Сауса? жатты?улары 2кіші топ


Қуыр-қуыр қуырмаш
Қуыр-қуыр қуырмаш,Балаларға бидай шаш.Бас бармақ,Балан үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.Сен тұр – қойыңа бар!Сен тұр – жылқыңа бар!Сен тұр – ешкіңе бар!Сен тұр – сиырыңа бар!Сен тұр – түйеңе бар!Ал сен алаңдамай,Қазан түбін жалап, үйде жат.Мына жерде құрт бар,Мына жерде май бар.Мына жерде қатық бар,Қытық, қытық!
Жыл мезгілдері
          Мұз да, қар да ерісе,
          Өлең айтар өзендер.
(маңдайдың ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін екі қолымен сипайды)           Ұйқы қашса қонжықтан,
           Көктем келді дерсің сен
(бетті иектен құлақтың төменгі ұшына қарай сипайды)
            Қызса қатты күн көзі,
            Қарлығаштар самғаса
(маңдайдың ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін екі қолымен сипайды)
             Ыстық аптап, құрғақшылық,
             Жаз келгенін білдірер
(бетті иектен құлақтың төменгі ұшына қарай сипайды)
             Шатырда жаңбыр ойнаса,
             Бірде қатты, бірде жай
(маңдайдың ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін саусақ ұшымен ұрғылайды)
              Жер жапырақты жамылып,
              Күз келгенін білдірер
(бетті иектен құлақтың төменгі ұшына дейін саусақ ұшымен ұрғылайды)
               Боран борап, жел тұрса,
               Айналаны қар басса,
               Үйлер ақ көрпеге оранса,
               Келді дей бер қыс ортаға
(спираль тәрізді қимылдарды маңдай ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін орындайды)
Салат жасаймыз
Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

Кірпі
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
Достық
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
Санамақ
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Қимылды қайтала
Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.
Жаттығу барысы :Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.
Шынжыр. 
Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да.
Піл
оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Доп
алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Гүл
қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Қоян
Қоян өмір сүріпті Алақандарын соғады Ұзын құлақ Үш саусақты жұдырыққа, сілтеуіш және ортаңғы – құлақтар Қоян тонып қалды Екі қолдың саусақтарын қысады және босатады Қолдары баста Алақандарын бір-біріне үйкелейді Мұрны тонып қалды Екі қолдың саусақтарын қысады және босатады Құйрығы тонып қалды Құйымшақты сипайды Жылынуға кетті Алақандарын бір-біріне үйкелейді Балалардың үйіне Екі қолдың саусақтарын қысады және босатады Сол жақта жылы және тиыш Алақандарын соғады 
Саусақ аттары
Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ.Оларды атап шақырар,Әрқайсысының аты бар.Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.
Қолға, алып шарды,Үрлеймін мен былай.Уф-ф-ф,Үрлеймін деп қатты,Жарып алдым шарды.Пах.Бойды сергек тік ұста,Емін-еркін тыныста.Оң қолыңды соз алға,Қол ұшына қара да,Үшбұрыш сыз ауада,Сол қол босқа тұрмасын,Шеңбер жасап тынбасын.Бір саусағым тіпті де,Ұстай алмас жіпті де.Екі саусақ бірікті,Ине қолға ілікті.Үш саусағым орайды,Жүгіртеді қаламды.Өнерлі екен он саусақ,Қала салсақ, жол салсақ.1 дегенде тұрайық,2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.Ормандағы аюдың,Құлпынайы көп екен.Теріп-теріп аламыз,Қалтамызға саламыз.Дөңгеленіп тұрайық,Керегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Киіз үйді құрайық.Қане балалар, тұрамыз,Бойымызды жазамыз.Балықтарға ұқсап біз,Жүзіп-жүзіп аламыз.Қоюланып қара бұлт,Жаңбыр жауды себелеп,Жапырақты жамылып,Жата қалды көбелек.
