«Урок по географии на тему «Саяхатшылар.Зерттеушілер»(6 класс)»


Тексерілді

Директордың
оқу – ісі жөніндегі
орынбасары
Сабақ № 2
Сынып: 6
Пән: География
Тақырыбы: Саяхатшылар, зерттеушілер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың тәсілі : 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс

Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды белгілеу
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақты қорытындылау
Сабақты бекіту

Үй тапсырмасын беру.
Оқушыларды бағалау .
Жаңа сабақ тақырыбы: Саяхатшылар, зерттеушілер
Ежелден жерді зерттеуге көптеген ғалымдар өз өмірін қиып үлес қосты. Жер туралы мәліметтер жазу түрінде жиналып отырған. Алғашқы адамдар өзендерге, тасқа, сүйекке, ағаш қабығына сүйеніп мәліметтер қалдырған. Ежелгі мәдениет орталықтары Қытай, Үнді, Персия, Египет сауда- саттық сапарларымен мәліметтер қалдырған. Бұл мәліметтер жазба еңбектерге енді. География ежелгі Грекия, Римде көтерілді. Олар Жерді сипаттап және картасын жасады. Гректер дүние бөлігі туралы түсініктер енгізген. Еуропа және Азияны бөлді. Римдер оған Африканы қосты. Жердің шар тәріздігі белгілі болды. ΧΥ-ΧΥΙΙ ғасырда тарихқа Ұлы географиялық ашулар заманы атпен енді. ΧΥ ғ неміс картографы М.Бехайм картасында Еуропа, Азия, Африка еніп, Америка туралы түсінік жоқ болды. Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде дүниежүзі картасының Африка, Солтүстік, Оңтүстік Америка, Австралия материктері, Тынық мұхиты енді. Америка дүние бөлігін Х.Колумб экспедициясымен басталды. 1519-1522 жылары Ф.Магеллан экспедициясы тұңғыш рет дүние жүзін айнала жүзді. Магеллан ғылымға үлкен жаңалық қосты. Жер шары шар тәріздес екендігі іс жүзінде дәлелденді. Америка мен Азия аралығын Тынық және Атлант мұхиты алып жататындығы ашылды. Жер шарының көп бөлігі құрлық емес – су үлесі анықталды. ΧΙΧғасырда материктің ішкі бөлігі зерттелді. 1845 жылы Санкт-Петербургте Орыс География қоғамы құрылған. Азияның ішкі бөлігі зерттелді. ΧΧ ғасырдың ең соңынан Антарктиданы зерттей бастады. Мұнда 16 ел ғылыми станцияларын орнатып, оның табиғатын жан-жақты зерттеді. Мұзды материкті Кеңес Одағы ғалымдары зерттеді. Мұхиттық зерттеулер көптеген жаңалық әкелді. Шұңғыма су жоталар солардың бірі. Атлант су жотасы 18 мың км/ге созылған. Жер серіктері зымыран техникасының ғарыш кемелері ұшырылуы жаңа ғылыми мәліметтер берді. Олар ауадағы қауіпті құбылыстарды хабарлап отырады. Ғарыштық зерттеулер топырақтың өсімдік жамылғысының жай-күйін бақылайды
Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.
Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.
Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2-слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.
Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ-ның түңғыш рет дж-ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2-слайд.
Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.
Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.
Сабақты қорытындылау
Орыс, грек, француз ғалымдарының үлесі зор болды. Ф.Магеллан, Х.Колумб, М.Бехайм, Ш.Уалиханов, Рим, Грек, т.б. Ғылым ΧΙΧ-ΧΧ ғ. Толық зерттелді. Ол ежелгі Грекияда құралды. Ғылымның дамуына бірнеше ғалымдар үлес қосты
Сабақты бекіту. Сұрақ - жауап
Үйге: Саяхатшылар, зерттеушілер
Оқушыларды бағалау .

Приложенные файлы


Добавить комментарий