«Сценарий кураторского часа на тему «Н?р Отан»


Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы интернат
«НҰР ОТАН» - БОЛАШАҚ ПАРТИЯСЫ
Өткізген: III топ тәрбиешісі А.С. Төлебаев
Атырау-2014
Тақырыбы: «Нұр Отан» - болашақ партиясы
Мақсаты: Оқушылардың саяси білімдерін арттыру, «Нұр Отан» партиясы туралы ақпарат беру.
Сабақтың әдісі: теориялық әдіс, баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Сабақтың аты жазылған, «Нұр Отан» партиясының туы бар плакаттар, сөзжұмбақ, слайд, видеоролик, көрме кітаптары, «Нұр Отан» партиясы доктринасы, «Нұр Отан» партиясы миссиясы, «НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық партиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасы
Сабақ барысы:
Гимн
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Нұр Отан» партиясына 15 жыл толуына орай өткізгелі отырған «Нұр Отан» - болашақ партиясы» атты теориялық сабағымызды ашық деп жариялаймын. Барлығыныздан шараның ойдағыдай өтуіне атсалысуларынызды сұраймын.
Сабақты бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап тауып көрейік:
«Нұр Отан» партиясы туралы кім не біледі?
Партияның мақсаттары қандай?
«Нұр Отан» партиясының Төрағасы кім?
Партия жөнінде көптеген мәліметтер білетіндіктеріңізді көрсеттініздер. Енді мына бейнероликке назар аударайық.
Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Нұр Отан». Партияның басты мақсаты мен міндеті - азаматтардың мүддесін қорғап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналу; қоғамдық ұйым ретінде халықтың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып, мәселелерін билікке жеткізу болып табылады. Оның Төрағасы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Партия еліміздің негізгі саяси күші саналады. Партия өз қызметін бастаған жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналды. «Нұр Отан» – еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы. Қазақстанда қолдаушыларының саны көп саяси партия ретінде, «Нұр Отан» дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенді, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отырды. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен оның халқының екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді өзегіне айналды.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%82%D0%B0%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Отан (мұндай бет жоқ)" Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD" \o "Желтоқсан" желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%82%D0%B0%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Отан (мұндай бет жоқ)" Отан”, “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%B0%D1%80" \o "Асар" Асар”, “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B" \o "Азаматтық" Азаматтық” және “ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Аграрлық (мұндай бет жоқ)" Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82" \o "Парламент" парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.
«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.
Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
Қазақстанның қазіргі заманғы барлық табыстары мен жетістіктері елдің басты партиясы мен оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты екенін зор сеніммен айта беруге болады. 
2012 жылдың 15 қаңтарында болып өткен ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысында «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысына ие болды.
Сөзжұмбақ «Нұр Отан»:
Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті.
Сарысу өзені бойында жоңғарлармен шайқас болған жер.
Сақтар туралы «Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» деп жазған кім?
VII-IX ғғ. жататын әдеби шығарма.
Тәуке хан уш жүздің басын қосқан құрылтайын шақырып отырған жер.
Алғашқы ғарышкер Т. Әубәкіровтың туған жері.
1965 жылы алғашқы мұнайын берген кен орны.
Оқушының аты-жөні:_________________________________
Сіз болашақта «Нұр Отан» партиясы құрамына өткіңіз келе ме?
________________________
Өткіңіз келсе, Сіздің ұстанар саясатыңыз қаңдай болмақ (қолдар салаңыз қандай?) және себебі қаңдай?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
– Бауыржан Қыдырғалиұлы, Сіз еліміздегі ірі саяси одақ Төрағасының бірінші орынбасарысыз. Құжаттарда «Нұр Отан» – халықтық партия» делінген. Бірақ қарапайым қазақстандыққа партияның берері не? Партияның міндеттері мен қызметі қандай?
