«Сценарий конкурса «Жігіт с?лтаны»


Тақырыбы:Серілер сайысы
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
2-жүргізуші: Ассалаумағалейкум,халқым менің,
Ардақта дәстүріңді,салтыңды елім.
Сайыс басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін!
1-жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды
Өнердің жолын қуған «Серілер сайысына» қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
2-жүргізуші:Құрметті көрермендер бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар.Байқау 4 кезеңнен тұрады.Олар:
1.Таныстыру бөлімі
2. «Білімді мыңды жығады» білім сайысы
3. «Жігітке жеті өнерде аз» өнер сайысы
4. «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» спорттық сайыс
1-жүргізуші: Бүгінгі бәйгеге түсетін сайыпқырандарымызға әділ баға беретін қазылар алқасын таныстырып өтейік
Мектебіміздің аға тәлімгері:Әсем Маратқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:Болат Шәріпханұлы Анар Ахметқалиқызы
2-жүргізуші:Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді. Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
1-жүргізуші:Бұл жастар келіп жетті жарысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға шығып тұр,
Әдеппенен,ізетпенен танысуға-,дей келе сайысымыздың алғашқы кезеңі Таныстыру бөлімін бастаймыз.
1.Бірінші реттік санындағы қатысушымыз бос уақытында бокспен айналысқанды жақсы көреді. Сүйікті пәні Тарих пәні. Қошеметтеп 6а сынып оқушысы Сағидоллаев Оралбекті ортаға шақырамыз.
2.Екінші номерлі қатысушымыз өзінің бос уақытында волейбол ойнағанды ұнатады. Сүйікті пәні биология пәні . Ендеше қарсы алыңыздар 6 Б сынып оқушысын Кенжебекұлы Архатты сахна төріне шақырамыз.
3.Келесі қатысушымыз футбол ойнағанды жақсы көреді. Бос уақытында ән айтқанды ұнатады.Сүйікті пәні математика пәні. Ортада 6в сынып оқушысы Жетпісбеков Бекнұртай. Қошеметтеріңіз.
4.Төртінші қатысушымыз бос уақытында гитарада ойнағанды ұнатады.Сүйікті пәні тарих пәні.Олай болса сіздердің қошеметтеріңізбен сахнаға Қасымов Нұрқадырды шақырамыз.
5.Бесінші реттік санындағы жігітіміз билегенді жақсы көреді.Бос уақытында спортпен айналысқанды ұнатады.Сүйікті пәні дене шынықтыру пәні.Ендеше ортаға 6ғ сынып оқушысы Егісбеков Ерсұлтанды ортаға шақырамыз!
6.Келесі болып сахнаға шығатын сайыскеріміз Абай атамыздың өлеңдерін сүйіп оқиды және бос уақытында спортпен айналысады. Сүйікті пәндері Әдебиет және тарих пәндері.Олай болса 7ә сынып оқушысы Зақанов Нұрасылды шақырайық
7.Сегізінші реттік сандағы сайыскеріміз өте зерек бала,бос уақытында кітап оқығанды жақсы көреді.Келесі кезекте сахна төріне шығатын 7б сынып оқушысы Сәрсенбин Жарылқасынды қарсы алайық
Соңғы сері жігітіміз өте өнерлі,спортқа да жақын.Бос уақытында футбол ойнаганды жақсы көреді.Ендеше ортаға 7в сынып оқушысы Каримов Асланды шақырамыз
2-жүргізуші Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері
Сен әкелегн жақсылықтар көп тегі
Көңіліңді шат сезімге баурайды
Халқымыздың бүгінгі мен өткені:-дей келе сайысымыздың «Білімді мыңды жығады» атты 2бөлімін бастаймыз.
1-жүргізуші:Бұл бөлімде әрқайсыңыз бір-бір билет алып сұраққа жауап бересіздер. 1 билетте 2 сұрақ берілген. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Сұраққа реттік сан бойынша жауап бересіздер.
2-жүргізуші :«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта Жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт, «Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт, «
Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт,
«Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт. Олай болса сері Жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес
Қоян қолтық алыспай. Төртінші бөлім «жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» деп аталады.
2-жүргізуші :Бұл сында сайыскерлеріміздің спортқа деген икемділігін байқайтын боламыз.
Бірінші кезекте: жігіттердің мергенділігін сынаймыз асық ату.
Екінші кезекте: сайып қырандарымыз иық қағыстырады.
Ендеше, серілерімізге сәттілік тілей отырып ортаға шақырамыз .
1-жүргізуші:Осымен «Серілер » сыйысының барлық шарттары орындалды.
2-жүргізуші :Сайыскерлеріміз өздерінің жан- жақты дайындалғанынын көрсетті. Енді қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарсын.
1-жүргізуші:Бұл сайыста тартымды аяқталар
Ғажап сырын өнерді оятты олар
Біз тілейік қашанда сәтті қадам
Өнерлерін өмірге қанат қағар- дей келе серілер сайысына қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші :Келесі сөз кезегін әділ қазы алқаларына береміз.
1-жүргізуші:Осымен , кешіміз өз мәресіне жетті. Сайысқа қатысқандарға және өнер көрсеткендерге алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар.

Приложенные файлы


Добавить комментарий