«Урок по казахскому языку на тему «Піл ?андай?»


1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Піл қандай?
Сабақтың мақсаты :Оқушылардың Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білім-біліктерін арттыру. Піл туралы толық мәлімет беру, түсіндіру.1.Коррекц.біліктілік:Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын кеңейту. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау. І дыбысы.2.Коррекц.дамытушылық:Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жануарлардың мінезін сипаттауға үйрету. Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу. 3.Коррекц.тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдістері: компьютермен жұмыс, диалог, суреттер,ой қозғау. Пәнаралық байланыс: дүниетану, ,жаратылыстану. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. 3. Сабаққа кіріспе. Психологиялық дайындық. - Бүгін кезекші кім? - Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Жылдың қай мезгілі? - Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? - Сабаққа дайынбыз ба? II. Үй жұмысын тексеру. III. Негізгі бөлім. Сабақтың мақсатын және тақырыбымен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: V. Сөздік жұмыс. Жолбарыс-тигр жыртқыш- хищник Күшті-сильный Ірі-крупный Зіл-бегемот Мекендейді- обитают Керік- жираф Қабан- дикая свинья піл-слон қайталату;1-тапсырмадағы суретті көрсету арқылы жануарларды салыстыру. Балалар, мынау не? (бұл піл) Қандай піл? (үлкен піл) Анау не? (қоян) Қандай қоян ? (кішкентай қоян) Жарайсыңдар, балалар шаршаған шығарсыңдар. Демалып алайық. Сергіту сәті Қорбандаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп – теріп алайық, Қалтамызға салайық. Диалогты тыңдау және қайталау жұмыстары орындалады. Үлкен аң, кішкентай аң тіркестеріне көңіл аударылып, оларды ажырата білу үйретіледі. б) 2-тапсырмадағы үлгі арқылы оқушылар қандай аң ? деген сұраққа жауап беруді үйренеді. Бұл оқулықтағы 3-тапсырманы ауызша орындау арқылы бекітіледі. в) Балалар бүгін тағы бір жаңа әріппен танысамыз. Оқулықтағы 4-тапсырмадан немесе БДҚ-дағы 32-кестеден і әрпі көрсетіледі, оқушылар сөздерді мұғалімнің көмегімен қаталайды. 5-тапсырмада оқылымға көңіл аударылады. Нүктенің орнына і әрпін қойып оқу.3-тапсырма.Қайталату. Ә,Ң,Ғ-дыбысын қайталату Пілдің суретін салу.
3/тапсырма. Қайталату; І дыбысын жаздыру;
Інжу, піл, бір, керік, жеті, сегіз.
«Қол соғу» ойыны яғни, аң болса, қол соғасыңдар, ал киімдер болса, қол соқпайсыңдар. (аю, шалбар, қоян, піл, көйлек, күрте, қасқыр, тон, керік, қолғап, бәтеңке, түлкі)
Үйге тапсырма: 3-тапсырманы оқу; Сөздікті қайталау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий