«Урок «Кенесары -Наурызбай» 9 сынып»


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жырау “Кенесары – Наурызбай” дастаны Сабақтың мақсаты:білімділік: Ұлт-азаттық қозғалыстың жыршысы Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнерін терең түсіне білуіне, тарихи шындықты тануына мүмкіндік туғызу;дамытушылық: ізденіс жұмыстары арқылы өзіндік ой-пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қасиеттерін шыңдауға жағдай жасау;тәрбиелік: тарихи тұлғалардың елі үшін жасаған ерліктерін дәріптей отырып, елінің адал азаматы, патриоты болуға баулу. Сабақтың түрі: ізденіс сабағыСабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, жуан, жіңішке сұрақтар, екі жақты түсіндірме күнделігі, талқылау кестесіСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаға слайд түрінде көрсетілген мәліметтер, пікірлер,  деректі фильм т.б. І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасамынОқушыларды түгелдеймінОқушылардың назарын сабаққа аудару.ІІ Үй тапсырмасыМахамбеттің поэзиясы туралы баяндап беріңдерМахамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі қалай көрінеді?Махамбет өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесіИсатай – Махамбет бастаған көтеріліс туралы айтып беріңдер? Егер Исатай қаза таппаса, Махамбеттің тағдыры қалай болар еді, өз пікірлеріңмен бөлісіңдер?Ақынның ел тағдыры, жер тағдыры туралы өлеңдері негізінде мысал келтіре отырып айтыңдар. Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тігіп құрбан болған қазақтың соңғы ханы –Кенесарының өкінішті қазасы  екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел-жұртын күңірентіп келеді. Хан Кененің қалдырған іздері —  шайқас жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай тарихи жыр – Нысанбай жыраудың «Кенесары — Наурызбай» дастаны. Патшалық Ресейдің, одан кейінгі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының ықпалымен Кенесары, Наурызбай көтерілісі де, оның жыршысы Нысанбай да тарихтан алынып тасталды. Заман өзгерді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді. Тарихымызға да көзқарастар өзгерді. Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік үшін елін, жерін қорғап, қолына қару алып күреске шыққан хандар да, батырлар да, ақындар да тарихқа қайта оралып, өз бағасын алуда.Сондай тұлғаларымыздың бірі аумалы-төкпелі заманды басынан өткерген жырау Нысанбай Жаманқұлұлы. Жаңа сабақ:Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау (М.Әуезов)Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атады. «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған. Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», — деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды.Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы. Топтық жұмысІ топ – Нысанбай жыраудың қазақ әдебиетіндегі орныІІ топ – «Кенесары –Наурызбай» жырының тақырыбы мен идеясын анықтап беріңдер.ІІІ топ – «Кенесары – Наурызбай» жырындағы батырлар бейнесі қалай көрінген?ІV топ – Жырда қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтар қандай мысалдармен көрініс тапқан? Топтарға тапсырма:І топ – «Жуан және жіңішке сұрақтар» дайындайдыІІ топ – Дастанды өлең құрылысына талдайды. Көнерген сөздерді табады. ІІІ топ – Талқылау кестесі. КенесарыІV топ – Екі жақты түсіндірме күнделігі                                                   Тариха тұлға Әдеби кейіпкер Мені не толғандырды? Неліктен? Видеоролик                                 Сұрақтар:Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.Дастан неліктен «Кенесары — Наурызбай» деп аталды? Үйге тапсырмаДастанды толық оқуКомпозициялық құрылымына талдау«Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында ойтолғау жазу. Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайдыІ топ – бас бармақ арқылыІІ топ – қол шапалақтау арқылыІІІ топ – екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылыІV топ – ауызша бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий