«Урок на тему «?орша?ан ортамен таныстыру»


Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен танытыру. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері. Мақсаты: ұлттық киім түрлерімен таныстыру. Олардың өзіндік ерекшеліктерінмен таныстыра отырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуге, әңгімелеп беруге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қөрнекіліктер: ұлттық киім киген қуыршақтар, суреттер. Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Әдіс-тәслдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Іс-әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады. Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Қорытындылау Өзін-өзі бағалау «Ойлап тап, не артық» ойыны:
Мақсаты: жалпы киім туралы түсініктерін бекіту. Қабылдауы мен есте сақтауын дамыту.
Ойын шарты: бала, педагог айтқан бірнеше сөздердің ішінен артық сөзді тауып, неліктен артық сөз деп санайтындығын түсіндіруі керек.
Педагог жалпы киім түрлері туралы сұрайды.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Киімдердің түрлері көп екен және олар бірнеше топқа бөлінеді. Бүгін біз сондай киімдердің бір түрі қазақтың ұлттық киім түрлерімен танысамыз. Ол үшін біз бүгін арнайы ұлттық киімдерден ұйымдастырылған көрмеге барамыз.
Педагог балаларға көрмені аралап, ұлттық киім киген қуыршақтарды жақсылап бақылап алуларына мүмкіндік береді.
Көрмені ұйымдастырушы ұлттық киім үлгілері туралы айта отырып, тақия, көйлек , камзол киген қыз киіпіндегі қуыршақ пен тақия, шапан киген ұл кейіпіндегі қуыршаққа ерекше көңіл аудартады. Олардың күнделікті киетін киімнен айырмашылығын, ою-өрнектермен әшекейленуі туралы айтады.
Сергіту сәтін өткізу.
Педагог сергіту сәтін ұйымдастырады да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, балалардың орталықтағы жұмысын, әрекетін қадағалайды.
Дәптермен жұмыс.
Балалар педагог айтқан сөздердің ішінен артық сөзді тауып айтады және неліктен артық деп санайтындығын туралы өзінің ойын айтады.
Өткен материалдарды естеріне түсіре отырып, ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері, олардың айырмашылығы, қалың және жұқа киімдер, баскиім, сырт киім және аяқкиім болып бөлінетіндігін туралы айтады.
Көрмеге келеді. Көрмені аралап, ұлттық киім үлгілерін ұстап көреді, олардың матасы, ою-өрнектері туралы бір-бірімен пікір алмасады, білмегендері болса сұрайды.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін, қандай ұлттық киім түрін өрнектегенін айтады.
Күтілетін нәтиже: біледі: ұлттық киім түрлері тақия, бүрмелі, көйлек, камзол, шапанның өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы; қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуді. игереді: тақияның қыз балалар мен ұл балаларға да арналып жасалғандығын және олардың айырмашылығын. меңгереді: ұлттық киім түрлерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшелігі және күнделікті киетін киімдерден айырмашылығы туралы білімді игереді.

Приложенные файлы


Добавить комментарий