«Сценарий «?ош келді?, Алтын к?з!»


Қош келдің, алтын күз!
Жүр-ші: - Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, қонақтар, ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Ендеше біздің балалармен дайындаған « Алтын күз» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.(Музыка ырғағымен балалар залға кіреді.)
1-бала: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқар күз.
2-бала: Мерейлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
3-бала: Күз де келді, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді.
Күз де келді, күз келді
Көкте бұлттар жүз енді.
4-бала: Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Күз тартады атырап.
5-бала: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.«Күз» әні.Жүр-ші: Біздің елге келіпті ғой, Алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз. Кім айтады, кім айтады,
Күз айларын тезірек?Балалар: - Қыркүйек, қазан, қараша.Қыркүйек болып киінген бала:- Менің атым Қыркүйек. Күздің бірінші айымын, байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?6-бала: Күн ғой бір ең тәуір Бірінші қыркүйек.Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді.Білуге талппынғанБалалар жиылды.Қазан болып киінген бала: - Менің атым қазан. Жиын-теріннің соңға айымын.Еңбеккер елді той думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?7-бала: Қай кезде де мұғалімҚиналмайды өзі үшін.Жақсымызға қуанып,
Қызарады біз үшін.Қараша айы болып киінген бала:- Күздің соңғы айы-Қараша деген мен болам.Күннің суытып, қыстың жақын қалғанын естеріңе саламын.Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшелік бар?
8-бала: Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.Жүр-ші: Жарайсыңдар қонақтар, балалар. Күздің мерекелік күндерін тамаша жеткіздіңдер, енді төрге шығып мерекеміздің қонағы болыңдар, төрлетіңдер.Хоровод: « Травушка муравушка.»Жүр-ші: Жапқандай жапырағы іздерді,
Қуантып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы, сары алтын күз келді.
(Ж. Қалжанова.)
(Ішке сары киім киген түрлі түсті жапырақтар тағынған алтын күз келді.)
Алтын күз: Амансыңдар ма, балалар!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін. Мен,мырза күз, ынтымақты еліңе,
Берекелі ырыс болып енетін.Жүр-ші: Қош келдің, Алтын күз. Өзіңмен бірге береке- байлық, тоқшылық ала келдің. Оған біз өте қуаныштымын.Алтын күз: -Балалар, мен сендерге өзімнің көкөністерімді ала келдім. Қане, көкөністер ортаға шыға қойыңдар.Жүр-ші: Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, қияр, пияз,
Қып- қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер бір кезде
Жиыла қалып дауласты.Сценка «Көкөністер дауы.»Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынынЖастайынан ішпеген?Мені жеген адамдарКем болмайды күшке де!
Жүр-ші: Ызаланған қызылша қып- қызыл болып кетіпті.
Қызылша: Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздергеМенсіз борщ болмайды,
Винегретте үстелде.Қырыққабат:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Қияр:Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімдеЖейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Картоп: Мен ұлшақ картоппынМен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Пияз: Боламын мен демдеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішіненМен пайдалы адамға.
Жүр-ші: Бос айтысты қойыңдар, дауласуды тоқтатыңтар.
Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Алтын күз: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы,
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
«Балдаймын» әні.»
Ойын: «Көкөністер жинау.»Жүр-ші: Алтын күз, енді балалардың өзің туралы айтатын әндері де,тақпақтары да, дайындаған билері де баршылық. Енді соны тамашала.«Жалпы би.»9-бала: Алақай-ау, алақай!
Шаттанады балақай.Жез түсті, дән пістіЖер берді жемісті,
Қоңырқай күз келіпті.10-бала:Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспандыҚыс келеді жар салып.11-бала:Жайсаң жаз өтті, күз келді.
Сарғайтты бақты, даланыШақырады түзде енді,
Гүл теруге баланы.
12-бала:Сау-сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып, атырап,
Көкте құстар тізілді.«Күз келгенде.»әні.
13-бала:Ой, алақай, тамаша,
Шашау шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
14-бала:Сап- сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.15-бала:Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді,
Көңілсіз еткен күз енеді.16-бала:Күзде жауын, бұлт тұман,
Сары жапырақ жауады. Сары құйын ұйытқыған Сапырады ауаны.Жүр-ші: Жаңбыр- жаңбыр жауа бер,
Қорықпаймыз біз сенен. Жаңбыр- жаңбыр жауа бер,
Кел, билейік бәріміз.«Жаңбыр биі.»Жүр-ші: Балалар, күзде тынымсыз еңбек басталатыны бәрімізге мәлім. Егін ору, бау- бақшаларда жеміс- жидек жинау деген жұмыстар толып жатыр. Сол жеміс- жидектер бізге қонаққа келіп тұр, қарсы алайық.Алма: Мен алмамын, алмамын.
Таңдай жұлар бар дәмім.Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузыңдамын бар жұрттың.Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.Шие: Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін. Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.«Апорт деген тәтті алма» әні.Алтын күз: - Ал, балалар, мен сендерге өте ризамын, мен туралы жаттаған тақпақтарыңды, әсем әндеріңді, билеген билеріңді де көріп мәз болдым. Рақмет сендерге, енді сендермен қоштасатын кез келді, бірақ менің сендерге әкелген сыйлықтарым бар, оны топқа барған соң бөлісіп жейсіңдер. Сау болыңдар, келесі жылы көріскенше.(кетеді)
Жүр-ші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі күз мерекесіне арналған « Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын. Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын. Ертеңгілігімізді « Бау- бақша белдер» атты әнімен аяқтайық.
«Алтын күз» ертеңгілігі.

Приложенные файлы


Добавить комментарий