«Сценарий » Мен патриотпын»


« Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
«Мен өз елімнің патриотымын» әндер байқауының сценарийі
«Бекітемін»
Мектеп директоры:______
Умаров А.А

Мерзімі: 11.11.16ж
Уақыты: 16.00
Өткізілетін орны:Акт залы
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен өз елімнің патриотымын !» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!2-жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
1- жүргізуші: Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
1-жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді елімде,Қалықтасын қыран құсы көгімде.Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,Әуелесін Қазақстан жерінде.

2-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін мектебіміздін директорына Умаров Арман Алпамысұлына береміз.
1-жүргізуші: Ендеше , құрметті көрермендер! Біз патриоттық әндер конкурсына қатысатын 5,6,7,8,9,10,11 - сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайтын боламыз. Байқауды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.1. Шукулукова Сымбат Бейсембаевна.
2. Идрисова Тлектес Қырғызбаевна
3. Шахманова Толқын Сапаровна.
2-жүргізуші: Байқауға әннің орындалу шеберлігі,сахнада өзін ұстай білуі ескеріледі және ұпайлары жабық түрде бағаланады.Жоғарғы ұпайы -10Төменгі ұпай – 5І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.1-жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
«Жаса Қазақстан» әні. Орындайтын 5 «а» сынып оқушылары
2-жүргізуші: Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.Болашақ ұрпағының бақыты үшін,Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!
«Президент» әні. Орындайтын 6 «а» сынып оқушылары1-жүргізуші: Армысың ата-қоныс, атамекен,Киелі қасиетті туған өлкемСаған деген сезімім, сағынышым,Жыр болып төгіледі жүрегімнен.

«Қазақстан бақыты» әні. Орындайтын 6»ә» сынып оқушылары
2-жүргізуші: Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,Күннің көзі көктемдей елжіреді.Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,Отан - әнмен жүрегім тербеледі.
«Туған жерім» әні. Орындайтын 7 «а» сынып оқушылары
1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман , жасыл жайлау, көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан –елім менің
«Егемен Қазақстан» әні. Орындайтын 7 «ә» сынып оқушылары
2-жүргізуші: Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым
«Туған ел» әні. Орындайтын 8 «а» сынып оқушылары
1-жүргізуші: Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын, Таңымды тамылжытқан әсем әнмен Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін! 
«Жаным қазақ» әні. Орындайтын 8 «ә» сынып оқушылары
2-жүргізуші: Қазақстан-атамекен, құт қонған жер
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
әні. Орындайтын 9 «а» сынып оқушылары
«Жаса Қазақстан» әні. Орындайтын 9 «ә» сынып оқушылары
«Қазақстан бақыты» әні. Орындайтын 10 «а» сынып оқушылары
«Қазақстан» әні. Орындайтын 10 «ә» сынып оқушылары
«Мекенім Қазақстан» әні. Орындайтын 11 «а» сынып оқушылары
«Жасыл жайлау» әні. Орындайтын 11 «ә» сынып оқушылары
Ал, ендеше сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
1-жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты өнегесі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Сөз кезегі әділқазы алқаларында./ Орындарды белгілейді,хабарлайды/
2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын! Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен өз елімнің патриотымын!» патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Приложенные файлы


Добавить комментарий