«Урок по казахскому языку на теме «Жемістер»


Сабақ: Мерзімі: 22.04.2017 жыл.
Сыныбы: 6 «А» сынып.
Биология пәнінің мұғалімі:Кистаубаева Нурия.
Сабақтың тақырыбы: §23. Жемістер.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты: Жемістердің құрылысын, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылық мақсаты: Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас (жеке, топтық, топтастыру)
Сабақтың көрнекіліктері: карточка, семантикалық карта, кесте, венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Түгендеу
Жемістер арқылы оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Сен білесің бе? Ойыншық лақтыру әдісі арқылы үй жұмысы сұралды.
1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?
2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
3. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
4. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
5. Ұрықтану қай кезде жүреді?
6. Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерән тексеру кезеңі
2.Венн диаграмасы. Оқушылар екі диаграма бойын ұқсастығы мен айырмашылығын жазады.
Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тәнтүсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз:
Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер Айырмашылығы Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер
2.Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.
IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
2.Сабақ мақсатын түсіндіру.
V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.





VI.Түсінік тексеру.Карточкамен жұмыс.
А
1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?
2. Олар неше топқа бөлінеді?
3. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?
Б
1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?
2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
В
1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен дәлелдеңдер.
VII.Бекіту.
Кесте. Берілген кесте бойынша оқушылар жемістерді бөліп жазады.
Қауашақ, жидек, сүйекті шырынды, дәнек, бұршақ қап, жидек тәрізді, алма жемісі, асқабақ жемісі, жаңғақ, бұршаққын.
Шырынды жеміс Құрғақ жеміс
Экспресс диктант. Оқушылар дұрыс немесе қате екенін дұрыстығын табады.
^ дұрыс - қате
Піскен жемістің дәмдік сапасы жоғары әрі тәтті.
Нашар піскен жеміс ұзақ сақталады.
Үсіген жемістердің дәмдік құндылығы артады.
Шырынды жемістер шырыны мол, әрі жұмсақ.
Шіріген жемістер адам өмірін ұзартады.
Жемістер хош иісті әрі дәмді.
Семантикалық карта. Оқушылар кесте бойынша жемістерді тиісті бағанаға бөліп жазып көрсетеді.
Сүйекті жеміс Жидек жеміс Көптұқым-ды жидек Қауашақ Дәнек Жаңғақ Бұршаққын Бұршаққап Тұқымша Шырынды
1. Бұршақ ; 2. Қызанақ ; 3. Алма ; 4.Бидай; 5.Орманжаңғақ; 6. Жүгері; 7. Үрмебұршақ; 8.Өрік; 9. Күнбағыс; 10.Көкнәр; 11.Алхоры; 12. Жүзім; 13. Қырыққабат; 14. Қарбыз; 15. Асқабақ.
VIII Үйге тапсырмасын беру, оқушылар білімін бағалау: 23-оқу.Кестені толтыру .Сурақтарға жауап беру.
Бағалау парағы.
Оқушының аты-жөні Сен білесің бе? Венн диаграма-сы Карточка-мен жұмыс Кесте толты-ру Экспресс диктант Семан-тикалық карта Жал-пы балы
Бағалау. Тексерілді:

Приложенные файлы


Добавить комментарий