– «Нұр Отан» туралы сөз еткенде, көпшілік оны билік партиясы дейді. Шын мәнінде, олай емес. «Нұр Отан» – басқарушы партия. Соңғы сайлауда мол сенім артып, дауыс берген халық «Нұр Отанның» басқарушы партия атануына ықпал етті. Сайлаушылардың 80 пайыз дауысына ие болып, біз парламенттік көпшілікті қалыптастырдық. Бұған қоса, бүгінгі таңда партияның 900 мыңнан астам мүшесі бар. Сондықтан «Нұр Отанның» негізгі міндеті – азаматтардың мүддесін қорғап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналу. Қоғамдық ұйым ретінде біз халықтың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып, мәселелерін билікке жеткізуіміз керек. Бұл міндетті жүзеге асыруда мүмкіндігіміз мол. 9 мыңнан астам партияның «бірінші топ» бөлімшелері мен 3 мың партиялық бақылау қосыны бар. Айта кету керек, еліміздегі бірде-бір партияда немесе қоғамдық ұйымда мұндай мүмкіндік жоқ.
– Дегенмен «НұрОтанды» шенеуніктердің партиясы дейтін қазақстандықтар аз емес...
– Әлбетте, мұндай екіұшты пікір де бар. Ақиқатында. мемлекеттік қызметкерлер партияның тек 6 пайызын ғана құрайды. Нұротандықтардың басым бөлігі – мұғалімдер, кәсіпкерлер мен дәрігерлер. Бәлкім. партия органдарының барынша тиімді жұмыс істемеуінен жоғарыда аталған пікірлер қалыптасатын шығар. Бірақ партия – тірі ағза дегенмен, келісетін боларсыз. Партия дер кезінде азаматтардың сұрақтарына жауап беру арқылы қоғаммен бірге өзгеріп тұруы тиіс. Бүгінде еліміздің ірі қалаларында да, кішігірім елді мекендерде де азаматтар бізден өз мүдделерін тиімді қорғауды және атқарушы органдарды тиісті дәрежеде бақылауды талап етеді. Сол сбеепті «Нұр Отан» партиясы Жетекшісінің нұсқауымен біз жаңашылдыққа бет бұрып отырмыз. Біздің мақсатымыз – шенеуніктермен жұмыс істейтін «билік партиясы» ретінде емес, халықтың мүддесін қорғайтын партия ретінде қызмет ету.
– Жаңғыру бағыты жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз...
– Бүгінде партияның қызметі жауапкершілік, ашықтық, тиімділік және есеп беру сынды ұстанымдарға құралған. Партия Жетекшісінің тапсырмасымен парламент және мәслихат депутаттары арқылы бюджет пен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бақылауға алынды. Осы орайда бюро, саяси кеңес, мәжіліс пен мәслихаттағы фракциялар сияқты партия органдарының рөлі арта түседі. Аймақтардағы жұмыс, заманауи технологияларды пайдалану арқылы жастармен жұмыс істеуге аса зор мән беріп отырмыз. Партия аппаратына бірлескен басқару ұстанымы енгізілді. Ал кадрлық саясат меритократия принципі бойынша қалыптасуда, ынталандыру және әлеуметтік жеделсаты жүйесі түзілді. Осылайша тұңғыш рет қызметкерлерді аттестациялау жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде орталық аппарат қызметкерлерінің саны 30 пайызға, ал басқарушы тарап қызметкерлерінің саны 7 пайыздан 5 пайызға қысқарды. Үнемдеу арқылы бөлімшелердегі қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға артып, материалдық-техникалық база күшейді. Саяси менеджмент мектебінде (бұрынғы жоғары партиялық мектеп) академиялық курстар тәжірибелік тренингтер жүйесіне ауыстырылды. Ағымдағы жылдың өзінде 440 «бірінші топ» басқарушылары, яғни партияның 200 мыңнан астам мүшесі біліктілігін арттырады. Қоғамдық саясат институтының (бұрынғы парламентаризм институты) жұмысы заң жобаларын, мемлекеттік бағдарламаларды саралау, әлеуметтік сауалнама жүргізуге ерекше ден қояды. Бұл депутаттарымызды халықтың мәселелеріне қатысты шынайы және жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– «Нұр Отан» Доктринасын дайындау, талқылау жұмыстарын немен байланыстыруға болады?
– «Қазақстан – 2050» стратегиясы қабылданғаннан соң мемлекет қоғамдық-саяси жағдайды түбегейлі өзгертетін ірі саяси реформаларды жүзеге асыруды бастап кетті. Соның арқасында «А корпусы» қалыптасты, өкілеттік орталықтан аймақтарға тапсырылды, ауыл әкімдерін сайлау жүйесі енгізілді, сондай-ақ қоғамдық бақылау күшейді. Шенеуніктердің халық алдындағы жауапкершілігін тікелей арттыру арқасында мемлекеттік органдарды бақылаудағы негізгі міндет қоғамдық ұйымдаға, әсіресе, партияларға тапсырылды. Әрине, басқарушы партия ретінде «Нұр Отан» жұмыс тиімділігін арттырып, бұл үрдісті толықтай бақылауға алуы тиіс.
– Доктринаның мән-мағынасы неде?
– Доктринада біздің басты мақсат-міндеттеріміз анық жазылған. Бұл –«Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруда және жалпы ел дамуында «Нұр Отанның» рөлін анықтайтын партияның конституциясы іспеттес құжат. Бүгінде көптеген елдерде құндылықтар дағдарысы ірі саяси дағдарысқа, тіпті азаматтық соғысқа жол ашып тұрған кезеңде осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімізді арттыра отырып, Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан құндылықтарды ұзақ жылдар бойына қоғамның санасында сіңіру керек. Доктрина басты идеологиялық құжат ретінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды қорытындылап, партия мүшелерін біріктіреді. Ең бастысы, Доктринада мемлекетіміздің дамуы мен жетістіктерінің кепілі болған Елбасының мемлекеттік бағытының негізгі қағидалары жазылған. Өйткені тәуелсіз және мықты мемлекетті қалыптастырып, бейбітшілік пен бірлікті сақтау – Президентіміздің жүйелі саясатының жарқын жемісі.
– Құжат жобасында: «Мемлекет пен азамат – тең әріптестер... Мемлекет азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталады...» деген ереже бар. Бүгінде кейбір шешімдердің ашық болмауы салдарынан көптеген ел біздің мемлекетімізді «Қазақстан» ЖШС деп атайды және «Қазақстан Республикасы» АҚ атану бағытына бетбұрыс жасаған жөн дейді. Мұны қалай жүзеге асырамыз, қалайша «Қазақстан Республикасы» АҚ атанамыз?
– Мен корпоративті басқаруға қатысты сөздерді мемлекеттік жүйеге бұлайша қолданбас едім. Бизнесте тиімділік пен ашықтық түскен пайдаға байланысты бағаланады. Ал мемлекетте барлығы сәл қиындау. Көптеген әлеуметтік мәселелер тек бұл призма арқылы қарастырылмайды. Ата заңға сәйкес, Қазақстан – әлеуметтік бағытты ұстанған мемлекет. Яғни әрбір азамат сапалы мемлекеттік қызмет алуға толықтай құқылы. Бәсекеге қабілетті мемлекеттерде мемлекеттік басқару дәл осы қызметтік ұстанымның негізінде қалыптасқан. Ал бізде бұл ұстаным «Мемлекеттік қызмет туралы» заң арқылы жүзеге асырылып отыр.
– Қызметтік ұстанымды енгізе аламыз, бірақ қарапайым азамат өзінің ақшасының қайда және не үшін жұмсалғанын қалай біле алады? Сіздерде ашықтықтың осындай механизмі қарастырылған ба?
– Бізге биліктің өкілетті органдарында депутаттық фракциялардың жұмыс тиімділігін жүйелі түрде арттыру керек. Ал ол үшін жоғарыда атап өткенімдей, партия депутаттарды сапалы сараптамамен және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар отандық үкіметтік емес ұйымдардың пәрменді әлеуетін нығайтуымыз керек.
– Дегенмен егер де әкім «Нұр Отанның» жергілікті бөлімшесін басқарып отырса, партия қалайша билікке әсер ете алады? Яғни азамат партияға келіп шенеунікке шағым түсіргісі келді делік, дәл сол шенеунік партияның бөлімшесін басқарса, азаматтың шағымы шенеуніктің өзіне партиялық сызба бойынша қайта келеді ғой.
