Сценарий праздника 8 марта средняя группа


«Ана - біздің күніміз»
Ортаңғы топ 
Балалар музыка әуенімен залға кіреді ( әр баланың қолында сары шарлары бар).
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ардақты әжелер, абзал жанды аналар және аяулы қыздар! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге тілейтініміз:
Алтын айдың нұры толған көркіңе Аналарды құттықтаймыз  бұл  күнде Күн көзіндей күлімдеңдер әрқашан Тығылмасын  жүздеріңе  уайым. 
Сүйікті аналар сіздерге деген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар: Әлімжан
Бүгінгі көктем күнінде, Барлық адам қуанар, Аналарды мейраммен Құттықтайды балалар
Айгерим
Ана- біздің күніміз Ана –біздің гүліміз
Ұландарды  қуантып Ұзақ  өмір  сүріңіз. 
Алуа
Қамқорсың ана өмірде Қуатым сенсің көңілге Әлпештеп мені өсірдің Ұшырамын ертең  көгінде. 
Аделия
Қандай бала болмайық, Анамызға балдаймыз, Көтерейікші көңілін Ән салайық бәріміз.
Ән: «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар!
Әннің соңында «Ана - біздің күніміз» деген сөздермен шарларын босатып жібіреді.
Жүргізуші: -Бізге мерекеге әндетіп біреу келе жатқан сияқты
Залға Секпіл кіреді.
Секпіл: -Салем, балақайлар!Міне, менде келдім. Мені таныдындар ма?Мен Секпілмін. Мені барлық балалар біледі себебі, әр көктем сайын мен балалардың мұрнында пайда боламын. Мені бәрі өте көңілді дейді. Мен бүгін сендермен ойын ойнап, аналарды құттықтаймыз.
-Ал, қанеки бастайық! Аналарыңды құттықтадыңдар ма? Ән айтып, сыйлық сыйладыңдар ма?
Жүргізуші: -Білесің бе Секпіл, балалар аналарына не сыйларын әлі де шеше алмай отыр.
Секпіл: -Оның не ойлайтыны бар. Аналар не армандаса, соны сыйлау керек. Сендер аналарын не қалайтынын білгілерің келе ме? Қазір біліп аламыз.
-Менің қолымда күн бар. Күнді аналардың қолына беремін. Сол арқылы біз аналардың не туралы армандайтынын білеміз. Секпіл күнді аналарға береді. Аналар күнді бір - біріне береді. Әуен тоқтаған сәтте, күн тоқтайды. Балалар: Домала, күн домала
Аналардың қолында
Не армандап аналар
Отыр екен орнында
Жүргізуші: -Міне күн тоқтады. Қанеки, тыңдап көрейік, аналарымыз не қалап отыр екен.
Дауыс:-Кешкі асқа не дайындасам екен.
Жүргізуші: - Қамықпаңыз, алаң болмаңыз! Кешкі асты уайымдамаңыз. Сізге бүгін кешкі асты біздің шебер аспаздар жасап береді. Аспазшылар шығады.
Аспазшы:
Ясмина
Фартуки скорее оденем,
принимаемся за дело.
Все продукты есть у нас,
печь пирог начнем сейчас.
"Аспазшылар"биі
Секпіл: - Жарайсыңдар балалар!Аналарың сендер әзірлеген асқа риза болар деп ойлаймын. Ал, біздің Күн болса әрі қарай домалап кетті.
Балалар: Домала, күн домала
Аналардың қолында
Не армандап аналар
Отыр екен орнында
Секпіл: - Күнді тыңдап көрейік, аналарымыз не жайында ойлап отыр екен.
Дауыс: -Уақыт деген қалай зымырап өте шықты. Ертең жұмысқа бару керек.Таңертен кімді балабақшаға, ал кімді жұмысқа жинау керек. Өзім кешігіп қалмасам болғаны.
Жүргізуші: -Аналардың міндеттері көп екен
Секпіл: -Балалар сендердің көмектерін қажет бізге, аналарымызды жұмысқа киіндіруге көмектесу.
Ойын «Сәнді киіндір»
Секпіл: - Ал біздің күніміз әрі қарай домалап кетті
Балалар: Домала, күн домала
Аналардың қолында
Не армандап аналар
Отыр екен орнында
Жүргізуші: -Қараңдар, балалар!Күн әжеміздің қолында тоқтап қалды. Себебі біздің әжелеріміз де немерелерінен өлең тақпақтар тыңдағысы келеді.
Айлана
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Қ. МансүрМенің әжем, жыр әжем Шуағы мол, нұр әжем Ақ таяққа сүйеніп Аман-есен жүр, әжем. 
Ән: «Әжем менің»
Жүргізуші: -Біздің әжелеріміз не армандап отырғанын Күн бізге әлі айтпады.
Дауыс:-Немеремнің моряк болғанын қалаймын. Болашаққа болжам жасауға бола ма екен? Жүргізуші:-Әрине, бүгін бәрі де болады.Сіздер тек бір сәтке көз жұмыңыздар.
«Моряктар биі»
Секпіл: -Балалық шақ ұзақ болу үшін, сіздерді ойын ойнауға шақырамыз.
Ойын "Аңанды тап"
"ағылшынша өлең"
Секпіл:- Ал мен Күнді тағы да аналарға жіберемін.
Балалар: Домала, күн домала
Аналардың қолында
Не армандап аналар
Отыр екен орнында
Дауыс:- музыканттар да бар, бишілер де бар
Өнерлерінде шек жоқ екен
Ал әншілер бар ма екен араларында?
Жүргізуші: -Әрине бар. Мерекемізді әрі қарай "Ана мен бала" дуэті жалғастырады.
Анасымен баласы шығып өлең айтады.
Секпіл:- Біздің күніміз әрі қарай домалап кетті.
Балалар: Домала, күн домала
Аналардың қолында
Не армандап аналар
Отыр екен орнында
Дауыс:- Қандай жақсы ұл - қыздар. Барлық балалар тату - тәтті өмір сүрсе екен деймін!
Дана
Достықты біз ойлаймыз Бірге күліп ойнаймыз, Балаларды қуантып 
Достық әнін айтамыз
Ән: «Достық әні»
Жүргізуші:- Құрметті ортаңғы Б тобының қыздары. Біздің ұлдар сендерге сыйлық жасапты. Сол сыйлықтарды қабыл алыңыздар.
Ұл балалар қыздарға сыйлықтарын сыйлайды.
Жүргізуші:- Құрметті аналар!Біздің балалар бүгін сіздердің армандарыңызды орындауға тырысты, бірақ балалардың сіздерге деген тағы сыйлықтары бар.
Балалар аналарына сыйлықтарын таратады, өздері жарты шеңбер құрады.
Алаң
Ана деген  бәйтерегі өмірдің 
Даяна
Ана деген  қуанышы көңілдің
Алишер
Ана  деген  әрбір  үйдің жылуы 
Дильназ
Ана  деген  асыл жандар  болаттай
Секпіл:-Осыменен біздің мерекеміз аяқталды.
Жүргізуші:- Құрметті аналар!Сіздерге тек жақсылық, жарқын болашақ тілейміз!

Приложенные файлы


Добавить комментарий