,қалай сызылатын жолдары туралы толық ақпарат беріп,меңгерту. Шеңберлірді қандай және неше тілікпен бөлуге болатының меңгерту
IV.Машықтық кезең
Оқушылар А4 форматын алып,шектейтін сызықтарын және негізгі жазуын сызып,құрал жабдықтарынды шығарып,әзілеп сызу сызуға әзірленіндер.Шеңберді төрт бөлікке және сегізге бөлу,қақпақ контурының сызбасын салу кезінде шеңберді тең төрт бөлікке,содан кейін тең сегіз бөлікке бөлу қажет болады.Ол үшін алдымен перпендикуляр екі ось жүргізеді. Осьтердің киылысу нүктесі 0-ны центр етіп алып, шеңбер жүргіземіз. 1, 3, 5 және 7 нүктелері алу үшін циркуль мен 45 градусты бұрышты бұрыштықты пайдаланып, тік бұрышты қақ бөлудің бізге белгілі тәсілін қолданамыз. Шеңберді бұрыштықтың көмегімен төрт және сегіз бөліктерге бөлу барысында бұрыштықтың гипотенузасы берілген шеңбердің центрі арқылы өтуі тиіс. Өздерінің құрал жабдықтарын шығарып,А4 форматын безендіріп,мұғалімнің берген сызбасы арқылы өз форматтарына сызады.
Оқушылар негізгі шеңберлердің бөліктерін,бөліктерге бөліп қолданылуын меңгереді.
Қақпақтың сызбасын сызуды үйренеді.
V.Қорытындылау.
Үйге тапсырма
Оқушылар шеңберді тең бөліктерге бөлуді толық меңгеріп,ұғып алғанын қадағалау. Шеңберлердің көптеген тетітер бойымен бірқалыпты орналасатын элементтерден тұрады.Сондықтанда орындау үшін және өндірісте тетіктерді дайындау барысында шеңберді өзара тең бөліктерге бөлу мәселесінің қажеттігі
Сабақ барысында аяқталмаған сызуларын сызып әкелу келесі сабаққа.Оқушаларға өз беттерімен,өздеріне ұнаған шеңберді я төрт болікке,я алты бөлікке бөлуін беру. Шеңбердің тең бөлікке бөлудің түрлері мен қиындықтарын көреді,үйренеді,меңгереді

Шеңбердің тең бөлікке бөлудің түрлері мен қиындықтарын көреді,үйренеді,меңгереді.Келесі сабаққа үйде өздері сызған шеңберлерің мұғалімге көрсетуге тиіс болады.
Келесі сабаққа өздері сызған сызбаларын көрсетеді.Аяқталмаған жұмыстарын үйден сызып,мұғалімге көрсетіп,бағаланады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий