2 с?билер топ балаларына арнал?ан ойыншы?тар туралы та?па?тар жиынты?ы


Коммуналдық мемлекеттіқ қазыналық кәсіпорын
№ 9 «Радуга» бала бақша – гимназиясы
ІІ сәбилер тобының балаларына арналған
Ойыншықтар туралы тақтақтар

Ойыншықтар туралы тақпақтар
Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй, . Құрастырам керегін.
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Ойыншығым күшігім,
Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.
Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
Ұшағым бар ойыншық,
Ұщырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
Ала добым аямай,
Ұрсам жерге өршиді.
Шығып кетіп қолымнан,
Паналады көрші үйді.
Досым маған ойыншық,
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймады.
Ойыншығым торғайды,
Тракторға мінгіздім.
Жер жыртуды үйретіп,
Жолсыз айдап жүргіздім.
Ойыншығым роботтың,
Тілін өзім білемін.
Жасанды темір адамның,
Басқарамын жүрегін.
Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.
Ойыншықтарды шашпаймын,
Түймемді өзім қадаймын.
Жуып жеймін үнемі,
Алма, алмұрт, шиені.

Приложенные файлы


Добавить комментарий