«Сценарий кураторского часа на тему «Ал?ыс айту — имандылы?ты? белгісі»


Тәрбие сағатының жоспары
Куратор Тулебаев А.С. Сынып: 9
Мерзімі 27.01.2016ж.
Тақырыбы "Алғыс айту имандылықтың белгісі"
Мақсаты 1.Осы тақырып арқылы оқушылардың қандай іс болса да алғыс білдіруге деген құлшынысы артып, өн бойларына имандық қалыптастыру.Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі
құралдар 1. Интерактивті тақта.
2. Интернет желісі;
3. Power Point бағдарлама.
Сабақ барысы
Жоспарлау уақыты Ұйымдастыру кезеңі Ресурстар
2 мин
3 мин.

5 мин

7 мин
3 мин.
15 мин
5 мин Куратор сағатының тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Кіріспе сөз.
Оқушыларға сұрақтар қою және талқылау Презентация
“Рахмет айту күні” атты видеоролик корсетіп, оқушылармен дискуссия жасау https://www.youtube.com/watch?v=uL11dash2oA
Топқа бөлу
Сөзжұмбақтың жауаптарын жазу А4 форматтағы қағаздар
“Алғыс айту, ризашылық” тақырыбына байланысты рөлдік ойын ойнатып оқушылардың ойын анықтау.
Рефлексия Қорытынды. Сөйлемді өз ойыңмен аяқтап жаз А4 форматтағы қағаздар
Сабақтың тақырыбы: " Алғыс айту имандылықтың белгісі "
Мақсаты:
Осы тақырып арқылы оқушылардың қандай іс болса да алғыс білдіруге деген құлшынысы артып, өн бойларына имандық қалыптастыру.Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілік:
интерактивті тақта;
интернет желісі;
Power Point бағдарлама.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі :
Куратор сөзі:  Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғыс-ын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал келіндерге үлкендер «Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға ізет көрсетіп, сәлем етеді. Оған «Қалқам, өркенің өссін» деп, үлкен кісі өзінің ризашылық батасын айтады. Я болмаса жас адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады. алғыс тұрмыспен, ғұрыппен тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын өзгертіп, негізінен, этикалық тұрғыда қолданысқа көшкен.
Қазақ алғыс-ы нақты адамға қарата айтылады, сөйтіп, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл қош болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.
Сұрақтарға жауап бере отырып, талқылау
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қалай білдіреді?
Сендеоге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
“Рахмет айту күні” атты видеоролик корсетіп, оқушылармен дискуссия жасау.
Топқа бөлу
Сөзжұмбақ. 
1 Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам). 2 Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид). 3 Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана). 4 Адамның өмір сүру ортасы (қоғам). 5 Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатігездік). 6 Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім). 7 Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық). 8 Адам іс- әрекеті қозғаушы күші (қажеттілік). 9 Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік). 10 Ең асыл қасиеттердің бірі (ержүректілік). 
Рөлдік ойын
Әр топқа “алғыс айту, ризашылық” тақырыбына байланысты рөлдік ойын ойнатып оқушылардың ойын анықтау.
Рефлексия.
Қорытынды.
Жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Приложенные файлы


Добавить комментарий