«Сценарий «Мы против СПИДа»


Тақырыбы: «ХХІ ғасыр дерті-ЖҚТБ»
1- жүргізуші:Армысыңдар!Болашақтың бастауы,Адуынды жас буын!Балғын шақта жайнайтынҚызу қанды жас достар!Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырады.2 – жүргізуші:1-желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ-ға күрес күні. Бұл күн жапа шегушілерлің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы күн. ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.1- жүргізуші:Үрейлі СПИД деген ғасыр дерті,Айырған сұлулықтан адам көркінМасқара, сұлу қазақ ұрпақтары!Таланған ар - ожданы, сезім еркі.2 – жүргізуші:Біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек
2 – жүргізуші:Ал енді «АИТВ, нашақорлық» тақырыбындағы видеороликті тамашалайық!(экраннан видеоролик көрсетіледі)1- жүргізуші:Әлемде әр минут сайын ЖҚТБ жұқпасымен 10 адам тіркеледі. АҚТҚ жұқтырған соң, ЖҚТБ ауруы пайда болғанша 3 жылдан 10 жылға дейін уақыт өтеді, ал АҚТҚ ауруы пайда болғанша емделгенде 2 - 4 жыл, ал емделмесе 6 ай ғана өмір сүреді екен.2 – жүргізуші:
Оқушылардың орындауында «ЖҚТБ құрбаны» монологын тамашалаңыздар! Абай Мадина,1 – жүргізуші:
ЖҚТБ жұғатын жолдары:• АҚТҚ - мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.• Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен шприцтерді бірге қолданғанда.• Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.• Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.• Анасына баласына жұғуы мүмкін• Жыныстық жолмен
2- жүргізуші:Аурудың асқыну жолдары: ЖҚТБ жұқпасы - бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5 - 7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ – нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ – ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.
1- жүргізуші:
ЖҚТБ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды• Қол алысып, құшақтасқанда.• Ыдыс - аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан.• Төсек жабдықтары мен киімнен.• Темір және қағаз ақшадан.• Су мен ауадан.• Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.• Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.• Жәндіктердің шағуынан.• Моншада, саунада, бассейінде.
Үндеу. Сарсенбаева Алтынай
2- жүргізуші:
Сіздерге берер кеңестеріміз:- Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.- Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.- Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу (укол) бір реттік пайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс.
Умирова Аружан
Көрермендерге арналған сұрақтар1-сұрақ; ЖҚТБ қандай сөздерді құрайды?
(жұқтырған қорқыныш тапшылығының белгісі)
2-сұрақ; АҚТҚ қандай сөздерді құрайды?
(адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы)
3-сұрақ; бұл аурудың қоздырғышы не? (вирус)
4-сұрақ; бұл аурулар неліктен қорқынышты деп ойлайсыңдар?
(ауруларды және вирусты жұқтырған адамдарды емдеуге дәрі-дәрмектің түрі жоқ)
5-сұрақ; ЖҚТБ-ның жұғу жолдары
(жыныстық жолмен, қан арқылы, ана сүтімен)
6-сұрақ; ЖҚТБ-дан өлмеудің бірақ жолы бар, ол қандай?
(вирусты жұқтыртпау)
7-сұрақ; ЖҚТБ-ға ұшырағандарың негізгі ошағына айналған қандай қалалар?
(қарағанды, теміртеу, алматы)
8-сұрақ; КВИЛИТ дегеніміз не?
(ЖҚТБ-дан қаза болған жақындарының рухына арнап матаға тіігілген ескерткіш сурет. Ең алғаш оны 1987 жылы американдық Клив Джонс досы Марк Дельдманға арнап тіккен.)
9-сұрақ; дүниежүзілік алькогольден бас тарту күні деп қай күн белгіленген
(29 қазан)
10-сұрақ; Еуропада темекімен күрес қай ғасырда басталды: 17 ғасырда
11-сұрақ; мына сөздердің мағынасын қалай түсінеміз..............
 
Өлең 9 «а» сынып « Туған жер»
2- жүргізуші:
Екеуі бірге:Салауатты өмір салтын сақтаңдарБолашақты нық қадаммен бастаңдар!
Біз СПИД - ке қарсымыз!Бүкіл әлем күресуде -Індетімен ғасырдың,Емін әлі таппады ешкімСол бір зұлым, пақырдың.Күннен күнге ұлғаюда Хавдыл ЖасланАурулардың саны деп,Дәрігерлер дабыл қағып,Шырылдады, аһ ұрды,Дүние жүзі адамзаттыҚорғануға шақырды!Оу, адамзат, құлағың сал,Саулық тіле басыңа,Сақтана біл қайраттанып,Енжар болма, жасыма. Серлан БейбарысНашақорлық, ішімдіктерҰрындырар тегінде,Салауатты өмір салтыТұрсын әркез есіңде!Зұлым атты ғасырдыңЖазасызға жазалап сен тас ұрдыңАдамның ағза - миын жаулап алып,Жейсің іштен аранындай қасқырдың.Қоздырғышың вирус болса, жендетіңӨкпе, ми да құртылады демде тым.Ортасына әсері бұл төзімсіз, Абай Мадина Түсінбеді - ау ғаламшардың бұл дертінОбасы жиырмасыншы ғасырдыңСПИД - пен сеннен барша кекті алмақпынҰланымын жиырма бірінші ғасырдыңҚақпа жабам, саған жол жоқ, аулақ жүр!Жетті бүгін СПИД қазақ еліне,Самал ескен белес - белес беліне.Сақ болайық айта келген ажалдан,Аямайды ол сені де, мені де.Қазақ халқы «Өнер алды – тіл» деген Жумалинов ДамирАрақ - шарап, темекіні білмегенТәні таза, жаны таза халқымыз,Кең даланы еркін жайлап, гүлдеген.Бәрі бірге:Күресейік белсеніп!Қиындықты тастайық та еңсеріп!Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны Ермек Тірлік«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!!!Аман болсын балалар,Аман болсын аналар,Дені сау боп елімнің,Аман болсын адамдар! Ахыт АйманЖағымсыз істен аулақ бол,Жақсы іске жақын бол!Зиянды затпен жау болып,Адамдыққа асық бол!
1 жүргізуші: СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын мәселе, ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында айтылғандай барша жастарды салауатты өмір салтына шақырамыз!
Құрметті қонақтар, жиылған қауым, бүгінгі – 1 желтоқсан бүкіл дүниежүзілік ЖҚТБ - мен күрес күніне арналған акциямызды жабық деп жариялаймыз!
 

Приложенные файлы


Добавить комментарий