«Урок на тему «Кар ж/е аккала»


Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Қар және аққала.
Мақсаты: қағазды умаждау арқылы қар кесегін және аққаланы жасай білуге үйрету,
қоршаған ортамен таныстыру, кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету,
ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаздар, желім, қыл-қалам, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларға үлгі сурет бойынша әңгімелеу ұсынылады. Қардан не жасауға болатынын сұрайды. Үлгі бойынша талдау жасап, қар кесектері мен аққаланы қалай жасауға болатынын түсіндіреді. Балалар қардан өздері жасаған бейнелерді атайды, аққала жасауа дайындалады.
Ұйымдастырушы-лық ізденістік Педагог қала көрінісі салынған суреті бар қағаздарды таратады да, балаларға не істеу керектігін түсіндіреді:
-Қағаздың астыңғы жақ бөлігіне қар кесектерін орналастырамыз;
-Аққаланы жасау үшін ақ қағазды үш бөлікке: үлкен, кіші, одан кіші бөліктерге бөліп аламыз;
-Оларды ретімен алып алақан арасына салып умаждаймыз;
-Дайын болған бөліктерді (үш бөлікті) қала көрінісінің төменгі жақ бөлігіне орналастырып желімдейміз;
-Бас киімін, көздерін, қолын т.б. бөлшектерін қарындашпен немесе фломастермен толықтырып әшекейлейміз;
-Ұсақ қиындылардан ұсақ қар кесектерін жасап, оны да қар жауып тұрған тәрізді етіп орналстыруға болады.
Педагог балалардың іс-әрекетінде шығармашылықпен өздігінен жұмыс жасауларына бағыт береді. Балалар қар кесектеріне және аққаланың дене бөліктерін қағазды умаждау тәсілі арқылы жасап, оны біріктіріп, белгілігі бір мазмұн бере бейнелеуге талаптанады.
Рефлексиялық- түзетушілік Педагог қар кесегінің және аққаланың қағаздан қалай жасалғанына және оны балалардың қалай орналастырғанына қарай отырып, іс-әрекетті қорытындылайды. Балалар жасаған аққалаларын және қар кесектерін бір-біріне көрсетіп, еңбектерін өздері бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: қағазды умаждау арқылы қар кесектерімен аққала жасауды;
игереді: аққала мен қар кесектерін кеңістікте дұрыс орналастыруды;
меңгереді: қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуді.

Приложенные файлы


Добавить комментарий