«Сценарий проведения «К?згі бал»


«Күз балының» сценариі.
1-Жүргізуші:
Жиылған қауым армысыздар бәріңіз
Келіп жетті алтын дәнді сары күз
Бізбен бірге қуанышта бәріңіз
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз
2-Жүргізуші:
Қош келдіңіз, көрермен. «Күзгі бал» сын –кешіне Отырыңыз қол соғып Шат күлкіге бөлене. 
3-Жүргізуші:
Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық молшылық.Өйткені жер беті сары жапырақтарға жамылып алтын түске оралады,- дей келе бүгінгі « Күзгі бал» кешін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер .
4-Жүргізуші:
Күз келіп, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болды,
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды,
Барша жұртты шақырды
Би де билеп, ән айтты,
Қуаныштан шалқыды
Күзгі бал мерекесін ашу үшін былтырғы оқу жылындағы ханзада Мағжан мен ханшайым Гүлназды ортаға шақырайық.
1-Жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әлділдікпен шеше біл- дей келе бүгінгі кешімізге қазылық жасап, әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар
2-Жүргізуші:
Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушілері Махамбетов Қайрат Оралбекұлы, Каримова Гүлнәр Қайырлықызы
3-Жүргізуші:Мектебіміздің психологі Байбасарова Әсем Амангелдіқызы
4-Жүргізуші:
1-Жүргізуші:Аға вожатый Тлеубергенова Әсем Маратқазы
2-Жүргізуші:
Күз- мереке Күз ырыстың белгісі
Қайтып барды мекеніне жыл құсы
Әнге ұласып жылға ұласып даламыз
Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы
3-Жүргізуші
Бүгінгі күз балымыз жарыс түрінде өтеді. Әр сынып бір өнер көрсетуі тиіс. Және сол
арада біз биылғы күз балының ханзадасы мен ханшайымын анықтаймыз.Осы кеш
барысында біз «Ең үздік көйлек» « Сәнді шаш үлгісі » «Ең белсенді қатысушы »
«Үздік сынып өнері»атты номинацияларды анықтаймыз
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі балда бәйге алуға
Сыныптар аянбай - ақ жан салыпты
4-Жүргізуші
Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз, Қызығына әбден қандық біз бенен сіз . Молайтайық атсалысып шаттықты, Ән шырқатып , би билейік бәріміз. Өз өнерлерін көрсету үшін ортаға 8 А сынып оқушыларын шақырамыз
1-Жүргізуші: Келесі кезекте өз өнерлерін көрсету үшін ортаға 8 Ә сынып оқушыларын шақырамыз.
2-Жүргізуші: Ортада ---------------8 Б сынып оқушылары
3-Жүргізуші: Ендігі кезекте --------------8 В сынып оқушылары
4-Жүргізуші:
Енді біз жаңа ғана сахнаға шыққан 8 сынып оқушыларымен ойын ойнасақ қайтеді. Ойын шарты бойынша 1 сыныптан 1-жұп сахнаға келсін.
1-Жүргізуші:
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
9 сынып ұл- қызына кезек берсем . 9 А сынып оқушыларын ---------------қарсы алайық
2-Жүргізуші: Келесі кезекте ----------- ортаға 9 Ә сынып оқушыларын шақырамыз.
3-Жүргізуші: Ортада ----------- 9 Б сынып оқушылары
4-Жүргізуші: Кезекті ---------------9 В сынып оқушыларына берсек
1-Жүргізуші:Енді 9 сыныптар арасында «Әуенді тап» ойынына кезек берсек.
Ойын шарты бойынша 1 сыныптан 1-жұп сахнаға келсін. Ойыннын аты айтып тұрғандай сіздер алдымен 1- өлең қосылады . Және сол өлеңнін атын тауып берулеріңіз керек.(Вальс қосылады)
2-Жүргізуші: 
Уа халайық, халайық, Бәріңе жар салайық Сәлем жолдап баршаңызға Шақырайық 10 -дарды ортамызға. Сахнада ---------------10 А сынып оқушыларын шақырамыз. 
3-Жүргізуші: Келесі кезекте өз --------- көрсету үшін ортаға 10 Ә сынып оқушыларын шақырамыз
4-Жүргізуші: Ендігі кезек--------------- 10 Б сынып оқушыларында
1-Жүргізуші:Ал енді 10сынып оқушыларымен ойын ойнасақ. Әр сыныптан 1-1 жұп Ойынның аты «Бұл кімнің дауысы» . Яғни сіздер әннің орындаушысын табуларыңыз керек
2-Жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын. Сахнада---------------11 А сынып оқушылары
3-Жүргізуші:
Келесі кезекте өз өнерлерін көрсету үшін -----------11 Ә сынып оқушыларын шақырамыз
4-Жүргізуші:Ойын 1- сыныптан 1 жұп Ойын шарты бойынша төбеде алма мен алмұрт ілініп тұрады. Сіздер аз уақыт ішінде сол жемістерді жеп бітірулерінің керек.. (Вальс)
1-Жүргізуші:Енді әділқазы алқалары бүгінгі кешіміздің жеңімпаздардын анықтағанша кезекті ----------------------- орындауына берсек.
2-Жүргізуші:Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
3-Жүргізуші: Келесі би кезегін жеңімпаздардың құрметіне тарту етеміз.
4-Жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отыра бүгінгі «Күз бал» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

Приложенные файлы


Добавить комментарий