«Урок на тему «Таным»


Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: ҚМТҚ. Тақырыбы: 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Алыс-жақын. Мақсаты: 2 цифры туралы алған білімдерін бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу; 1,2,3 цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру; «алыс», «жақын» ұғымдарын мағына жағынан айыра білуге үйрету. Қажетті көрнекіліктер: санау материалдары, сюжетті суреттер.
Іс-әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Педагог балаларға бірнеше жұмбақ:
Далада жүр шапқылап,
Керемет, тым саққұлақ.
Тек есектен басқада
Оған ұқсар жоқ құлақ.
Басы жерде бұғып тұрады,
Жап-жасыл сақалы
Жерге шығып тұрады Балалар жұмбақтардың жауабын шешеді.
Қоян.
Сәбіз.
Қорытындылау Өзін-өзі бағалау 1-тасырма.
Педагог балалрадан суретте неше сәбіз, неше қоян бар екенін сұрайды. Суреттегі заттарды санату арқалы 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекітеді. Содан соң екі дөңгелек пен 2 цифрын бояуды тапсырады.
2-тапсырма.
Педагог сол жақта қандай цифр тұрғанын сұрайды.
2 цифрына қанша зат сай келсе, сонша затты бояуды тапсырады. Зат пен санды сәйкестендіре білуге үйретеді.
Сергіту минуты.
Ойнақтаған ор қоян, (жүгіреді). Түлкіні көріп орманда (құйрығын бұлғандатады).
Орғып-орғып секіреді (секіреді),
Бұтаға барып тығылады (отыру).
3-тапсырма.
Педагог балаларға суретті мұқият қарап шығып, алыс (қашық), жақын слынған заттардың атын атап беруді сұрайды.
Балаларға мынадай тапсырмалар береді:
-Қоянға жақын тұрған сәбізді бояңдар.
-Сәбізден қашық тұрған қоянды бояндар.
Балалар бояу жұмыстарын орындайды.
Сол жақта 2 цифры тұрғанын айтады.
2 камзол мен 2 қалпақты бояйды.
Балалар жаттығуларды педагогпен бірге жасайды.
Балалар суретпен танысады және ондағы заттардың атын атап береді.
Балалар тапсырманы дәптерге орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мадақтау айтады. Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже: біледі: 2 цифрын, «жақын мен алыс» ұғымдарын дұрыс пайдалануды. игереді: 2 цифрын өзге цифлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді және 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді; меңгереді: 2 цифры туралы түсінікті. Алыс пен жақынды ажыратуды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий