Сценарий сказочных постановок «Ертегілер еліне саяхат»


«Айналайын» бөбекжай-бақшасының 1 - Маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Ертегілер еліне саяхат» -атты мерекелік бағдарламасының сценариі.
(мереке бөбекжай бақшаның кіре беріс ауласында өтеді. Аула әдемі етіп шарлармен, түрлі-түсті жалаушалалармен, гүлдермен безендіріледі.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, тәрбиеші апайлар! Бүгін бізде ең көңілді күн, балалар күні! Балалар мерекесі! Менің де мерекем! Ендеше осында отырған барлық балаларды мерекелерімен құттықтаймын! Балалар көңіл күйлерің жақсы ма? Олай болса қане, барлығымыз шапалақ ұрайықшы. (балалар шапалақтайды) Жарайсыңдар балалар!
Біздің бүгінгі мерекемізге бөбекжай-бақшамыздың барлық балалары қатысады. Олар өздерінің дайындап келген ертегілерін, әндері мен билерін көрсетеді.
Балалар сендер ертегі көргенді ұнатасыңдарма? Ендеше ортаға ең кішкентай «Балапан» тобын шақырып ертегілерін тамашалайық және бұл қандай ертегі екенін табуымыз керек.
«Балапан» тобы – «Шалқан» ертегісі.
Рахмет! Балапан тобы. Қане балалар бұл қандай ертегі екен? Дұрыс айтасыңдар балалар!
Енді ортаға «Ботақан» тобын шақырамын.
«Ботақан» тобы – «Жеті лақ» ертегісі
Рахмет балалар, бұл қандай ертегі?
Ал енді ортаға «Жұлдыз» тобын шақырғым келіп тұр, олардың да дайындаған ертегілері бар екен. Ортада «Жұлдыз» тобы
3 – «Жұлдыз» тобы - «Үйшік» ертегісі
Рахмет! «Жұлдыз» тобы. Бұл қандай ертегі балалар? Жарайсыңдар дұрыс таптыңдар.
Балалар, келесі болып өнер көрсететін топ ол «Күншуақ» тобы олар да сендерге қызықты ергілерін алып келіпті. Қане бірге тамашалайық!
«Күншуақ» тобы - «Маша мен аю» ертегісі.
Рахмет «Күншуақ» тобы! Бізге ертегілерің өте ұнады. Біз бұл етртегіні бәріміз билемізғой солайма балалар? Жақсы жарайсыңдар!
Ал, енді ортаға «Балдырған» тобын шақырайық! Балдырғандар қандай ертегі көрсетеді екен бізге?
8- «Балдырған» тобы - «Қызыл телпек» ертегісі.
Жарайсыңдар «Күншуақ» тобы. Балалар бұл қандай ертегі екен? Өте жақсы бұл «Қызыл телпек» ертегісі.
Ал, балалар енді барлығымыз орындарымыздан тұрып ән шырқайық
9 – Балабақша бүлдіршіндері - Ән
Өте жақсы, рахмет, балалар!
Ал, балалар, осымен мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз. Барлығыңызды аулаларыңызда өтетін ойындарға шақырамыз!
Б Е К І Т Е М І Н КМҚК «Айналайын» бөбекжай бақшасының директоры _________КүлмағанбетоваА.Ж «___»________________2015ж.
Концерттік бағдарлама
«Жайдарлы жаз!»
Приозерск қ.

Приложенные файлы


Добавить комментарий