Сценарий ко Дню языков народа Казахстана


Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған
«Тіл- тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты
әдеби-музыкалық ашық шара сценариі
Құрастырған Алматы қаласы
№ 70 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі Бітімбаева Ж.К.
Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, арлы да асқақ рухты елдің ұландары! Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Здравствуйте, уважаемые учителя, дорогие ученики! Здравствуйте, все те, кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале. Все мы родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И все потому, что Казахстан - многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков народа Казахстана.
1-жүргізуші: 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
2-жүргізуші: Ежегодно 22 сентября в Казахстане отмечается День языков. Этот день был объявлен Указом Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года и стал общим праздником всех казахстанцев. В основе многонационального праздника языков лежит одна идея: каждый язык – это часть духовного наследия человечества, а каждая культура - это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1-жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ- ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
«Салтанат» күйі орындалады
2-жүргізуші: Тіл тек қатынас құралы ғана емес, қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі. Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын белгісі.
1-жүргізуші: Наша Республика многонациональна. В Казахстане в единой семье живет около 16-ти млн.человек,   представителей 120-ти национальностей. На казахском, русском, уйгурском, корейском, татарском языках издаются книги и газеты, работают национальные программы, радио и телевидение. У каждого народа, живущего в Казахстане, есть свои обряды, традиции и язык. А вот как здороваются на языках разных национальностей, мы сейчас послушаем.   (Выходят ученики в национальных костюмах и говорят приветствие на разных языках) 
На казахском – Сәлеметсіздер ме!
На русском - Здравствуйте!
На татарском - Исәнмесез!
На узбекском-Ассалам алейкум!
На азербайджанском-Салам!
На немецком-Гутэн таг!                   
На белоруском- Добрай ранеца!                          
На польском-Дзинь добру!                      
На армянском- Бар эв дзез!
На латышском - Лабден!
На грузинском-Гамарджоба!
На украинском-Здрастуйтэ!
На чеченском-Маршалла хулда!
Исполняется казахский национальный танецВыходят чтецы стихотворений:
Ана тілім, жүрегісің анамның,Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.Сағат сайын саулығыңды тілеймін,Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.Анашымды ұмытқаным емес пе?Ана тілім егер сені ұмытсам.Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.Ел бетіне қалай тура қараймын,Ана тілім егер сені білмесем.
И туган тел, и матур тел, эткэм-энкэмнен теле!Доньяда куп нэрсэ белдем син туган тел аркылы.Ин элек бу тел белэн энкэм бишектэ койлэгэн,Аннары тоннэр буе эбкэм хикэят сойлэгэн.И туган тел! Һэрвакытта ярдэмен берлэн синен,Кечкенэдэн анлашылган шатлыгым, кайгым минем.И туган тел! Синдэ булган ин элек кыйлган догам:Ярлыкагыл, дип, узем һэм эткэм-энкэмне, Ходам! (Габдулла Тукай.) 
Родной язык, святой язык. Отца и матери язык!
Как ты прекрасен! Целый мир
В твоем богатстве я постиг!
Качая колыбель, тебя,
Мне в песне открывала мать.
А сказки бабушки потом
Я научился понимать.
Родной язык, родной язык.
С тобою смело шел я вдаль.
Ты радость возвышал мою.
Ты просветлял мою печаль. (Это же стихотворение в переводе С. Липкина.)
1-жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізеді.
... Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Сахналық көрініс
1 бала: (сахна сыртынан дауыс) Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен нар кескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Өліже үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен дылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім. Төле би: Жасыма! Уа, халқым! Көсіле шабар жерің бар! Тау көтерген елің бар, Қол бастайтын ерің бар, атадан қалған сара жолың бар, Сөз қадірін біліңдер!
2 бала: (сахна сыртынан дауыс) Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар дер едім. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың, тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі - мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар,босқа қуанған екенмін...
Қазыбек би: Налыма! Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке кашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да, уақыты жеткенде, қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
2-жүргізуші: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың.
1-жүргізуші: Әрине, ендеше сахна төріне ______ сынып оқушысы ____________шақырамыз. ____ әні орындалады. Қол соғып қошеметтеп отырайық!
2-жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
1-жүргізуші:
Құрманғазы күй тартқанда, қасқыр жүрісінен жаңылған екен,
Дина апам күй тартқанда, Жамбыл Алатауда отырып сағынған екен,
Нұрғиса күй тартқанда, аққуды айдын көлге қондырған екен,
Қаршыға күй тартқанда талайды естен тандырған екен,
__________________күй тартқанда көрерменнің құлақ құрышын қандырған екен. Ортада ______________________орындауында Құрманғазының күйі. Қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Родной язык!Он с детства мне знаком.На нем впервые я сказала «мама»,На нем клялась я верности упрямой,И каждый вздох понятен мне на нем.Родной язык!Он дорог мне, он мой,На нем ветра в предгорьях наших свищут,На нем впервые довелось услышатьМне лепет птиц зеленою порой.Но, как родной,Люблю язык я русский,Он нужен мне, как небо,Каждый миг.На нем живые, трепетные чувстваОткрылись мне.И мир открылся в них.Я поняла на русском слово «счастье», Большое счастье жить в большой стране, С ним не боюсь я горя и ненастья, С ним не сгорю я ни в каком огне. Текут две речки в сердце, не мелея, Становятся единою рекой... Забыв родной язык - я онемею. Утратив русский, - стану я глухой. (Г.Зумакулова, кабардино-балкарская поэтесса)
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге сырлы ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтпақшы келесі кезекті әнге берсек қайтеді?
«Жаса, Қазақстан!» әні орындалады2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты өнегесі еңбегі.
Тіліміздің туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, - дей келе, бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты шарамыз да өз мәресіне келіп жетті.
1-жүргізуші: Тамаша өлең таңдайға татып балдай,
Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай.
Жан-дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып таңдай.
Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау,
Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау.
Сарқылмайтын қуат пенен күш берген,
Туған тілдің қасиеті ғажап-ау.
2-жүргізуші: Қазағымыздың асыл құндылығын ардақтап, тілімізді құрметтеп, сақтап, бабалар аманатын болашаққа аман-есен жеткізуге әрқайсысымыз өз үлестерімізді қосайық, достар! Келесі кездескенше, аман сау болыңыздар!

Приложенные файлы


Добавить комментарий