«Урок по физике на тему «Радиактивтілік.Альфа,бета,гамма-с?улелері» (11 класс)»


«Радиактивтілік.Альфа,бета,гамма-сәулелері»
11- сынып .Физика (қолданбалы курс)
Сабақтың тақырыбы: Радиактивтілік.Альфа,бета,гамма-сәулелері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:. Оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру, сонымен қатар оқушыларға радиактивті ыдырау заңы туралы теоремаларды дәлелдеп формулаларын қорытып, осы формулаларды есептер шығару кезінде қолдана білуге бағыттау
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ғылыми ой-ізденістерін,логикалық ,танымдық ,шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, физикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыружәне іскерліктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақ түрі: практика
Сабақ әдісі:  тест, сұрақ-жауап, есеп.
Көрнекіліктер: графопроектор, карточкалар, слайд,Менделеев таблицасы,плакат ,маркер,стикерлер, Білім ағашы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
Психологиялық дайындық: Танысу мен амандасу тренингі. «Менің есімім және болашақ мамандығым» Тренинг барысында оқушы есімін және балалық шақтан армандаған асыл арманын, мамандығын тіркестіре атауы тиіс.
Топқа бөлу: 2 топқа бөлінеді.
1-топ:Альфа ыдырау,
2-топ:Бета-ыдырау
I. «Еске түсіру стратегиясы»: топтық жұмыс
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында 2 топ флипчарт дайындайды, постер құрады, яғни 2 топ тақырып бойынша қорғайды.
1-ші топ: Альфа-ыдырау
2-ші топ :Бета-ыдырау.
Әр топтан 2 оқушыдан шығып қорғайды.
II. Өз үйіңді адаспай тап (сұраққа жауап беруі бойынша топ басшысы таңдалады).
1.Альфа-ыдырау формуласы -
2. Бета-ыдырау формуласы –
3. Гамма-сәулесінің формуласы –

4.Меншікті байланыс энергиясы -
III.Кім жылдам? (ауызша)
1-топ: Күмістің 47107Ag, кюрийдің 96247Cm ,радийдің 88226Ra ядроларының құрамы қандай?
2-топ: Германий 3273Ge, ниобий 4193Nb, қорғасынның 82207Pb ядроларының құрамы қандай?
Есептер шығару:
1.Актиний     89225Ac,     изотопы үш рет    α-ыдырауға  ұшырағаннан
кейін қандай элемент пайда болады?
2.Ксенон    54140Xe   ядросы 4-рет β-түрленуге ұшыраған соң
қандай тұрақты ядроға айналады?
3. Торий    90232Th    изотопы ядросы екі     α -ыдырауға  екі электрондық
β-ыдырауға  тагы бір     α-ыдырауға ұшырайды. Осы түрленулерден соң
қандай элементтің ядросы түзіледі?
1)Берілгені :    Шешуі :     ZХА ————2 Не4 + Z-2 УА+4                    
α
n =3 89 Ас 225 ———- 3 2 Не 4 + 83 Х 213
89  Ас  225
————————-                   жауабы :          83 Х213 = 83Ві213  (висмут)
Z Х А-?
 
2)Берілгені :
n = 4                       шешуі :       Z ХА ————- -1 е0 + Z+1 У А+γ
β
54 Хе 140                                                           54 Хе 140 ————- 4 -1е0 +58 Се 140 + 4γ
——————
Z ХА-?                     Жауабы :                 54 Х  140   =  58  Се 140     (церий)
 
3)Берілгені:
n 1 = 3                   шешуі :           90 Тһ 232————- 3 2Не 4 +2 -1 е0 + 86 Х220 +2 γ
α
n2 = 2                                             86 Х 220 =  86 Rn 220   (радон)
β
90 Тһ 232
——————
Z Х А =?
 
IV.Сергіту сәті. Жеті жұрттың тілін біл.Оқушыларға сұрақтар немесе жұмбақтар қойылады. Оқушылар қазақша-орысша-ағылшынша жауап беруі тиіс.
1. Ең жақын жүлдыз. (Күн-солнце-sun)
2.Судың қатты күйі. (Мұз- лед- ice)
3.Аса қажет өмірге халық үшін,Пайдаланады күн сайын жарық үшін.(ток-ток-energy)
4.Жердің жалғыз серігі.  (ай-луна-moon)
5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
6 .Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,Жүргенде жол салады табандатып. (Қалам-ручка-pen)
7.Сандығым бар өзгеше, Қолыма алып жүремін.Ішін ашып ақтарып,Өмір сырын білемін. (Кітап-книга-book)
8. Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам дым да жоқ.(жұлдыз-звезда-star)
9.  Жылт - жылт етеді,Жылғалардан өтеді (су-вода-water)
10. Қозғалысқа келтіріп,Жылдамдығын береді.Өлшемдерін қарасақ,Ньютонға ол келеді. (күш-сила-force)
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін саралау. Теориялық тест тапсырмасы беріледі.
1 2 3 4 5 6
С А В В А С
Қорытынды: Сабақтан алған әсерлеріңізді мына стикерлерге жазыңыздар. Оқушылар ұсынысын, ойларын ,сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып білім ағашына әкеліп жабыстыруыңызға болады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий