«Сценарии «Жа?а жыл» «Балапан тобы»


Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы тереңірек түсінік беру.Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру;шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз атаның, Ақшақардың, кейіпкерлердің киімдеріне назар аударту; достық қарым-қатынас орнату.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым, ата-аналар! Баршаңызға жаңа 2017 жыл құтты болсын!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайдыЖаңа жылмен құттықтаймын бәріңдіБақыт, шаттық, молшылық әкелсінБәрімізге мына жыл арайлы!Құтты болсын ағайын!Жаңа жылың тағы даҚол соғып қарсы алайықШақырайық ортағаЕртеңгілік басталсын«Балапан» тобында!(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Балалар біздің Аяз атамыз алыс сапарда жүр екен. Олар келгенше біз бәріміз бірге қосылып « Шырша »әнін айтайықшы.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, балалар енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда адасып кеткен шығар.
Балалар: Аяз ата , Аяз ата, Аяз ата – деп айғайлап шақырады. Аяз атаның орнына Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Ой, мен қайда келдім. Аааа, мен Ақшақармын балалар мені таныдыңдар ма?
Балалар: жоқ сен Ақшақар емессің.
Мыстан сөзін басқа жаққа аударып,пай-пай мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен?(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді)
Жүргізуші: Мыстан кемпір! Біз сізді танып қойдық. Шыршаға тиіспеңіз біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршыға.
Мыстан: Мына шыршаның түбі өте мықты екен, шаршап қалдым (терін сүртіп) шамалы демалып алайын:
Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келе жатыр – ау деймін.
Музыкамен «Жаңа жыл» келіп кіреді. Қораз ортада билейді, содан соң өз сөздерін айтады.
Қораз:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Жүргізуші: Ой, жаңа жыл жақсы келдіңіз, мына мыстан шыршаны ұрлағысы келіп жүр. Жаңа жыл енді басталайын деп жатыр.
Қораз: Мыстан кемпір, бұл не қылығың, балалар осы күнді көп күткенін білмейсің бе? Одан да балалардың өнерін неге тамашаламайсың. Балаларға сыйлық әкелдің бе?
Мыстан: Жооқ
Жүргізуші:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Онда Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
(Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата: Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл – қызы өнерлі,халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз. Мен өте қуаныштымын.
Ақ қырауға малынған,
Сақалым да мұртым да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берем жұртыма.
Ақшақар: Иә, Аяз ата бұл өзіміздің сағына көруге аңсаған «Ақеркеш»
балабақшасындағы «Балапан»тобының бүлдіршіндері екен. Аяз ата балалардың сізге дайындаған тақпақтары, әндері, билері бар екен қане, соны тамашалайық.
Жүргізуші: Аяз ата бізге көмек беріңіз, мына Мыстан мейрамымызды бұзбақшы.
Аяз ата: (таяғымен қорқытып, мыстанды қуып жібереді.)
Тақпақтар:
Нұрпейіс:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
София:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Айбат:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға.
Темірлан:
Жаңа жылда балалар,
Тез қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Айнұр:
Тілеймін бар әлемге,
Дос көп болсын жан ашыр.
Ата-әже, аке-шеше,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Ақшақар: Жарайсыңдар.Ал енді балалар, бәріміз қосылып «Қайсы екен» әнін айтайық.
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Би: «Полька»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар,өнерлі екенсіңдер, енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Тоңдырамын»
Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын: «Қар жинау ойыны»
Жүргізуші: Келер қораз жылына
Жақсылығымыз көп болсын
Ашық болсын аспаның
Аман болсын жас –кәрің.
Барлық балалар «Санта – Клаустар биі»
Аяз ата: Ия, шетінен өнерлі екен.
Ақшақар: Аяз ата онда балаларға сыйлықтарын таратайық.
Жүргізуші: Аяз ата сізге көп-көп рахмет балалардың өнерін тамашалап, сыйлық бергеніңіз үшін.
Ақшақар: Балалар сендер бүгін сондай әдемісіңдер. Сендерге көп-көп рахмет,Аяз атаның көңілін көтергендеріңе. Аяз ата шаршаңқырап тұр екен,біздің әлі баратын сендер сияқты бүлдіршіндеріміз көп,олар да бізді күтіп қалған шығар.
Аяз ата: Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2017- ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін.

Приложенные файлы


Добавить комментарий