«Урок по казахскому языку на тему «Кім не істеді?», 3 класс»


Сабақтың тақырыбы: Кім не істеді?
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып сөйлеу тілін жетілдіру.Білімділік: Оқушылардың тақырыпқа байланысты алған білімдерін жинақтап, сөздік қорын молайту.Дамытушылық: тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыланады; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды.Тәрбиелік: елін, жерін, табиғатты сүюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар.Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, сергіту -”Қысқы ойындар ” ойыны.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.Сұрақ-жауап. Кезекшінің мәліметі.– Сыныпта кім кезекші?– Топта кім жоқ (Кезекші сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді)– Қазір қай сабақ? (қазақ тілі)– Қазақ тілі нешінші сабақ? (бірінші)– Қазір қай ай? (ақпан)– Ақпан қыстың нешінші айы? (үшінші)– Бүгін ақпанның нешесі? (........)– Аптаның қай күні? (.......)
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй жұмысын тексереміз.III. Үй жұмысын тексеру. Сөздерді жаттау, сөздік диктант алу.Мәтін бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
Демалыс күні мұз айдынына барамыз.
Демалыс – каникулы, выходной
Қысқы демалыста – на зимних каникулах
Қонақ - гость
Қонаққа - в гости
Түрлі – разные
Спорт шебері – мастер спорта
Сайыс - соревнование
Сайыстарға қатысады – участвует на соревнованиях
Менің ағам Алматыда тұрады. Біз ағамның үйіне қысқы демалыста қонаққа барамыз. Алматыда «Медеу» мұз айдыны бар. Онда өте қызық. Біз онда коньки, шаңғы тебеміз. «Медеу» мұз айдынында түрлі қысқы спорт ойындары болады. Ағам қысқы спорт шебері. Ол «Медеу» мұз айдынына жиі барады. Өйткені ол сайыстарға қатысады. Біз «Медеу» мұз айдынына қысқы демалыста жиі барамыз.
IҮ. Жаңа сабақ. Кім не істеді?1. Ой қозғау.– Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)– Қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?
Сөздік жұмысыа) жаңа сөздерді мәнерлеп оқиды, аудармасымен танысады.ә) жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады.ауырды – заболел (-а, -и)
Жыламады – не заплакал (-а)
Қатысу – участвовать
Бірақ - но
Ү. Сергіту. “Қысқы ойындар“ ойыны.ҮI. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтінді мұғалім оқиды,2. Оқушылар мәнерлеп оқып, аударады, сұрақтар құрастырады.
Менің атым – Айнұр. Мен бүгін достарыммен мұз айдынына бардым. Әлия коньки тепті. Маша аққала жасады. Ал мен коньки тебемін деп қатты құладым. Бірақ мен жыламадым.Өйткені мен коньки тебу сайысына қатысамын.
ҮП. ҚорытындылауСұрақ-жауап
ҮШ. Үйге тапсырмаСөздерді жаттап келіңдер. ІХ. Оқушылардың білімдерін бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий