«Сценарий » М.?уезовті? «Абай жолы» романында?ы сал-серілер»


Калиева Сара Сырымовна«М.О.Әуезов атындағы
педагогикалық колледжі» КМҚК
М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы сал-серілер
Алты қанат, кестелі үйдің маңында жер ошақтың басында әлденеше қазан асқан және үлкен сары самауырларды түтіндете қайнатқан әйелдер.
Иіс кемпір самауырға тобылғы салып тұрған келіншекке: - Жаңа келін, жас келін ән салды ма?
Қартаң әйел: - Е, ән салды. Қорғанар деп пе ең?
Иіс кемпір: - Ана бәйбішелер жақтырмай жатыр еді ғой. «Ауылға келін боп түспей жатып ән шырқамасын, тәйтік болмасын!», «аспасын, шаңыраққа қарасын!» деп жазғырып, тыйып тастап еді ғой...
Қартаң әйел: - Олар айтпа десе, мұндағылар айт дейді. Айтса екен айналайын. Өзі де жібектей есілген кішіпейіл ғой!
Төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал, серілер. Ортада Абай, Біржан сал, Әйгерім, Оралбай, Керімбала, Әмір, Үмітей, Жиренше.
Біржан әуелете ән салып отыр:
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Жұртыма зияным жоқ жүрген жанмын.
Кісіге өзім қатар бас ұрмаймын –
Өзім ақын, өзім сал кімге зармын...
Абай: - Өзге өзгеңді не қылайын, Біржан аға. Ел ақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды сауып, сөз қадірін сол кетіруші еді. Ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдай, арзан етіп еді. Сен әнді босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!.. – деді.
Біржан: - Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!
Абай: - Бай, бағлан боп қадірлі болмайды жігіт! Өнерлі боп, сол өнерін ұстай біліп, қадірлі болады. «Өнерпаз болсаң – өр бол» дейді Біржан аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшілік емес. «Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң – ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегі жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадірлі болмасқа тиісті!».
Жиренше: - Аты қалған деген сол емес пе, осы мына отырған өңшең әнші болам деген жалынды жас, екі айдан бері еріп жүріп, Біржан әнін үйренген екен. Әнді ұмытпаса, айтушысы, үлгісі, Біржанды ұмытар ма?
Міне, мынау Әмірдің Біржаннан артық дейтін өнерлісі бар ма екен?
(Әмір домбыраны тыңқылдатып, Біржан үйреткен «Жиырма бес» әнін салып отырады).
Біржан: «Жиырма бес» әні ғой мынау. Басып жіберші, кәне осыған!
Беріп кет сақинаңды мыс та болса,
Жүрейік күліп, ойнап қыс та болса.
Шеш-тағы етігіңді байпақшаң кел,
Көрейін өз сорымнан ұстап алса...
Үмітей: - Ән жағалап әншісіне де кеп қалыпты-ау! Сонымен, кәне енді өзің айт!
Шетте отырған қартаң әйелдер (күбірлесіп): - Келін, келін айтады!
Әйгерім: - Қой, қалқам. Қой, лайығы жоқ...
Абай: - Сенің де кезегіңнен қалатын жөнің жоқ. Тым құрыса, ауылдың алты ауызы болсын!
Әйгерім (әндетеді): Ал, бибай, саған айтам гигайымды...
Иіс кемпір: - Айналайын келінжан, өркенің өссін!
Қартаң әйелдер: - Осы әніңмен, осы сәніңмен өт жалғаннан!
Әйгерім: - Әмин, әже!
Жиренше: - Жаным-ау, Әйгерімнің үні осы қызыл көмейінің үні ме, жоқ бейіс үні ме?
Біржан: - Ән салса, Әйгерім ғана салсын да!

Приложенные файлы


Добавить комментарий