«Урок на тему «Поиск информации в Интернет» на казахском языке»


Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор желісінде ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға интернет желілермен эжұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету. Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Көрнекілік құралдар: компьютер, интерактивті тақта, слайд, интернет желісі.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу, түгелдеу, тексеру.
Ә) оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу
«Шаттық шеңбері» тренингі
Бір - бірінің қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебіздер айтады:
“ Көкке шуақ шашылып.Құтты қонақ келіпті,Төріме міне еніпті.Амандасу үлкенге,Тәрбиенің басы ғой.Ал, қанекей, бәріміз,Сәлем дейік үлкенге.
Сәлем дейік кішіге,
Біз бақытты баламыз!”
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын әрбір оқушыдан сұрау, оқушылардың үй жұмыстарын тексеру.
Сұрақ-жауап:
Компьютерлік желілердің қандай түрлерін білесіз?
Желіге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қандай құрылғыларды қолдануға болады?
Топологиялық желілердің түрлері туралы айтып беріңіз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Интернет сөзі «international net work» деп аталатын сөз тіркестерінен тұрады, ағылшын тілінен аударғанда «бүкіләлемдік ғаламдық желі» дегенді білдіреді.
Интернет – бұл сандық технологияны пайдалану арқылы ақпаратты жіберуге арналған байланыс құралы. Ғаламдық және бүкіләлемдік интернет желісі теледидарлық, радио, мобильдік, телфондық, телеграфтық байланыстарды кеңінен тарататын желі болып табылады.
Әр жерде орналасқан жергілікті желілердің арасындағы байланысты теллекоммуникациялық қызмет көрсету мамандары жүзеге асырады. Интернет желісіне қосылған клиент интернет қызметін қолжетімді етіп пайдалана алады. Ең танымал интернет желісінің қызметтері:
1) WWW (WorldWideWeb) – ақпараттық жүйенің гипермәтіндік құжаттары.
2) Электрондық пошта.
3) ҒТР (файл алмасу)
4) Форумдар (жаңалықтар, конференция, телеконференция топтары).
5) Жаңалықтар қосылу.
6) Іздестіру жүйелері.
7) Чаттар (бос сөз).
8) Қажет кезде қарым қатынас жасау.
9) ICQ (ISeekYou) – көзбе көз әңгімелесу, топта әңгімелесу, файлмен алмасу.
10) Интернет телефония.
Желіге қосылған әр компьютердің өзіне тән мекенжайы болады. Мекенжайды есте сақтауды жеңілдету үшін домендік атау қолданылады. Ол латынның баспа әріптерімен және нүктемен бөлінген бөлімнен тұрады.
Ұйымдар өзінің кәсіби қызметін белгілеу үшін халықаралық белгіні пайдаланады:
Gov – үкіметтік ұйым.
Com – коммерциялық ұйым.
Edu – білім мекемелері.
Mil – әскери ұйымдар.
Net - желіні басқаратын және оның құрылымына кіретін ұйымдар.
Org – басқа да ұйымдар.
Әр ел өзіне ғана тән екі әріптен тұратын белгілерін иеленген:
Kz - Қазақстан
Uk - Украина
Ru - Ресей
Ko - Корея
De - Германия
Jp – Жапония
Интернеттің түрлі серверлерінде сақталған ақпаратқа жылдам қолжеткізу үшін ресурстың немесе нысанның нақты жағдайын анықтап беретін URL – Uniform Resource Locators (ресурстардың бірыңғай көрсеткіші) мекенжайы қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің домендік атауы edu.gov.kz болып табылады, ҚР БжҒМ web – сервері: www.edu.gov.kz URL – адрес http://www.ripkso.kz мына мағынаны білдіреді: http – web-сервер хаттаманы қолданады, www – түйін web-те орналасқан, Республикалық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының түйіні – ripkso, kz – Қазақстанның түйіні.
Интернетте ақпаратты іздеу үшін қажетті мәліметтерді тез тауып, іздестірудің толық әрі нақтылығын қамтамасыз ететін заманауи іздестіру машиналарын пайдаланған тиімді.
Интернеттегі кез келген құжат web-беттерден тұрады. Web-беттеріндегі мәтін басқа түспен ерекшеленуі және асты сызылған фразадан тұруы мүмкін. Мұндай нысандар гиперсілтеме деп аталады және ол басқа құжаттармен байланыс жасауға арналған. Web-беттер браузер деп аталатын арнайы программаның көмегімен қарастырылады.

Қазіргі заманауи браузерлер үш түрлі сипаттамамен ерекшеленеді, олар: қарапайымдылығы, қауіпсіздігі және қызмет түрлерінің толықтығымен.
Microsoft Windows операциялық жүйесінде үнсіз келісім бойынша инсталляциясымен Internet Explorer программасы орнатылады.
Электрондық пошта – компьютерлік желіде электрондық хабарламаны алу, қабылдау және жіберу бойынша қызмет көрсету технологиясы.
VІ. Жаңа тақырыпты бекіту.
А) Шығармашылық жұмыс.
Кез келген іздестіру серверін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз. Ақпарат көзінің мекенжайын көрсетіңіз.
Абай Құнанбаевтың туған жерін және 42 қара сөзін тауып беріңіз.
Ә.Қастеевтің «Түрксіб» картинасы қашан жазылған?
Ақпараттық технология туралы мәлімет ізде. Мәліметті оқып, өзіңе қажеттісін мәтіндік редакторда сақтап қой.
Ә) Сергіту сәті.
Әртүрлі фигуралардың жылжуына байланысты көз жаттығуларын орындайды.
Б) Электронды оқулықпен жұмыс.
SinKaz программасымен интернет бөліміндегі тапсырмаларын орындап, тест сұрақтарына жауап береді.
В) Бекіту сұрақтар
- Интернет дегеніміз не?
- Интернеттен ақпаратты қалай іздейміз?
- Браузер түрлерін атаңыз.
ҮІІ. Үйге тапсырма: §5.2 тақырыпты оқу, тест тапсырмасын құру. Интернет желісі туралы қызықты мәлімет іздеп келу.
ҮІІІ. Бағалау:

Приложенные файлы


Добавить комментарий