Бармақ болып жұмысқа,Қырға шықты құмырсқа,Тоңып кетіп аяғы,Қырға қайтып шығады.Ой – ой – ой,Әне аю келеді.Құмырсқаны көреді.Енді қайтып құтылар,Илеуіне тығылар.Апам үшін күнде мен, (әндете)Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)Қане, қайсы алақан,Біз – кішкентай. (балапан)Аралардың нәрі,Бау-бақшаның сәні. (гүл)Тік, тік, тік пісте,Қысы-жазы бір түсте. (шырша)Менің тұрақты мекенім,Сәнді етіп жүремін. (үй)Санайық жаңаша,Бір, екі, үш!Желбіре жалауша,Достықта біздің күш.Біз гүлдерше өсеміз,Жапырағы жайқалғанСабақтары салалы,Желмен бірге ырғалған.Тепе-теңдік жолменен,Арасында мен келем.Бір, екі, үш, төрт,Келе жатқан жете алмай,Мынау бздің мекен-жай.Санамақтар.Бессаусақ.Ал санайық санамақ,Саусақтарға қарап ап,Кәне-кәне санайық,Санын біліп алайық.Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,Қолымда сонда саусағым нешеу?Мынау, мынау, бас бармақ,Санамақ содан басталмақ.Мүйіз қалпақ басында,Төрт серігі қасында.Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,Қолымда сонда саусағым нешеу?Қутыңдаған сұқ қолым,Епетейлі мықты оным.Бармақтың басты тірегі,Өзінің ісін біледі.Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,Қолымда сонда саусағым нешеу?Мынау, мынау ортаң қол,Кішілерге қамқор қол,Төртеуінің ағасы,Білектің үлкен баласы.Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,Қолымда сонда саусағым нешеу?Бәрін тегіс мақтап бол!Деп тұрсың ғой аты жоқ қол!Орайласым ортаншым,Елгезексің жортасың.Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,Қолымда сонда саусағым нешеу?Саусақтар күшін сынасақ,Ойнақы епті шынашақ.Еркелеп өскен кенжесі,Қамқоршы оған өзгесі.Қолымда сонда саусағым нешеу,біреу, 2, 3, 4, 5-еу.(Ж. Сымақов)Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар.Жан-жаққа кетті зымырап,Мысықтан қорыққан тышқандар:Қорапқа кірді біреуі,Соңынан кетті екеуі.Тығылды сонда нешеуі?Екі балапан тұр,Екі балалапан отыр.Шатаспай тез ойлансақ,Тура тауып атасақ,Тұрғаны бар, отырған –Барлығы қанша балапан?Төменде үш қаз ұшады,Үшеуі бұлтты құшады,Өзеннен көрдік екеуін.Айтқын, қаз нешеу екенін?Аулада жүр балалар:Самат, Арнат, Сашалар,Келді және оларғаСәуле, Шолпан ойнауға.(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?)Келеді көп құс ұшып;Кептер, аққу, қос шымшық.Сауысқан, қарға, торғай да,Ұшып жүр осы тоғайда.Қанша құс бар қосып шық.Бір көжекке бір көжекКеле қалды қонаққа,Бес сәбізден бірден жеп,Тойып алды тамаққа.Айта қойшы алғырыңҚанша сәбіз барлығы?Орманда кірпі келеді,Саңырауқұлақ тереді.Кездесті, міне, керегі:Екеуі – қайың астынан.Біреуі – терек қасынан.Қанша олар болмақ есепте,Тоқылған салса себетке?Қасқыр қақты қақпаны.-Ашыңдар тез! – айтқаны.Сол-ақ екен, лақтар –Титтей-титтей шұнақтарЖан-жағына жүгірді,Жасырынып үлгерді:Бірі – төсек астына,Бірі – пештің қасына,Бірі – сәкі астына,Бірі – астына кереует,Бірі – тапқыр кереметОтыр күбі түбінде.Қанша лақ бар бұл үйде?Үйшікте мына бір сәулеттіТұратын қай мықты әулеті?Мен – тышқан-шиқылдақ,Мен – қоян-желаяқ,Мен – түлкі-керіммін,Мен – қасқыр-серімін.Бәріміз тұратын көңілді,Қажетті сәулетті көр үйді!Үйге кірді Алдияр,Оған қоса Мадияр,Кейін келді Айдана,Қанша болды бар бала?Тиін отыр арбада,Жаңғақ сатып базарда.Түлкі бикеш пысыққа,Торғай менен шымшыққаМақтап қойып жаңғағын,Салып берді алғанын:Жаулығына бірінің,Жемсауына бірінің,Табанына бірінің.Тауық шықты көшеге,Ерді барлық шөже де.Алға кетті 7-еуі,Артта қалды 3-еуі.Санай алмай барлығынЕсі шықты тауықтың.Сен есепте, балақан,Қанша еді балапан?