«Сурет салу: «Шырша шамдары»


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасыБілім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:Сурет салу
Тақырыбы: «Шырша шамдары»
Мақсаты:Заттар мен қоршаған орта құбылыстарды түсіну,затқа немесе суретке қарап пішінін,заттың қатынасын, бөліктердің орналасуы мен түсін бейнелеу тәсілдерін үйретуді жалғастыру.Бейнелеу өнерінің техникаларын, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру,сурет салу барысында дұрыс отыру,мақталы таяқшамен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.Ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, ұжымдық жұмыс істеуге үйрету, мерекеге қуаныш сыйлау.
Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық материалдар,шырша,бейне ролик,слайд,музыка.
Әдіс-тәсілдер:әңгіме, сұрақ-жауап, тосын сый,ойын жаттығулар, түсіндіру, көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар:шырша суреті, мақталы таяқшалар, бояулар.
Сөздік жұмыс:шырша, әшекей,моншақ.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Ай да біреу аспанда,
Күн де біреу аспанда.
Тұратын, міне, елжіреп,
Бәрімізде бір жүрек.
Слад көрсету.
-Саябақта не бар екен?
-Шырша түстері қандай болады екен?
-Шыршаны қалай безендірдік?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
Жұмбақ шешу:
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
(шырша)
Қыс туралы тақпақтар айтады. Шеңберге дөңгелене тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді
-шырша
Ұйымдастырушылық-ізденістік Қызықты сәт:
Топқа қолында шыршасы бар тиін келеді.Мұңайып тұрады.
-Тиін сен неге ренжулісің?
-Қолыңдағы ненің суреті?
Тәрбиеші тиінге шыршаны безендіріп беруге көмектесулерін сұрайды.Шырша шамдарының түсі әртүрлі болатынын айтады.Дөңгелек ойыншықтарды мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен салу тәсілін көрсетеді.Балалар түстердің атауларын қайталап,естеріне түсіреді.
-Дөңгелекті солдан оңға қарай дөңгелете сызу.
-Түстерді кезектестіріп бейнелеу
-Бояуды біркелкі қағаздан үзбей,таяқшаны баспай жеңіл,көтеріңкі жағу.
Балаларға әдіс-тәсілдерді көрсеткен соң, сурет салуға нұсқаулық беріледі.
Жұмыс барысында бақылау,жеке нұсқаулық беру,балаларға көмектесу.
Сергіту сәті. «Саусақ жаттығуы»
Мы сегодня рисовали,
Наши пальчики устали.
Наши пальчики встряхнем,
Рисовать опять начнем. Тиін неге ренжулі екенін ойланады.
Өздері қалаған түсті таңдап алып, дайын шырша үлгісіне мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтарды салады.Ойыншықтармен безендірілген шыршаны тамашалайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды
Рефлексиялық-түзетушілік Іс-әрекетті бағалау.
Еңбек нәтижесіне талдау жасау.
Балалар тиінге шыршаны қалай безендіргендері туралы айтып береді.
Педагог тиіннің балаларға шыршаны безендіруге көмектескендері үшін риза екенін айтады.Балаларға мерекеге арнап жаттаған тақпақтары мен өлеіңдерін айтқызу.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Жаңа жылда,балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен. Балалар тиінге шыршаны қалай безендіргендерін түсіндіріп береді және мерекеге арнаған өз өнерлерін көрсетеді.
Сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Біледі:шыршаны әшекейлеуді;
Игереді:Жаңа жыл мерекесі туралы түсінікті;
Меңгереді:мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтар салуды;

Приложенные файлы


Добавить комментарий