«Урок на тему «Excel-дегі м?ліметтер базасы»


Тақырыбы:Excel-дегі мәліметтер базасы
Досмагамбетова А.А.
№18 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика және математика пәндерінің мұғалімі
Қазіргі оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты міндеті – оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашылық ойлауын қалыптастырып, дамыта білуі.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасын құру.
Дамытушылық: Деректер базасын құруда қолдану дағдысын қалыптастыру, деректер базасын пайдаланып, оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.
Тәрбиелік: Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Сабақтың көрнектілері: Кестелер, тесттер, таратпа материалдар.
Сабақтың құрал – жабдықтары: Дербес компьютер, MS Excel бағдарламасы, ИТ, ФИНИСТ тестілеу бағдарламасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты электрондық кесте MSExcel-де деректер базасын құрып үйрену, оны ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау барысында қолдана алу. МБ практикада қолданылуы туралы түсінік беру. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.
II. Өткенді пысықтау.
Ауызша сұрақтар:
MSExcel бағдарламасын қалай іске қосамыз? Неше жолы бар?
MSExcel файлы қалай аталады?
MSExcel-де үнсіз келісім бойынша қанша парақ орнатылған?
Формула қандай белгіден басталады?
СУММ функциясының қызметі?
Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
1 256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады А Ұяшық
2 Бұл жұмыс беттерінде деректерді графиктік түрде түрлендіру В Электрондық кесте
3 Баған мен жолдың қиылысы С Жұмыс парағы
4 Деректерді өңдеу формулары Д Диаграмма
5 Бұл сандық мәліметтерді өңдеуге, оларды кестелерде түрлендіріп сақтауға негізделген диалогтық режимде жұмыс жасайтын программа Е СУММ, СРЗНАЧ, ЕСЛИ
Жауабы: 1 2 3 4 5 С Д А Е В Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы апарып қойыңыз.
«...диаграммада берілген бірқатар деректерді ажыратуға көмектеседі»
Тор
Ұяшық
Баған
Аңыз*
Тақырып
Жауабы: Аңыз
«... диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады»
Тор
Ұяшық
Баған
Аңыз
Тақырып*
Жауабы: Тақырып
III. Жаңа сабақ
Мәліметтер базасы – қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
Мысалы, мәліметтер базасында кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады. МБ, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді.
МБ – белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Excel –де МБ құру кезінде төмендегідей термин сөздер қолданылады:
Тізімнің жолы – МБ-ның жазылуы;
Тізімнің бағаны – МБ-ның өрісі.
МБ-ның құрылымдарына шектеулер бар:
Мәліметтердің бірінші қатарында қайталанбайтын өріс аттары болу керек;
Мәліметтер базасының қалған қатарларында жазулар болу керек;
Өріс (баған) бойынша ақпараттар біртекті, яғни тек сандар немесе тек қана мәтін болу керек.
IV. Пысықтау сұрақтары.
Мәліметтер базасы д/з не?
МБ-ның қолдану аясы?
V. Бекіту тапсырмалары.
1. Практикум 9.1 тапсырма.
2. ФИНИСТ тест бағдарламасынан тест алу.
Тест тапсырмалары:
Microsoft Excel – бұл …
*кесте түрінде құрылымдалған мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
тамғалық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің ресурстарын басқаратын оның құрылғысы
компьютердің ресурстарын басқаратын жүйелік бағдарлама
Электрондық кесте ... болып табылады.
*нөмірленген жолдар мен латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген бағаналардың жиынтығы
латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген жолдар мен нөмірленген бағаналардың жиынтығы
нөмірленген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
пайдаланушы еркін түрде атау берген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
Excel бағдарламасы ... үшін пайдаланылады.
мәтіндік құжаттарды әзірлеу
*электрондық кестелерді әзірлеу
графикалық кескіндерді әзірлеу
мәтіндік құжаттарды, кестелер мен кескіндерді әзірлеу
Excel файлы қалай аталады?
*Excel кітабы деп
Excel кестесі деп
Excel жұмыс беті деп
Excel жұмыс томы деп
Excel бағдарламасында үнсіз келісім бойынша неше парақ орнатылады?
5 парақ
*3 парақ
н2 парақ
конецформыначало6 парақ
Excel. Ұяшық дегеніміз не?
2. 2
2жлбжапрба белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Бұл жұмыс беттерінде деректерді графиктік түрде түрлендіру
*Баған мен жолдың қиылысы
256 бағаннан және 65536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі
МБ дегеніміз . . .
*Белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Бұл жұмыс беттерінде деректерді графиктік түрде түрлендіру
Баған мен жолдың қиылысы
256 бағаннан және 65536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі
Мәліметтер базасының өрісі ...
Тізімнің жолы
*Тізімнің бағаны
Ұяшық форматы
Ұяшық диапазоны
Мәліметтер базасының жазуы дегеніміз не?
*Тізімнің жолы
Тізімнің бағаны
Ұяшық форматы
Ұяшық диапазоны
Диаграмма - ...
белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Бұл жұмыс беттерінде деректерді графиктік түрде түрлендіру
*Баған мен жолдың қиылысы
256 бағаннан және 65536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі
Excel файлының кеңейтілуі қандай?
.jpg
.bmp
*.xls
.doc
Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
Ұяшық, тор, тақырып
Тақырып, жол, аңыз
Тор, тақырып, аңыз
Тор, аңыз, ұяшық
Word мәтіндік редакторының файлы қалай аталады?
Кітап
Құжат
Сурет
Кесте
Word мәтіндік редакторының файлының кеңейтілуі . . .
.jpg
.bmp
.xls*.doc
СРЗНАЧ функциясының мәні ...
Қосындыны есептейді
*Орташа мәнді есептейді
Шартты тексеру
Максимальды санды табады
VI. Үй тапсырмасы. 9.1 тақырып.
VII. Бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий