«Урок по казахскому языку на тему «Демалыс к?ні м?з айдынына барамыз», 3 класс»


Сабақтың тақырыбы: Демалыс күні мұз айдынына барамыз.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып сөйлеу тілін жетілдіру.Білімділік: Оқушылардың тақырыпқа байланысты алған білімдерін жинақтап, сөздік қорын молайту.Дамытушылық: тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыланады; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды.Тәрбиелік: елін, жерін, табиғатты сүюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар.Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, сергіту -”Қысқы ойындар ” ойыны.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.Сұрақ-жауап. Кезекшінің мәліметі.– Сыныпта кім кезекші?– Топта кім жоқ (Кезекші сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді)– Қазір қай сабақ? (қазақ тілі)– Қазақ тілі нешінші сабақ? (бірінші)– Қазір қай ай? (ақпан)– Ақпан қыстың нешінші айы? (үшінші)– Бүгін ақпанның нешесі? (........)– Аптаның қай күні? (.......)
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй жұмысын тексереміз.III. Үй жұмысын тексеру. Сөздерді жаттау, сөздік диктант алу.Мәтін бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
Мұз айдыны
Мұз айдыны – ледовый каток
Жасадық – делали, лепили
Тегістеу- ровнять; выравнивать; делать ровным
Тасу – таскать, возить,разливаться
Құлады – упал
Тез – быстро, мгновенно
Қатып қалды – замерз
Құладым – упал (-а, -и)
Мен кеше достарыммен далада ойнадым. Біз мұз айдынын жасадық. Болат су тасыды. Самат қарды тегістеді. Күн аязды болды. Мұз айдыны тез қатып қалды. Мен сырғанадым да құладым. Күн көңілді өтті.
IҮ. Жаңа сабақ. Демалыс күні мұз айдынына барамыз.1. Ой қозғау.– Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)– Қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?
Сөздік жұмысыа) жаңа сөздерді мәнерлеп оқиды, аудармасымен танысады.ә) жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады.Демалыс – каникулы, выходной
Қысқы демалыста – на зимних каникулах
Қонақ - гость
Қонаққа - в гости
Түрлі – разные
Спорт шебері – мастер спорта
Сайыс - соревнование
Сайыстарға қатысады – участвует на соревнованиях
Ү. Сергіту. “Қысқы ойындар“ ойыны.ҮI. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтінді мұғалім оқиды,2. Оқушылар мәнерлеп оқып, аударады, сұрақтар құрастырады.
Менің ағам Алматыда тұрады. Біз ағамның үйіне қысқы демалыста қонаққа барамыз. Алматыда «Медеу» мұз айдыны бар. Онда өте қызық. Біз онда коньки, шаңғы тебеміз. «Медеу» мұз айдынында түрлі қысқы спорт ойындары болады. Ағам қысқы спорт шебері. Ол «Медеу» мұз айдынына жиі барады. Өйткені ол сайыстарға қатысады. Біз «Медеу» мұз айдынына қысқы демалыста жиі барамыз.
2-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, үлгі бойынша жіктеңдер.
Мен барамын Біз барамыз
Мен барасың Сендер барасыңдар
Сіз барасыз Сіздер барасыздар
Ол барады Олар барады
ҮП. ҚорытындылауСұрақ-жауап
ҮШ. Үйге тапсырмаСөздерді жаттап келіңдер. ІХ. Оқушылардың білімдерін бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий