Сценарий на 16 декабря


«Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бекітемін________
Мектеп директоры
А.А. Умаров
«__»______ 2016 ж
«Тәуелсіз Қазақстан!»
«Ерке сылқым» би тобы мерекелік бағдарламаны ашады.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер! 
2- жүргізуші:  16-желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жылда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен, еліміздің ерен ісімен, кешегі екі дүниені дүр сілкіндірген  «Желтоқсан» оқиғасымен келген, тарихымызда  алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні тағыда құтты болсын.
«Қазақстан» видеоролик көрсету.
1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
Ән трио «Қазағымай»
2-жүргізуші: Сен неткен Отан-Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан-Қазақ елім!
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Арман Алпамысұлы Умаровқа және кәсіподақ ұйымының төрайымы Жумабеков Иман Жамбылұлына беріледі.

1-жүргізуші: Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын-от бар ма сірә,
Қазақстан –әніменен жүрегім тербеледі.

Назарларыңызда бастауыш сынып оқушыларының өлең шумақтары
1 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім. Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 
Ән «Қазақстан»
2 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
«Ерке сылқым» би тобы
1 - жүргізуші: Далада думан,қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнімЖасай бер жаса асқардан аса әрқашанКеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлымТәуелсіз менің Қазақстаным. ән « Жаса Қазақстан»
Ән « Гулдене бер Астанам»
2- жүргізуші: Отаным менің сен қандай көркем,
Бұлбұлың болып сайрасам ба екен?
Бейбіт күн жаса мәңгіге деймін,
Нұрымен күннің мен де гүлдейін!
Тәуелсіз елге тілеулес менмін бүгінде,
Ырыс құт дарып, бақыт кеп қонсын еліме.
Молшылық тойдың куәсі болып әрдайым,
Ынтымақ болсын Қазақтың шалқар жерінде.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Хор « Қазақстан»
1-жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне де келіп жетті. Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Приложенные файлы


Добавить комментарий