«Сауса? жатты?улары» ?ол моторикасын дамыту?а арнал?ан сауса? жатты?улар жина?ы»


«Сәбіз салаты» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды фжұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
«Достық» жаттығуы
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу) Қайтадан санауды бастаймыз.Бір, екі, үш, төрт, бесЕнді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
Разминка:Санайық жаңашаБір, екі, үш!Желбіре жалауша,Достықта біздің күш.Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ.Оларды атап шақырар,Әрқайсысының аты бар.Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.
«Қимылды қайтала» жаттығуыМақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.Жаттығу барысы : Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту. А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды. Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді. В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек. Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту. Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек. Төмендегідей тапсырмалар беріледі:
Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;
Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;
Үй құрастыру;
Жалауша құрастыру;
Жұлдызша құрастыру;
«Санамақ» ойыны.
Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту. Бір, екі, үш, төрт, бес,
Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады) Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады) Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу) Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу).Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)
Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)Сол қолымда бес саусақ (сол қолдыңсаусақтарын көрсету)Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)Сол аяқпен секіремін (орында жүру)
Шынжыр. Оң және сол қолдағы түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келіп тұр. Достық үшін пілге мен, Гүл сыйлағым келіп тұр
Саусақтар жүреді :
Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.«Қуырмаш»Қуыр-қуыр қуырмаш,Балаларға бидай шаш.Бас бармақ,Балан үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.Сен тұр – қойыңа бар!Сен тұр – жылқыңа бар!Сен тұр – ешкіңе бар!Сен тұр – сиырыңа бар!Сен тұр – түйеңе бар!Ал сен алаңдамай,Қазан түбін жалап, үйде жат.Мына жерде құрт бар,Мына жерде май бар.Мына жерде қатық бар,Қытық, қытық!Қане, қайсы алақан,Біз – кішкентай. (балапан)Аралардың нәрі,Бау-бақшаның сәні. (гүл)Тік, тік, тік пісте,Қысы-жазы бір түсте. (шырша)Менің тұрақты мекенім,Сәнді етіп жүремін. (үй)Санайық жаңаша,Бір, екі, үш!Желбіре жалауша,Достықта біздің күш.Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ.Оларды атап шақырар,Әрқайсысының аты бар.Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.Біз гүлдерше өсеміз,Жапырағы жайқалғанСабақтары салалы,Желмен бірге ырғалған.Тепе-теңдік жолменен,Арасында мен келем.Бір, екі, үш, төрт,Келе жатқан жете алмай,Мынау бздің мекен-жай.
«ҚЫЗЫҚ-АЙ»
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)Теуіп және сүзіп-ай (аяқтарын топылдатады, «мүйіз» жасайды)Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Күлкілі, әрі қызық-ай екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын соғады)
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Соғар қойдың өзін-ай (қабағын түйіп, сұқ саусақпен доқ көрсетеді)
Табылар ма жан қане (екі қолды жая иықтарын көтереді)
«ҚОЛТЫРАУЫН»
Қолтырауын қонақ күтуде (екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады)
Тістері тура шегедей (саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сәл дөңгелетіп үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады. Бұл жерден қой өтпеді ме? (қолды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді)
Деп сұрадым ойын білмекке (алақандарын бір-біріне ысқылайды)
Ал ол болса тымпиып жатыр (көздерін қысады)
«КІМ КЕЛДІ?»
Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)
Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)
Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)
Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)
Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)
Ағатайым, бұл сіз бе? (екі қолдың басбармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)
Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)
Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)
Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)
Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)
«ТОРҒАЙ»
Саусақтары бас
Алақан қанат (алақандар өзіне қарайды, үлкен бармақтар өріледі. Саусақтарды қозғау)
«ҮКІ»
Орманда қараңғы (екі қолдың білектерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады («Орман»))
Бәрі-бәрі ұйқыда (алақандарын беттестіре жақтарына таянып («Ұйқыға кетеді»))
Үкі ғана ұйықтамапты (бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды («Үкінің көздері»))
Маңғазданып отыр қатты (қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді («Маңғаз үкі»))
Әрі-бері отырды да (қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға ауысады)
«МЫСЫҚ»
Мысық біздің саққұлақ
Тышқанды жақсы есту үшін бірақ (ортаншы және төртінші саусақтар бас бармаққа тіреледі, сұқ саусақ және кішкентай саусақ жоғары қарайды)
«ҚАЗ»
Қаз тоқтамай қанқылдайды
Жақындасан шымшылдайды (білек тік, алақан түзу. Сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі. Барлық саусақтар бір-біріне жабысып тұрады)
«ҚОРАЗ»
Қораз, қораз қоқылдақ
Ерте-тұрар-қоқылдапАлтын айдар басында
Ән салар үй қасында (алақан үстінде, сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі, қалған саусақтардың аралары ашық үстіге қарайды)
«ДОП»
Он, тоғыз (алақандарымен шапалақтайды)
Сегіз, жеті (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)
Төрт, үш (алақандарымен шапалақтайды)
Екі, бір (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)
Доп ойнайық (алақандарымен шапалақтайды)
Кел, жүгір (қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін жабады)
Тек білейік (әр сөз ырғағымен шапалақтайды)
Анық нық (әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады)
Допты алып қашқан (отыра қалады)
«СӨЗДЕР»
1-2 деп санаймыз (саусақтарды біріктіріп бүгіп санаймыз, кері ашып санайды)
Әріптен сөз құрамыз (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді («күн» жасайды)
Күн – шуақты сөз екен (бас бармақ, ортаңғы терек, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды)
Мысық-құлақты сөз екен (сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстайды «мұйіз» жасайды. Бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтар біріктіріле бүгіледі)
Сиыр-мүйізді сөз екен (екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды)
Қарбыз-жолақты сөз екен
«ШАЯН МЕН МЫСЫҚ»
Тасасында көпірдің (сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен қарата алдына ұстап «көпір жасайды». «көпірдің астына оң қол саусақтарын төмен қарата ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлатады)
Кәрі шаян тұрыпты (алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын жүгіртеді)
Көпірден өткен мысықтың (иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады)
Құйрығынан жұлыпты (сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарды бас бармақпен біресе біріктіре, біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді)
«Құтқарыңдар, (сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады)
Мяу-мяу-мяу! (екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді)
Босатыңдар шаяннан!» (сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын топылдатады)
Қане, кім бар келіңдер!
Мысыққа көмек беріңдер!
«СӘЛЕМ»
Сәлемдесем әрдайым (екі қолдарын айқастырып кеуделеріне қояды)
Үйде және көшеде (екі қолдарын алға жаяды)
Тіпті «сәлем» - деймін мен («қанаттарын» екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп қағып тұрады)
Тауыққа көрші үйдегі (бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды)
Сәлемет пе, (екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді)Шуақты күн көкте! (екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселеді)
Сәлемет пе, (екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің үстіне қойып алдына ұстайды)
Нұрлы аспан көкпеңбек! (оң жаққа оң қолын жаяды)
Сәлемет пе, (сол жаққа сол қолын жаяды)
Самал жел желпіген» (оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды)
Сәлемет пе, (бастарын шайқайды)
Кішкентай түбіртек!
Сәлем, таң жаңа атқан!
Сәлем, күн арайлы!
Сәлемге еріну!
Бізде әсте болмайды
«ӨРМЕКШІ»
Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)
Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)
Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақанмен сол қол алақаның үстінен тез «сырғанап түседі)
Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)
Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)
Құрғады тез-ақ төңірек (барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)
Өрмекші өрмек тоқуға
Кірісті, дереу, тезірек


Приложенные файлы


Добавить комментарий