Урок по казахскому языку 7 класс


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ
Сабақ жоспарыСАБАҚ:
Ұқсатым.Сән.Талғам. Мектеп:№ 20 орта мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Қожабекова Н.В.
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7.Т2. Тыңдалым мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальды ақпараттарды анықтау.
7.Т3.Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
7.О6.Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу
7.А5.Диалогте қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші-тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: : киім түрлерін, сән түрлерін атай алады, сөз тіркестерін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздердің мағынасын ажырата отырып, әңгімелесе алады
Кейбір оқушылар орындай алады: сән туралы өз ойын айта алады, тақырыпқа сай мәтін құрастыра алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: жаңа сөздердің мағынасын түсінеді, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: өз қалауынша, талғам, нәзік реңкті, орташа өкшелі,қатпарлар, желбіреушілер, киім кию мәдениеті, замануи сәнгерлер, қимылға кедергі келтірмейді.
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?
Has every learner’s choice been recorded? How can we check?
Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?
Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?
Талқылауға арналған сұрақтар:
Киім кию мәдениеті деген тіркесті қалай түсінесің?
Киім кию мәдениеті дегеніміз заманға сай, талғаммен, ыңғайлы киіну
Не себепті ….деп ойлайсыз? Егер адамдар киім кию мәдениетін сақтамаса, талғам бұзылады, әр адам өз бетінше неше түрлі нәрселерді үстіне іліп алып жүре береді, сонымен қатар киім адам денесіне сай, ыңғайлы болу керек
ишара:
Алдыңғы оқу: Алдыңғы сабақтарға қатысты сұрақ қояды, үй тапырмасын тексереді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
5 мин Қызығушылық ояту
«Дүкенге бару» тренингін жүргізу арқылы киім түрлерін еске түсіру, оқушылыларды ұйымдастырып назарын шоғырландыру.
Катя дүкенге барып, көйлек сатып алды, Макпал дүкенге барып мәсі сатып алды, Ербол дүкенге барып етік сатып алды,Паша дүкенге барып пиджак сатып алды.
Ортасы
35 мин
Ой қозғау. «Миға шабуыл»
Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
Мақалдың мағынасына көңіл бөлу. Неліктен адам көркі шүберек дейміз?
В человеке должно быть все прекрасно: и лицо, и одежда, и душа, и мысли (А.П.Чехов)
Орыстың жазушысы А.П.Чехов адамның сұлулығына нелерді жатқызады екен?
ҚБ – жақсы, өте жақсы, сенің ойың дұрыс, жарайсың.
1-тапсырма
Көрсетілген киім үлгіренің қандай стильге жататыны айтып көреді
Суреттегі киімдер қандай стильге жатады екен?
Қай киімді қандай жағдайда киюге болады?




Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.
Эмоциалық бағалау: керемет, жақсы, кішкене ойлан, толықтыр.
Ойлан-жұптас-бөліс әдісін қолдану арқылы мәтінмен жұмыс істеу.
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беру.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді кинуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады. Қоғам дамыған сайын сән, талғам туралы түрлі пікірлер мен түсініктер қалыптасып, киімдік стиль түрлері пайда болды, сән дами бастады.
Сән – киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Классикалық стиль:
-Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
-Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
-Түстер қатты ашық емес және нәзік;
-Аксессуарлар мен әшекейлері ұстамды;
-Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер;
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спрттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдеміліік, ерекшелік, сүйкімділік пен нәзіктікті ерекше көрсетеді.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмысы кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Сонымен қатар сән өте демократияшыл десе де болады. Көп жастардың киім кию үлгісі мәдениеттіліке жатпайды. Соңғы кезде неге киім кию мәдениеті төмендеп жатыр. Ол неге байланысты, деген сұрақ туындайды.
3-тапсырма
«Сымсыз телефон» әдісін қолданып сұрақтарға жауап береді. (ЖЖ)
Сән деген не?
Қандай киім түрлері туралы айтылады?
Стилдің қандай түрлері бар?
Сізге қандай стиль ұнайды? Неліктен?
Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?
Дескриптор
-сән туралы түсінеді, ойын айтады;
-мәтінде айтылған киім түрлерін түсіндіреді;
-стильдің түрлерін ажыратады;
-стиль туралы ойын айтады;
-мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыды.

4-тапсырма
Топтық жұмыс. Әр топ берілген сөз тіркестерін қолданып, «Менің түсінігімдегі сәнді киімдер» тақырбына мәтін құрастырады.
Сәнді киіну
Киім кию мәдениеті
Сапалы мата
Ыңғайлы сезіну
Замануи сәнгерлер
Таңдау идеясы
Әр түрлі стильдер
Қимылға кедергі келтірмейді
Ыңғайлы
Дескриптор
-сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады;
-сөз тіркестерін орынды қолданады;
-тақырыпқа сай мәтін құрастырады;
Бағалау критерийлері арқылы әр топ бір-біріне баға береді. (түрлі-түсті стикерлер жабыстыру)
Үйде
Жұмыстаста
Демалыста

5-тапсырма.Жеке жұмыс. «Хикаят картасы» арқылы әр оқушы адам қандай жағдайларда қалай киіну керек, деген сұраққа жауап береді


Кеште


Кездесуде



6-тапсырма.
Ой толғаныс. Екі жақты күнделік әдісі
Мәтіндегі ой Менің көзқарасым
1.Әр адамның өз қалауынша сәнді кинуіне мүмкіндігі бар.
2. Соңғы кезде неге киім кию мәдениеті төмендеп жатыр? 1. Әр адамның сәнді киінуіне мүмкіндігі жоқ, себебі...
2.Әр адам өз қалауымен, талғамымен киінуге тиісті, себебі...
АКТ
Аудиотыңдалым
Мәтін, сөздік дәптерлері

Постер
Маркер
Қағаз
қайшы
Соңы
5 мин
Рефлексия
Тақтадағы сөйлемдерді аяқтау:
- Мен мынаны білдім.....
- Маған қызық болғаны....
- Маған қиын болғаны....
- Мен енді....
- Менің ойым мынандай....
- Мен мынаны жасадым...
- Мен таң қалдым...
- Мен мына жерді түсінбедім....

Приложенные файлы


Добавить комментарий