«Сценарий 12 с?уір «?арыш?а сапар»


Ескелді ауданы әкімдігінің «Балапан» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
«Ғарышқа сапар»

Тәрбиеші: Латаева А.Т
Ақын Сара ауылы
Тақырыбы: « Ғарышқа сапар»
Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту. Есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін, зейіндерін, көріп тану қабілеттерін дамыту дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату. Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қазақтың тұңғыш ғарышкерлерінің суреттері.
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң!Ормандар мен далалар.Қайырлы таң!Достасқан бар,балалар.Қайырлы таң!Біздің балабақшамыз.Қайырлы таң!Жора-жолдас,ұл мен қыз.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер.Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?Өз ойларын айтады.
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?- Наурыз айы.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?- Аналар мерекесі, наурыз (жаңа жыл) мерекесін.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер мерекесі.Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүремізҚандай ғаламда өмір сүреміз?- Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ, тікұшақ, зымыран.
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.
Сурет арқылы әңгімелеу. Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Юрий Гагарин деген кісі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.- Аспанда тағы нелер болады, балалар?- Күн, ай, бұлттар болады.
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар, енді өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?- Иә, құрастырайық.
Ендеше, мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар. Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып, құрастырайық.
Төртбұрышқа, шаршыға, үшбұрышқа, дөңгелекке.Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.Енді қиялымызға ерік беріп,бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей. Қонуға дайындаламыз.3,2,1. Қондық.Балалар, біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз. Міне қараңдаршы,бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен, ия. Мынау не?Иә, ол төменде жатыр.Ал көбелектері қайда ұшып жүр?Иә, бұл ғаламда бәрі керісінше екен. Қане бұларды өзіміздің жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты.Осында көргенімізді жердегі достарымызға, апайларымызға айтып берейік. Қане, ұшуғадайындалайық. 3, 2, 1.Ұштық.
Сәргіту сәті.
Арманы бар бір ғана,
Талабы зор баламын.
Шынығумен шыңдала,
Тез-ақ өсіп, толамын.
Жұлдыздарды жағалай,
Айға барып қонамын.
Тұңғыш Тоқтар ағадай,
Мен ғарышкер боламын
Қорытынды:
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







Приложенные файлы


Добавить комментарий