Әр қолына НүриденТөрт өріктен бердім мен.Бала санай білмеді,Неше өрік ол жеді?Ұлпа жүнін қыздырып,Күн шуақта бір күшік,Отыр еді маңына,Келді тағы бір күшік.Қанша күшік барлығы?ъАлты қонжық орманғаБара жатты қорбаңдап.Бірі олардың шаршады,Әрі қарай бармады.Жауабын тез айт,Қанша қонжық кетті алда?5-тен 4-ті алайық,Қанша қалды санайық.Қарайық та санайық,Санайық та табайық. (1)Беспайда бар 5 іні,Естайда бар 2 іні,Қоссақ 5 пен 2-ні,Қанша болар шешуі? (7)Шығармақ боп кеше есеп,Жиналғанда 5 есек.3-і ұйықтап отырды,Ынталысы неше есек? (2)Қазып жүр құмды 5 мысық,3-і жатыр күн ыстық.Нешеу болды сен сана? (2)Үстел үстінде төрт алма жатыр,Оның біреуін ағам жеп қойды.Сонда неше алма қалды? (3)Келеді көп құс ұшып:Кептер, аққу, қос шымшық.Сауысқан, қарға, торғай да,Ұшып жүр осы тоғайда.Қанша құс бар қосып шық.Дейді Күлтай:- Қуыршақтар,Ойыншықтар, тұршы қатар:Екі аю мен Буратино, -Әрі көңілді Чипполино!Көжек пенен пілтай да!Көмектесіп Күлтайға,Бәрін, қане қосып шық,Нешеу екен ойыншық?Құралай тақтаға екіҮшбұрыш, үш шаршы,Тікбұрыш, шеңбер жәнеСопақша салды. ҚұралайТақтаға қанша төртбұрыш салды?Математикалық өлеңдер.(мәнерлеп оқу)Жеті ұлы бар бір ұйдіңСәл демалып,Тыным ал,Тақпақ тыңдап,Ұғып ал.Апта деген ағайдың,Жеті бірдей ұлы бар.Біріншісі – Дүйсенбі,Екіншісі – Сейсенбі,Үшіншісі – Сәрсенбі,Төртіншісі – Бейсенбі,Жұма деген – бесінші ұл.Алтыншы ұлы ол – Сенбі,Жетіншісі-Жексенбі. (Қайрат Жұмағалиев)Топ, топ, добым.Топ, топ, добым домалақ,Қайда кеттің домалап.Бір, екі деп екі ұрдым, -Шатырға сен секірдің.Үш, төрт, бес деп үлгердім,Ішіне ендің гүлдердің.Алты, жеті дегенде,Жаттың шоршып еденде.Сегіз, тоғыз дегенде,Сайға сырғып жөнелдің.Топ, топ, добым домалақ.Қайда кеттің домалап. (Ғ. Өкеев)Сандардың айтысы.Достар мені «бір», - дейді,Қарайды да бүй дейді:Мұқтажсың қол, аяққа,Ұқсап тұрсың таяққа.Мен екімін балалар,Екі деген баға бар,Аз болған соң талабы,Үлгіре алмай қалады.Жаңғалақтың, жалқаудың,Алаңғасар аңқаудың,Алатыны екілік,Басын шайқап өкініп.Бірім артық екіден,Аздығыма өкінем,Кедерлі аттай тұсалып,Жүр біреулер, «үш» алып.Достар мені «төрт» дейді,Беске бірім жетпейді.Бірақ үшке ағамын,Жақсысымын бағаның.Оқуға дос барғанда,Риза мені алғанға,Қуанады мамасы,Төрт алғанда баласы.Жараспайды бір сарын,Өзің тап төрт мысалын,Ол үшін түрлі аңдарды,Еске түсір малдарды.Әр қолда саусақ бес-бестен,Шықпас тегін ол естен,Біліп соның шамасын,Мысал ойлап табасың.Гүлде бес күлте жапырақ,Өседі-ау шіркін жарқырап.Бесбұрыш алтын жұлдыздар,Тағады батыр ұл-қыздар.Бір мен екі алмаңдар!Үшке алданып қалмаңдар!Кілең төрттік алғандар,Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)Үш бала.Бір ауылда үш бала,Олар – құрдас: үш жаста.Бірақ, бірақ олардың,Қылықтары үш басқа.Біріншісі шыңқ етпе,Тиіп кетсе, жылайды.Екіншісі бір қоңыр,Ақыл айтсаң, тулайды.Үшіншісі – елгезек,Бәрімізге ұнайды.
Сенсорлық тәрбие берудегі дидактикалық ойындар бөбектер тобындағы балаларға тән оқу формасы болып табылады. Оның негізі – ойынды өлеңмен, қимылмен,сипап сезумен т.б. ұштастыру арқылы көп нәрсеге үйрететін халық педагогикасында жатыр. Сенсорикалық тәрбие берудегі дидактикалық ойында ойын әрекетіне тән құрылымдарының барлығы да бар. Сенсорикалық тәрбие берудегі дидактикалық ойынның оқыту сипаты, оның мазмұны балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Дидактикалық ойынның маңызы – балалардың дербестігін және сөйлеу белсенділігін дамытатындығында. Бөбектер тобындағы балалар ойындарындағы ойын әрекеттері оған қатысушылардың бәрі үшін бірдей.
