Та?ырыбы: Жапыра?тардан жасал?ан балы?тар.


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Құрастыру Тақырыбы: Жапырақтардан жасалған балықтар. Мақсаты: Су асты патшалығы жайлы білімдерін кеңейту,су жәндіктерін жапырақтан жасалу жолдарын көрсете отырып, балықтың бөліктерімен таныстыру. Балаларды табиғи материалдарды дұрыс пайдаланып, балықты құрастыра білуге үйрету.Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілігі: көгілдір түсті қағаздар, кепкен жапырақтар, желім, қайшы және үлгі суреттер. Қолданылатын әдіс – тәсілдері: Көрсету, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс Сөздік жұмыс: Су асты патшалығы, кепкен жапырақтар,қарақұмық, бұршақ. Билингвальды компонент: балықтар – рыбы.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Балалар шеңберге тұрады,жылы лебіз білдіреді Өткен оқу іс-әрекеті «Қанқыз» (бөтелкенің қақпағынан) тақырыбын қайталайды. Жылы лебіз білдірді.
Балалар бәрі қайталады.
Ұйымдастыру-шы-іздестіру
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Жапырақтардан жасалған балықтар» тақырыбында танысамыз. (түсіндіру) Балықтардың түрлерін сурет бойынша көрсетіп әңгімелеу және аквариумдағы балықтар туралы өз ойларын айтқызу. Балаларға үлгі сурет бойынша талдау жасату. Суда жүзген балықты кепкен жапырақтан жасау ыңғайлы. Ол үшін бізге көк және көгілдір қатты қағаз керек. А4 форматты. Жапырақтар керек, қарақұмық, бұршақ түрлі- түсті қағаз және фломастер қажет. –Таңдап алынған көк түсті қатты қағазды клейлеп, үстіне қарақұмық себеміз. Екі жапырақты бір-біріне жартылай беттестіріп жапсырамыз. Ал балықтың қанаттарын кішірек жапырақпен жасаймыз.Көзін қара фломастермен, өсімдіктерді, бұтақтарды желіммен жапсырамыз. Сергіту сәтін жасайды. -балаларға жеке нұсқаулар беру; -безендіруде және қайшымен жұмыс жасауда көмектесу; Бейнеролик көрсету. «Балықтар» Сөздік жұмыс: Су асты патшалығы, кепкен жапырақтар,қарақұмық, бұршақ. Билингвальды компонент: балықтар – рыбы.
«Балық қайда өмір сүреді?» д/о Жаңа оқу іс-әрекетін түсінді. Аквариумдағы балықтар туралы айтты.
Өз бетімен жұмыс жасады.
Балықтардың дене бөліктерін жапырақтарды таңдай отырып өздері үйлестіріп, құрастырды.
Сергіту жаттығуды әуенімен, қимылымен жасады.
Ойын ойнайды.
Рефлексивті-
коррекциялау- шы Жұмыстарына басшылық жасай отырып, әр баланың табиғи материалды қалай пайдаланғанына көңіл бөледі, жақсы жасалған
жұмысты ерекше атап өтеді.
Еңбек нәтижелерін талдап, қорытынды жасайды. Бекіту, мадақтау. Дайындаған жұмыстарын басқа балалардың жұмыстарымен
салыстырады, қалай жасағанын айтып берді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балықтардың түрлері және оны табиғи материалдардан жасауға болатынын; Игереді: балықты кепкен жапырақтардан жасауды; Меңгереді: табиғи материалдармен жұмыс жасауды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий