«Урок «Музейге саяхат» 3 класс»


Бейнелеу өнері 3 сынып №1
Тақырыбы: «Музейге саяхат». Бейнелеу өнерінің түрлері. «Әсем таулар»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: әлемдік және қазақстандық суретшілердің еңбектерін қабылдай және бағалай білу;
б) дамытушылық: Оқушылардың бейнелеу өнері туралы танымын дамыту.
в) тәрбиелік: әлемдік және өз халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілік мен құрметке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілік: Слайд, суреттер
Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиет
Әдіс-тәсіл: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Амандасуа) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.ә) Күннің жадын белгілеу.б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру:
а) Қайшымен және желіммен жұмыс кезіндегі ТҚЕсақтау.
б) Бояулармен жұмыс кезіндегі ТҚЕ сақтау.
ІІІ Жаңа сабақ
Кіріспе.
Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сабақта біз бейнелеу өнерінің түрлерімен ойша музеге саяхат жасаймыз. Алдымен біз «бейнелеу өнері» дегенде нені түсінеміз?
Бейнелеу өнері дегеніміз – суретшінің өзін қоршаған әлемді өзінің қалай қабылдауына қарай бейнелеуін айта аламыз.
Бейнелеу өнері қай уақыттан бері бар?
Бейнелеу өнері баяғы замандардан бастау алып, қазірге дейін өмір сүріп келеді.Өйткені әсемдікті қолдан жасау, сұлулық пен қоршаған әлемдегі үндестікке тамсану қасиеттері табиғаттың адамға таратқан сыйы.Сол себепті де, өнер ешқашен да ескірмейді: біз осыдан жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын пайда болған шығармалардың әсемдігі мен әсерлігі қазірге дейін таңдай қағап, тамсанамыз.
Әдемі және дұрыс сурет салу үшін қарапайым жаттығулар ғана жеткіліксіз болады.Бейнелеу өнері туралы жалпы түсінікте өзге суретшілердің шығармаларын да біліп, түсіну керек. Ал оларды қайдан көруге болады? Әрине, музейден!
Бейнелеу өнері музейі – ол кескіндемелік,графикалық, мүсіндік және сәндік қолданбалы өнер шығармаларын жинақтап, зерттеп, сақтап, көпшіліктің көруіне ұсынатын мекеме.
Мұражайлар: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы,Павладар облыстық көркемсурет мұражайы,Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы
 
Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
Павладар облыстық көркемсурет мұражайы
Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы
Сурет салуға баулу бейнелеу өнерінің негізі болса, кескіндеме бояу түстерін қабылдаудың заңдылықтарын үйретеді. Түстану ерекшелігі түстердің өзгеруіндегі жарық пен реңдердің әсерін зерделі зерттей білуге баулиды. Затқа қарап сурет салу оқушылардың байқағыштық әдістерін қалыптастырады. Үйлесімділік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық қаблетін жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады.
Бейнелеу өнері сабағында оқушының меңгеретін ерекшеліктері сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, эстетикалық, шығармашылық т.б.
Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру.
Кескіндеме.
Кескіндеме –бейнелеу өнерінің негізгі түрлерінің бірі.Кескіндеме туындылары бояудың майлы, акварель, гуашь, көмегімен түсіріледі. Ол –қандай да бір қатты немесе иілгіш жазықтықта, мәселен, ағаш тақтай, жақтауға керілген кенеп, тіпті ғимараттың өңделген қабырға беттеріне бояумен салынатын шығарма.

Гулфайруз Ысмайылова. «Қазақ вальсі» Айша Ғалымбаева. “Дастархан” Орал Таңсықбаев «Таулар»
Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарандашпен, тушьпен, фломастермен, бормен сызық, үзік сызық, және дақты қолдана отырып салынған сурет. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, көшедегі түрлі плакаттар-осының барлығы графика суретшілерінің туындылары. Исатай Исабаев,Евгени Сидоркин,

Қолданбалы сән өнері – адамның тұрмысына қажетті әсем бұйымдар мен заттарды (ыдыс-аяқ, жиһаз,мата, еңбек құралы, киім, әшекей, ойыншық)жасау өнері.

сырмақ әшекей бұйымдар киім ағаш ыдыстары
Мүсін өнері.
Мүсін- бейнелеу өнерінің бір түрі. Тас, метел, ағаш, сазбалшық, ермексаз сияқты қатты немесе пластикалық марериалдардан жасалады. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін мүсінді жұмыр, ал жазық бетіндегі жартылай шығынқы мүсінді бедерлі деп атайды. Мүсінді қашау ,тырнау, ойып жасайды. Мүсін –ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек, шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларын білеміз.

В.Ватагин. «Тұтқындар» В.Ватагин. «Пілдер тобы»
Дизайн өнері - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.Дизайн – әртүрлі бұйымдарды сырт көрінісін тартымды, қолдануғы ыңғайлы,әдемі жасау және жобалап құрастыру өнері. Дизайн түрлері: интерьер, киім дизайнері, жарнама дизайнері,жиһаз дизайнері, өндірістік болып бөлінеді.
 
  
Сәулет өнері.
Бейнелеу өнерінің түрі- сәулет өнері архитектура деп аталады.
Архитектура-латын сөзі, «құрылысшы» деген мағына береді.
Сәулет өнері-құрылыс өнері, яғни ол құрылысты жобалау, салу және оған көркемдік бейне беру өнері.
Құрылыстың айрықша маңыздылары – тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, қоғамдық ғимараттар, алаңдар көпірлер, т.б. Онда бұлжымайтын үш түрлі қасиет болуы керек. Олар: беріктік, қолайлылық және әдемілік.
Адам баласы баспана, түрлі ғимараттар, қала салу ісімен өте ертеден бері айналысып келеді. Сондықтан сәулет өнері де ежелден келе жатқан өнер.
Мысалы, Астана қаласы Қ.Р. Президентінің резиденциясы, «Астана-Бәйтерек» монументі т.б.
 
Сергіту сәті. «Мейірім» тренингі оқушылардың есіміне байланысты мейірлі сөздер айтылады.Мысалы: Әйгерім – әдемі, Мирас –мейрімді, Санат - сабырлы
ІҮ. Сарамандық жұмыс. «Әсем таулар» атты тақырыпқа сурет салу
а)Сабақ құралдары туралы қысқаша мағлұмат.
б) Түстермен жұмыс
Пейзаждың салу кезеңдері:
Қағазбетінде орналастыру, композиция
Көкжиек сызығын табу
Табиғаттың бөліктерін жіңішке сызықпен белгілеу
Пішімін нақтылау
Ашық түспен жалпылама бояу
Жарық, көлеңкені айқындау
Суретті аяқтау, оқушылармен бірге талқылау


Ү. Сабақты бекіту;
1.Бейнелеу өнері дегеніміз не?
2. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
3. Мұражай дегеміз не?
4.Пейзаж жанры дегеніміз не?
5. Пейзаж жанрында не бейнеленеді?
ҮІ. Үйге тапсырма; Әсем таулар тақырыбына суретті аяқтау, 1-11бетке дейін оқу, келесі сабаққа акварель бояуын әкелу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий