«Сценарий , «Куз куз»


«Қостанай қаласы әкімдігінің»
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 61 бөбекжай бақшасы МКҚК
« Сары алтындай, сары күз»
Ересектер тобы
Дайындаған:Ұ.Ш. Балғабаева.

2017 оқу жылы
« Сары алтындай, сары күз»
Залдың іші әсем жапырақтармен шарлармен безендірілген. Балалар залға (Күзгі Вальс бимен)билеп кіреді.
ЖҮРГІЗУШІ: Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар бүлдіршін балалар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша мерекесіне қош келіпсідер !-«Сары алтындай, сары күз"!атты ертеңгілігімізді бастауға ұрықсат етіңіздер!
Жүргізуші: Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз–дей келе
Мерекемізді бастаймыз .( жапырақ туралы тақпақ 3- 4 бала)
Сандуғаш :Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал,терек
Жапырағың жұлғызып.
Агиза:Жемісі мол теретін
Күз дос екен біз бенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Дамиля :Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол кұйды.
Күн астында алтын күн,
Тербелейді толқиды.
Алина :Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңдай,
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Жүргізуші: Сап- сары бойяуды қолыңа ап,
Бейнеңді салуда оңай –ақ
Бірлікті бақыттың белгісі
Алтынмен қапалған атырап деп, мына тамаша әнді қабыл алыңыздар.
«.....Күзгі жапырақ........»
(Балалар орындарына отырады)
ЖҮРГІЗУШІ:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
- деп, міне балалар күздің соңғы күндерімен қоштасып, бізге берген ырысы мен жемістеріне рахмет айтпақпыз.
Тақпақтар:
Даулет: Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз
Алишер:Қамба толы астыққа
Алғыс саған,алтын күз!
Бір уыз дән шаштықта,
Қап-қап қауын алдық біз.
Жалғас:Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Жүргізуші: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз бейбіт күн!
Ашық болсын кең аспан – дей отырып, мына тамаша әнді өздеріңізге тарту етеміз қабыл алыңыздар.
Ән: «Қазақстан!»
Жүргізуші: Өте жақсы керемет! Рахмет сендерге орындарыңа барып отыра қойыңдар. Балалар тыңдаңдаршы осында біреу келе жатқан сияқты (Осы кезде залға Бағбан ата кіріп келеді)
Бағбан ата:Сәлеметсіздерме балалар! Мені сендерге Күз Аруы жіберді. Балалармен бірге күз мерекесін тойлап көңіл көтердеді. Ал, өзі сәл кешігіреп келетінін айтты.
Жүргізуші: Төрлет Бағбан ата Күз мерекесіне қошкелдің! Біздің балалардың күз туралы дайындаған тақпақтарын тыңда.
Бағбан: Бәрекелді!
(ортаға тақпақ айтатын балалар шығады)
.Т.Адия :Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу ,неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Томирис :Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
.Олжас:Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып,.
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Алма: Мен алмамын, алмамын,
. Аружан Таңдай татар бал дәмім.
Дастарханға көрік беріп,
Келтіремін бар сәнін.
Өрік: Мен өрікпін,өрікпін,
.Адина Табиғатқа көрікпін.
Сүйіктімін сәбилерге,
Айтпасам да бөліп тым.
Шие: Шиемін мен шиемін
.Айкүнім Күннің көзін сүйемін
Балақайлар жақын келсе,
Басымды мен иемін.
Жүзім: Мені бәрі жүзім дер,
. Б.Адия Бір-бірлеп-ақ үзіп жер
Дәмі кетпей аузынан,
Жеген адам шырын дер
Қызанақ: Менің атым помидор
.Камилла Сусындатам , шөлдесең
Шырынымның дәмін көр
Бақша ішіне келе бер.
Бағбан ата: Балалар менің сендермен бір тамаша ойын ойнағым келеді
Жүргізуші: Ия, ол қандай ойын?
Бағбан: Ол ойын «Тығылмақ» деп аталады!
Жүргізуші: біздің балалар ойнағанды сондай ұнатады, ал ойынды кім бірінші бастайды?
Бағбан: Мен ойынды бастаймын!
Жүргізуші: Балалар ойынның шарты мынадай Бағбан ата көзін жұмады, ал сендер тығыласыңдар, ойын түсінікті ғой!
Балалар: Ия!
Бағбан: Мен санауды бастайымын,1,2,3,4,5
тығылыңдар бәрің тез!
(Осы кезде балалар отырған орындықтарының артына тығылып қалады)
Бағбан: 6,7,8,9,10 санап болдым, болды он!
(Бағбан ата балаларды іздей бастайды бірінші ол әдемі қолшатырды тауып алады, бірақ балаларды табаламайды , Осы кезде орындықтын артынан кішкентай мухаморла кезегімен бастарын көрсетіп шыға бастайды)
Бағбан:О- о – о! мен мынадай қолшатыр тауып алдым!Қазір сендерді де тауып аламын.(балаларды іздеп іздеп таба алмайды)
Бағбан: Мен жеңілдім, мен ешкімді табалмадым! (осы кезде барлық балалар орындықтың ар жағынан шулап шыға келеді)
Жүргізуші:Бағбан ата біз жеңдік, сен жеңілдің, өнеріңді көрсет.
Бағбан: Ендеше мен мына кішкентай бағбаншыларды ортаға шақырамын сендермен бірге би билеймін.
Жүргізуші: Қандай өнерлі Бағбан ата, ортаға шығып балалармен бірге өнеріңізді көрсетіңіз.
Би: «Садовник»
Жүргізуші: Жарайсыңдар кішкентай бағбаншылар рахмет сендерге!
Бағбан ата: Мен де мынадай әдемі қол шатырлар бар осы қолшатырмен қызық ойын ойнағым келеді. Ортаға 3 баланы шақырамын
Ойын: «Кім жылдам»

Жүргізуші: Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат,
Алтын күзді ал, енді
Қарсалайық жамиғат!
(Осы кезде залға Күз аруы кіреді)
Күз аруы:Сәлем өрен, достарым!
Қандай әсем алтын күз.
Мереке сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қонып,
Береке бірлік пенен ортақтассын!
Жүргізуші: Алтын күз, алтын күз
Күтеміз сені біз.
Төріміз сіздікі
Келіңіз ,келіңіз!
Ал, енді күз мерекесі жайлы тамаша тақпақтарымызды ортаға шығып айтып береміз.
. Айлана Ам :Сары-ала,қызыл,көк.
Алуан ,түсті жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Ах.Айлана:Астық дала сәулеті.
Астық-Отан дәулеті.
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Санжар : Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
.Інжу: Қуантып біздерді ,
мерекелі күз келді.
Кел жемісті Алтын күз
Шақырады халқымыз!
Аяулым: Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз
Асхат:Жемісі мол теретін
Кнз дос екен біз бенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Ән: «Күз келді алақай!»(осы кезде әнді балалар шеңберге тұрып орындайды)
Күз аруы: Жарайсыңдар, өте жақсы! Балалар менің сендерге қызықты жұмбақ жасырғым келеді. Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын айтасыңдар. Ойынның шарты барлықтарыңа түсінікті деп ойлаймын, ойынды мен бастаймын
Жұмбақтар:
Ұзын мұртты сарылыр
Қойнында наны бар
(Бидай)

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Қызыл ,жасыл кемелер,
Су бетінде қалқиды
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды
(Жапырақ)
Жүргізуші: Күз аруы рахмет сізге. Жасырған жұмбақтарыңыз өте қызықты болды. Бүгінгі күз мерекесіне арнап дайындаған біздің балаларымыздың тақпақтары тағы бар
(Балалардың тақпақтары)
Самат:Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен,
.Иманғали Алтын,сары,қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Алан Көрінді шалғайдан.
Бел-белістер сарғайған,
Сары жапырақ тогілген,
Тоғайды да көрдім мен.
Айлин:Күзім-ау,күзі-мау,
Мінезін бұзық-ау,
Жаңбырын сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Нұрдаулет:Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу ,неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Күз аруы: Жарайсыңдар балалар!
Бағбан: « Жапырақтар жинау» ойын ойнатады

Жүргізуші: Балалар сендерге мен бір жұбақ жасырайын,
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ !
Жүргізуші: Бәрекелді ! Жауабы дұрыс. Ендеше осы күзгі жапырақтармен билеймін деген балаларды ортаға шақырамын
Би: «Биші жапырақтар»
Күз аруы: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Балалар сонымен күз мезгілі өзінің молшылығымен байлығымен ерекшеленеді екен , осы керемет күз байлығына арнап, жемістер деген әнімізді орындап берейік.
Ән: «Жемістер»
Күз аруы:Барекелді ! Балалар қараңдаршы мына себетте жемістер мен көкөністер араласып кетіпті. Осыны маған кім ажыратып берер екен.
Жүргізуші: Ортаға екі балашықсын (Ойынның шарты түсіндіріледі)
Ойын «Көкөніс пен жемісті ажырат»
Ойынның шарты: Жердегі араласып жатқан көкөніс пен жемісті екі бала шығып, қолдарындағы себетке толтырып жинай бастайды. Себетті тез әрі қателеспей толтырса, сол бала жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар! Күз аруы біздің балалар сіздің берген тапсырмаңызды шапшаң әрі мұқият орындап шықты деген ойдамыз.
Күз аруы: Иә балалар, атсалысып берілген тапсырманы орындадыңдар, жарайсыңдар!
Күз аруы: Балалар өнерлерің өрлесін, жарайсыңдар!Балалар күн күркіреп, жаңбыр жауғысы келіп тұрғандай естисіңдерме? (фонограммадан күркіреген дауыс естіледі.)
Жүргізуші: Күз ару біздің балалар жаңбырдан қорықпайды. Біз жаңбырды жырлаймыз!
Барлық балалар: Жаңбыр, жаңбыр жау-жау !
Өсімдіктер болсын дәу!
Ән: « Жау-жау жаңбыр» орындайтын Сандуғаш
Күз аруы: Балалар мына тамаша әндеріңнің көңілді тамаша екен.
Күз аруы:Мен сендердің бүгінгі мерекеге атсалысып, қатысып, өнерлеріңді көрсеткендеріңе ризамын. Бүгінгі мереке барлықтарыңызға қуанышты көңіл силасын. Мына себеттегі тамаша алмаларды өздеріңе сыйлаймын.
Жүргізуші: Күздің берер жемісі,
Алуан – алуан емеспе?
Сол алуан сыйыңды,
Күтеміз біз әр күзде
– деп, Күз ару, өзіңізге үлкен рахмет айтамыз.
Күз аруы: Балалар келесі жылы кездескенше, қош сау болыңдар!
Барлық балалар: Сау болыңыз, Күз аруы!
Жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар «Сары алтында, сары күз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Біз өздеріңізбен қоштаспаймыз, тек сау болыңыздар деп, алдағы мерекелерде өздеріңізді күтетін боламыз!

Приложенные файлы


Добавить комментарий