Сценарий проведения приема школьников в ряды «Жас ?лан


Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийіІ жүргізуші:Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!ІІ жүргізуші:Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!І жүргізуші:Бүгін біздің мектепте дүбірлі той
Ден койып тыңдаңыздар, көңілді қой!
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп
Кош келдіңіздер халайық, сергісін бой!ІІ жүргізуші:Түсініп терең, өмірдің мәнін,Жалынды жастар, сендерсің сәнімБеретін бойға күш-қуат,жігерШырқалсын шаттық әнұран әнім!І жүргізуші:Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!Әнұран ойналадыІІ жүргізуші:Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілуге дайын.І-жүргізуші:Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.ІІ жүргізуші:Бүгінгі мектебіміздің атын асқақтатып жүрген оқушылар «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.І жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегіМектептің болашағы жігеріДостықпен татулық тілегі«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегіОқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.І І жүргізуші:Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)
Іжүргізуші
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдын әлі
Ән-шашу әсем бимен , түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады. Ортада Казак елі осындай әнімен Гулназ бен Аиданы шакырамыз!
І І жүргізуші:Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)Анттың мәтіні:Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;Ата-анамды қадірлеуге;Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;Білімге табандылықпен ұмтылуға;Салауатты өмір салтын ұстануға;Табиғатты аялауға;«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрдеАНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!І жүргізуші: Құттықтау сөз («Жас Ұланның» әнұраны орындалады және «Жас Ұланның» туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)Қошемет көрсетіледі.Құттықтау сөз------------
Өнер деген шіркін –ай бір-бір арман
Өнер деген биші ғой мың бұралған
Өнерменен талайлар жан сақтады
Өнер деген шебердің саусақтары.
Адамдықтың рухын түсірмеген
Ұлылардың тағдырын мүсіндеген.Ортада Манго би үйірмесі
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
Музыка-ырғақ,нәзік әуен асқақ үн.
Музыка-өзен, дала, аспан үн.
Қане,әншілер, бас әуенге,қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын. Сахнада Бақытты балалық шақ әнімен Ақерке. Қарсалыңыздар!
І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші:
Ажары атқан таңдай ару жастардың
Қасы бар қанатындай қарлығаштын
Жанары жан біткенді етіп өскен
Шапалық өнеріне биші жастардың. Ортада Классика биімен Аида мен Жанельді қарсалыңыздар!
І жүргізуші:
Асыл сөздің ұстасы
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім,еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз
Тұла бойы тұнған бір
Өнер болар ұрпақпыз. Сахнада Үнді биімен 11 А сынып оқушылары.
ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:
Назар аударыңыздар Мемлкеттік ту шығарылсын!

Приложенные файлы


Добавить комментарий