«Ойынның құндылығы – баланың психикалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы шешу жолын ойлау үрдісіне қатыстырады. Балалық шақта балада ойынға деген қажеттілік болады. Сондықтан, сол қажеттілікті қанағаттандыру қажет, себебі бала ойнай жүріп өмірді тани бастайды.
«Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді. Бұл құштарлық, оны қанағаттандыру қажет. Бала өмірін сол ойынмен сусындату керек, себебі оның өмірі - ойын» А. С. Макаренко.
Кішкентай балалар – сүйкімді, бақытты неше түрлі оқиғаларға тап болып, өмірді танитын тентектер. Баланың балабақшада, мектепте, одан қалса өскенде еңбектенген кезінде де, сенсорлық, сенсомоторлық дамуы ақыл - ой дамуына фундамент болып табылатыны психолог мамандар дәлелдеген.
Бала өмірінде әр - түрлі пішін, түс, заттардың /ойыншықтар мен үй ішіндегі заттар /әр - түрлі қасиеттерімен кездеседі. Әр бала олармен кездескен кезде оны өзінше қабылдайды. Сол қабылдау жылдам, үлкендердің педагогикалық басқарусыз жүреді, бірақта ол сапасыз болады. Осы жерде оған сенсорлық тәрбие көмекке келеді - ол тәрбие бір бағытта жоспарлы баланы адамзаттың сенсорлық мәдениетімен таныстырады.
Әр бір жаста сенсорлық тәрбиенің өз мақсат, міндеттері болады, солар арқылы сенсорлық мәдениеттің нақты бір бөлігі қалыптасады. Бала екі - үш жаста түсті, пішінді, әр бір заттың ерекшелігін айыра білу қажет, негізгі әр түрлі түстер мен пішіндер және екі заттың көлемі туралы түсініктер жинақталу керек.Ойын үстінде ақыл-ой міндетін шеше отырып, сәби өз еркімен есте сақтауға және қайта айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады.Ойын іс-әрекеті үстінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады.
Арайлап таң атты,Алтын шуақ таратты.Қайырлы таң, балалар!Қайырлы таң қонақтар!
Төкті оған нұрын далаАстана сұлу қалаБіз оны анамыздайСүйеміз шынында да.Жүректе сақтап атынЖүретін салтанатым.Астана биігіміз.Биіктер күнге жақын.
Қуан, шаттан, алақай!Қуанышты күн келді.Күліп шықты күн бүгін.Қайырлы таң, Қайырлы күн Балақай!
Арайлап таң атты,Алтын сәуле таратты.Жарқырайды күніміз.Жарқырайды даламыз.Қайырлы таң,Қайырлы күн, балалар!
Бір – тәңертең тұр,Екі – шынығып бекі!Үш – тазала тіс,Төрт – сабындап жу бет.Бес – сүлгімен сүртін тез.Кәне, кәне шынығайықДенемізді ширатыпАуамен, күнмен сүмен бізШынығамыз қорықпаймызАйналдырып әдеткеШынығамыз күнде біз.
Қол ұстасып алайықКиіз үйді құрайық.Қазша қанат жаяйық.Аққуша мойнымызды созайық.Құсша қанат қағайықАлақанды соғайықОрнымызды табайық.
Денсаулығың мықты болсын!Өмір жасын ұзақ болсын.Еліңің сәні бол!Ата – анаңның әні бол!Кел, балар ойын ойнайық,
Тобымызда балалардың түған күнін Бәріміз бірге тойлайықКел, балалар,Ән салайық, би билейік.Тату – тәтті ойнайық!
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір – бірлеп,Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.Алақай – ау, алақай!Ән шырқайық, балақай!Қызарғанша алақан.Қол соғайық балақан!1 – бала: Еліме тыныштық тілеймін!2- бала: Күніміз жарық болсын!Аспанымыз ашық болсын!Деніміз сау болсын!Нанымыз көп болсы!Көк туымыз биік болсын!Аналар аман болсын!Тыныштық болсын!
Армысыз, қайрымды Аспан ата!Армысыз, мейрімді Жер – Ана!Армысыз, шұғылалы Алтын – Күн!Қуан, шаттан алақай!
Қайырлы таң, қайырлы күн!Бәріміз күндей жарқырайық!Бәріміз дос болайық!Ешқашан ешкім ауырмасын!
Арайлап таң атты.Алтын сәуле таратты.Жарқырайды қаламызЖайнай түсті даламыз,Қайырлы күн, қайырлы таңАқ тілекті балалар.
 

Приложенные файлы


Добавить комментарий