«Сценарий «?ош келді? Жа?а жыл»


Қош келдің Жаңа жыл!
(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған баршаға, бәрімізге.
Айша: Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жана жыл!
Ернұр: Жаңа жылда-береке
Жаңа жылда-мереке
Жаңа жылда бәріміз
Ай, қызық думан құрамыз.
Сабина: Даланың да қаланың
Думадатып отбасын
Тағы міне жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын
Абдумәлік: Той мереке салтанат
Думандатып шартарап
Келеді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
Ән: « Жаңа жыл»
Жүргізуші: Тыныш балалар,тоқтаңдар Құлақ салып тыңдаңдар Сықырлатып ақ қарды Тез ақ біреу кеп қалды?! Кім болды екен ,қарайықшы(музыка ырғағымен Мыстан кемпір, Аққала кіреді.)
Мыстан: Сәлем,сәлем балалар Барша ата - аналар Келіп қалдық мінекей, Аяз ата - Ақшақар!
Аққала: Сәлеметсіздер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақшақар жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер! Сіздерге арнап дайындаған тақпақ, өлеңдерді тамашалаңыздар.
Мыстан: Қане Аққала балалардың өнерлерін тамашалайық.
Аққала: Дұрыс айтасыз Мыстан апай тыңдасақ тыңдайық.
Жүргізуші: Не дедіңіздер? Сіздер кімдерсіздер? Аяз атамен Ақшақар емессіздер ме?
Аққала: Жо-жоқ біз Аяз атамен Ақшақар (көрсетеді өзін Ақшақар, Мыстанды Аяз ата деп)
Жүргізуші: Қалай сонда?
Мыстан: Жоқ, мен Ақшақар, ал мына тұрған Аяз ата. Көрініп тұр ғой мен сондай әдемімін, Ақшақарға ұқсаймын.
Жүргізуші: Жақсы ендеше балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар. Сыйлықтарыңызды дайындаңыздар.
Инсар: Жаңа жылда жаңаша
Болсын қызық тамаша
Билеп, ән сап атаны
Қуантайық балаша
Эльмира: Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза тамаша
Аппақ біздің атамыз
Ералы: Алақай, жаңак жыл
Бәрі аппақ ой мен қыр
Шыршада біз ойнайымыз
Жаңа жылды тойлаймыз
Саяжан: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Би билейік бәріміз
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар балалардың Аққалалар биін тамашалаңыздар.
Аққала: Мынау би менің биім ғой.
Мыстан: Тиыш тұр,үндеме Аққала балалардың биін тамашала.
Би: «Аққалалар биі»
Жүргізуші: Біздің балалардың тақпақтары таусылар емес.
Айару: Басталды қызық тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Аяз ата келеді
Бізге сыйлық береді
Мұхамед: Аяз ата келеді
Аппақ тонын оранып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аңсар: Жаңа жыл келді алақай
Тұрма қарап балақай
Жаңа жыл тойын тойлайық
Қане достар тұрмайық
Байбатыр: Аяз ата өзіңді
Күттік бәріміз
Сыйлық әкеліп
Қане беріңіз
Мыстан: Мына тақпақтарыңыз жақсы екен, бірақ басқа тақпақтарыңыз жоқ па? Мысалы Мыстан апайларың туралы.
Аққала: Ия,ия Аққала туралы болса мен тіпті қуанар едім.
Жүргізуші: Әрине бар, бірақ бұл тақпақтарды сіздерге арнап жаттаған арнайы Аяз ата, Ақшақар .
Өлең: «Шырша»
Жүгізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздер бір түрлі болып тұрсыздар ғой, бірдеңе ұнамай қалды ма?
Мыстан: Жоқ бәрі жақсы, тек кішкене ішім пысып кетті.
Жүргізуші: Мүмкін, сіздер балалармен ойын ойнарсыздар.
Аққала: Ия мен қар атыспақ ойынын білемін.
Мыстан: Ал мен ондай ойын ойнағым келмейді Аққала. Мен болсам......ойынын ойнар едім.. екеуі тайталасып, ұрсысады.
Жүргізуші: Тұра тұрыңыздар, мен түсінбедім, сіздер не деп кеттіңіздер? Балалар мына тұрған Аяз атамен Ақшақар емес қой? Қазір Аяз ата келсе сіздерді таяғымен қатырып тастайды.
Мыстан: Әне Аққала барлық өтірігіміз шығып қалды ғой.
Аққала: Енді не істейміз Мыстан апай.
Мыстан: Балалар кешіріңіздер бізді, біз де мерекеде болғымыз келген.
Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсыңдар кешіреміз бе? Мыстанмен Аққала да жаңа жылдың кейіпкерлері ғой. Бірақ біздің бір шартымыз бар.