– Сіз дұрыс байқадыңыз, мұндай мәселе шын мәнінде, өткір болып тұр. Мәселені оңтайлы шешу үшін «Электронды партияны» қалыптастырдық. Мәселен, жыл соңына дейін Астанада Ортақ үйлестіруші орталық ашылады. Бұл орталыққа партияның 300 аймақтық қоғамдық қабылдау бөлімшелерінен азаматтардың шағымдары қабылданады. Аталмыш ақпараттық жүйе субъективті факторды түбегейлі өзгертіп, бақылаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Қайсыбір әкімге түсірілген шағым көп болған жағдайда арнайы тәуелсіз тексеру жүргізіледі. Бүгінде партиялық бақылау комитетінің жұмысы партия қатарын, «тазалауға» және жоғары шенді партиялықтарға түскен шағымдарды қарауға бағытталған. Ең маңыздысы – партия басшылығы балама ақпаратпен қамтамасыздандырылады.
– Өзге партиялықтар, яки жасотандықтар туралы сөйлессек. Қазір жасотандықтар көбіне жаппай сауыққой болып бара жатқан сияқты...
– Өкінішке қарай, солай боп тұр. Шененуніктер, кей ретте партиялықтардың өздері жастарды әлі күнге дейін бос қалдық ұстанымы арқылы қабылдап, оларды бұқаралық жиын, ту, бас киімдермен ғана байланыстырады. Біз бұл таптаурын пікірді жоямыз. «Жас Отан» жастардың жобалары мен ой-пікірін жүзеге асыратын алаңға айналуы тиіс. Сол үшін біз «Сәтті қадам» және «Жастар – ауылға» сынды екі ірі жобаны бастадық. Біріншіден, біз жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік қызметте, мемлекеттік холдингтерде өндірістік тәжірибеден өтіп, мансабын қалыптастыруға жол ашудамыз. Екіншіден, ауылдағы жастардың қарастырылған мемлекеттік көмекке дер шағында қол жеткізуіне мүмкіндік жасадық. Партия – қолдауы жоқ, талантты адамдар үшін әлеуметтік жеделсаты екенін жоғарыда айттым. Осылайша біздің партия арқылы көптеген жастар жергілікті өкілетті органдарға сайланды. Бүгінде жасы 30-ға дейінгі мәслихат депутаттарының саны екі есеге артып, 84 адамға жетті.
– Биылғы күздің басты саяси оқиғасы – «Нұр Отан» партиясының съезі жөнінде әңгімені өрбітсек. Съезден күтеріміз көп, әрине. Қандай өзгерістер болуы мүмкін?
– Съезде партия жетекшісі «Нұр Отанның» дамуындағы жаңа кезеңді айшықтайтын маңызды шешімдерді атайды. Доктринаны қабылдау жоспарлануда. Кең ауқымды ішкі партиялық пікірталасты өрбіту үшін съезд жұмысы екі күнге созылады. Аймақтардан шақырылған делегаттар саны екі есе көп. Делегаттар секциялық отырыстарда партияны жаңғырту жұмыстары мен «Қазақстан – 2050» стратегиясы аумағындағы біздің міндеттерімізді талқылайды. Сонымен қатар съезден соң Үкімет мүшелерінің және Мәжілістегі біздің фракция депутаттарының қатысуымен партияның басқарушы органы – Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын ұйымдастыру жоспарда бар.
– Партияда қандай кадрлық ауыс-түйістер болады? Көпшілік партия да, мемлекеттік аппарат та жасарады деп жүр...
– Әрине, кадрлық ауыс-түйіс мәселесі әрдайым ашық әрі маңызды. Әсіресе, жаңартылған құрылымда бұл мәселенің маңызы арта түседі. Партия – сегіз сағаттық жұмыс күні емес. Партия – тәулік бойына созылатын түсінік. Адам тек қана жұмыс уақыты кезінде партия мүшесі болып, жұмыстан соң қонаққа барып өзге мәселелерді талқылай алмайды. Осы орайда, ішкі сенімге басымдық берген жөн. Партияға дәлме-дәл күн тәртібі бар және жаңа бастамаларға барынша дайын адамдар келуі керек. Сондықтан жаңа идеялары бар адамдардың партияға келуі – қалыпты жағдай. Мемлекет басшысының саясаты көрсеткендей, осы жылдар ішінде жаңғыру мен жаңару партия мен мемлекеттің дамуына барынша жол ашты.

Приложенные файлы


Добавить комментарий