«Урок на тему «?ауіпсісдік ережесі. Дене шыны?тыру дегеніміз не?»


I – тоқсан. I – бөлім
№ 1 сабақ
Тақырып: Қауіпсісдік ережесі. Дене шынықтыру дегеніміз не? Мектеп: Приреченскорта мектебі
Уақыты: Мұғалімнің аты жөні: Жуманьязов Алмаз Уразбайулы
Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары 1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау
Сабақтың мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шашырап жүру.
Бір орында үйіріле айналып, секіру.
Ұжымдық жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Кеңістікте қозғалудың әртүрлі тәсілдерін табу.
Орындалуы тиіс негізгі нұсқаулықтарды орындау.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Залда қауіпсіздік техникасын сақтау.
Заттардан аттап өту кезінде тепе-теңдікті сақтап, денесін дұрыс ұстау.
Допты алға-жоғары лақтырып, қос қолдап ұстап алу.
Даңғыра дабылы немесе музыка ыңғағымен сап түзіп жүру.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Биіктетілген тіректе статикалық тепе-теңдікті сақтау.
Тәжірибесіне сүйеніп, бұрын үйренгенімен және істегендерімен салыстырып, жаттығулардың орындалуын қадағалау.
Тілдік мақсат Оқушылар спортзалдағы мінез-құлық ережелерімен және спорттық мүлікпен танысып, жаттығуларды орындаған кезде тәуекелдерді анықтай алады.
Пәндік лексика және терминология:
Спорттық мүлік, қауіпсіздік техникасы, «шашырап» жүру, секіру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Спортзалдағы мінез-құлық ережелері не үшін керек?
Сендерге ең қатты ұнаған спорттық мүлік қандай?
Доппен тағы да қандай әрекеттер жасауға болады?
Доптар арқылы аттап өткен кезде қандай қозғалыс-тірек дағдыларын пайдаландыңдар?
«Қуыспақ» ойынында қандай қозғалыс-тірек дағдыларын пайдаландыңдар?
Неге екенін айта аласыңдар ма?
Неліктен дене шынықтырумен айналысқан маңызды екенін айта аласыңдар ма?
Неліктен көз жұмып, «шашырап» жүрген кезде сақ болу керектігін айта аласыңдар ма?
Неліктен допты алға-жоғары лақтыру және доппен қимыл жасау кезінде айтарлықтай арақашықтық сақтау қажеттігін айта аласыңдар ма?
Алдын ала оқыту Жоспар
Уақыт аясы Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
0 – 3 минут
4 -6 (Ұ) «Спорт жұмбақтары ойын жаттығуы, «Спортзалдағы мінез-құлық ережелері» тұсаукесері.» «Шашырап» жүрісі. Оқушыларға музыка ырғағымен зал кеңістігінде бір-біріне соқтығыспай жүруді, ал музыка біткен кезде сапта өз орнын жылдам табуды ұсынады. Өз орнын барлығынан жылдамырақ тапқан, өз орнын табуға қиналған оқушыларға аудартады. Кең, бос кеңістік. Таныстыруға арналған спорттық мүлік. АКТ. Дабыл. «Баста-тоқта» белгісі ретінде пайдалануға арналған ысқырық.
7 – 15
16 – 24
25-30 (Ұ) Үшеуден қайта сап құру.
Құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Жаттығулардың орындалуын көрсету.
(Ұ) Бір орында үйіріле айналып, екі аяқтап секіру
Бір орында адымдап жүрумен кездестіріп 2-3 рет орындау. Бір орында адымдаған кезде тізе 90 град-қа бұрышпен көтеріледі, аттас қол шынтақ тірелгенге дейін артқа қарай түзетіледі, арқа түзу. Секірген кезде оқушылардың тізелерін сәл бүгіп, аяқ ұшымен түсу білігіне назар аударады.
(Т) Допты жоғары лақтырып, қос қолдап ұстап алу.
Нұсқау: допты дене алдында ұстап, алға-жоғары лақтыру, саусақтарымен ұстап алу және денеге қыспау қажет. Оқушыларға мінез-құлық мәдениеті туралы ескертеді. Домалап кеткен допты лақтырмай, оқушының қолына беру қажет.
Доппен мұқият іс-қимыл жасамау қандай тәуекелдерге әкеліп соғады?
(Т) Тепе-теңдік – толтырылған доптардан аттап жүру. Нұсқау: дене түзу ұсталады, қолдар белде, жамбас 90 град-қа бұрышпен көтеріледі, аяқ ұшы төмен тартылады.
«Қуыспақ» қозғалыс ойыны.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, санамақ арқылы ұстайтын баланы таңдайды. Белгі бойынша еден деңгейінен жоғары зат (орындық) үстіне жылдам шығып тұруға тырысады. Ұстайтын бала қалып қойған балаларды ұстап алады. Ұжымдық ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске салады. Кең, таза кеңістік.
Сыныптың жартысына арналған диаметрі 15 см доп.
Толтырылмалы доптар – 10 дана.
Орындықтар, модульдер. Диаметрі 5 см ойыншық.
31-35 Қауіпсізідік ережелері
-Егер мен айтқан пайымдау (ереже) дұрыс болса, алақан соғып, шапалақтаңдар, егер айтқаным қате болса, аяқтарыңмен еден соққылаңдар.
1. Сабақ кезінде өз денсаулығыңды қадағалау қажет.
2. Мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындау керек.
3. ДШ сабағында кәмпит жеуге, сағыз шайнауға, ауызды қатты сылпылдатуға болады.
4. Сапта және жаттығу орындаған кезде арақашықтық сақтау керек.
5. Айғайлауға және төбелесуге болады.
6. Аяқкиім бауын саптан тыс байлау қажет. Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсіз? Бағалау – балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру АТК-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
Бір орыннан қозғалмай, допты 20 реттен астам лақтырып, ұстап алу. Негізгі жаттығуларды орындаған кезде оқушылардың сіздің нұсқауларыңызды дәл орындауын бағалаңыз.
Жүру, жүгіру, қайта сап құру кезінде оқушылар өзіндік бақылау дағдыларын қолдана ма?
Оқушылар «қозғалыс-тірек дағдысы» терминінің нені білдіретіні түсіне ме? «Дүниетану» пәнімен байланыс. АКТ «Спорт залындағы мінез-құлық ережесі» тұсаукесері.
Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқыту мақсаты шынайы болды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақтағы ахуал қалай болды? Менің жұмысқа деген саралау тәсілім тиімді болды ма? Кесте бойынша жүргізе алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгеріс енгізгім келеді? Неге? Бұл бөлімді сабақ рефлексиясы үшін қолданыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.Жалпы баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту және үйрену туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты қандай екі нәрсе жақсартқан болар еді (оқыту туралы да, үйрену туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Мен топ туралы немесе жекелеген балалар туралы келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей нені ойға түйдім?

Приложенные файлы


Добавить комментарий