Мыстан: Айтыңыздар бәрін жасаймыз, тек Аяз атаға айтпаңыздар.
Жүргізуші: Ендеше біздің балалармен бір ойын ойнатыңыздар.
Мыстан: Ойнасақ ойнайық. Аққала кел біздің ойынымызды ойнатайық.
Ойын:
Мыстан: Аққала біздің кететін уақытымыз келді. Аяз атамен Ақшақарды шақырып келейік. Сау болыңдар балалар. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Аққала: Келесі жылы тағы келеміз. Жаңа жылдарыңызбен!
Жүргізуші: Балалар біз Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
(Музыка ырғағымен Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата: Армысыңдар балалар!
Бармысыңдар ата-аналар!
Оңынан тусын айларың,
Жарқырап жансын жұлдызың,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме, Балалар! Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақшақар! Келіңіздер ортаға, біз сіздерді сағындық, асыға күттік қаншама. Шыршамыздың шамдарын жағып берсеңіздер.
Аяз ата: Иә, қане Ақшақар шырша шамдарын жағайық, балаларды қуантайық. Шырша, шырша жарқырап, шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар: Балалар біз де көмектесейік.
Бәрі: Шырша, шырша жарқырап, шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар: Ал балалар келіңдер!
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Жүргізуші: Аяз ата , Ақшақар біздің балалар сіздерге арнаған әндері бар, қабыл алыңыздар.
Өлең: «Аяз ата»
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар.
Нұрсерік: Тақпақтарды жаттадық
Би де үйрендік көрсін деп
Аяз ата шаттанып
Бізге сыйлық берсін деп.
Амина: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтамыз сіздерді
Жансая: Мұздан моншақ тағынып Күміс қырау жамылып Ортада тұр ақшақар Көптен күтіп сағынып.
Алихан: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Жүргізуші: Қыздардың мың бұралған билерін тамашалаңыздар.
Би: «Шыршалар»
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың тақпақтары таусылар емес.
Камила: Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша
Әміржан: Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды
Мадина: Сақалының ұзыны - ай
Саудыраған мұзын - ай
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы – ай
Амирхан: Әуеледі әніміз
Жаңа жыл кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар балалардыңт ағылшын тілінде жаттаған өлеңдері бар еді тыңдап көріңідер.
Өлең: Ағылшынша
Жүргізуші: Балалардың билерін тамашалаңыздар. Би: «Зверята»
Ақшақар: Аяз ата балалар жаңа жыл мерекесіне жақсылап дайындалыпты. Мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр.
Аяз ата: Ал Ақшақар ойнасақ ойнайық.
Ойын:
Ақшақар: Қандай ғажап әндерің Жаңа жылға арналған Тақпақтарың бар ма еді?
Жүргізуші: Әрине балалар жаттаған тақпақтары көп.
Досхан: Жаңа жылмен жаңа жылмен
Құттықтаймыз сіздерді
Әкемізді анамызды
Қонақтардың бәрінде
Чингис: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Асылхан: Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім мен
Сыйлықтарын алып
Аяз ата келер деп
Айсұлтан: Жаңа жылда
Тақпақ айтамыз
Сыйлық берсін
Біздің аяз атамыз
Аделина: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Жаңа жылмен құттықтап
Ән маржанын шашайық
Жүргізуші: Балалардың дайындаған өлеңін тамашалаңыздар.
Өлең: «Кішкентай шыршамыз»
Ақшақар: Аяз ата балалардың өнерлерін тамашаладық енді сыйлық беретін уақыт келді.
АязАта: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Жаңа жылдарың құтты болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін! Сау болыңдар! (кетеді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар осымен жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл барлықтарыңыздың отбасыларыңызға жаңа бақыт, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын. Жаңа Жылдарыңызбен!


Приложенные файлы


Добавить комментарий