«Сауат ашу 1 сынып «Д дыбысы мен ?ріпі»


Сабақ: Мектеп:Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі КММ
Күні: Мұғалімнің есімі: Демеубаева Бакытгуль Казбековна
Сынып:1 А Қатысқандар саны: Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Сабақ негізделген оқу мақсаты 1.2.9.1.Әріпті тану ,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.6.1.Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын(өлең, әңгіме,ертегі)ажырату
Сабақ мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Тақырыпқа әңгіме құрайды
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Д дыбысын ажыратады.Сөз ,сөзден сөйлем құрайды.
Түйінді сөздер мен тіркестер:
Дауыссыз дыбыс
Алдыңғы оқу Б,Ш,Ю,Я,дыбыстары туралы біледі.Сөз құрайды.
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басы
5 минут «Жұптық әңгіме» әдісі
Сурет бойынша әңгімелеседі.
Бәйтеректің басына шыққыларың келе ме?
Топқа бөлу: :«Ханшатыр», «Ақорда», «Бәйтерек».
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Видео «Астана бас қала »

Сабақтың ортасы
20 минут
Тапсырма №1
Тыңда
Достары көп Мараттың,
Ойнайды олар аулада.
Ағасымен Болаттың,
Барады олар тауғада.
-Бұл өлең бе,әлде әңгіме ме?
-Бұны балалардан сұрап көрелік.
Тапсырма №2
Суреттердегі Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса. Таныстырылым,
оқулықпен жұмыс
Дескрипторлар
- Д әріпі бар сөзді табады
- Дыбыстық талдау жасайды Тапсырма№2
Әріптер мен сандарды  пайдаланып сөз құрастыр.
а нл ро т у шс д1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Дескрипторлар
-сөз құрастырады
- Сөзді оқиды
-жазады Тапсырма №3
№3 Мұғалімнің көмегімен  берілген суреттердегі  заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра.  Қандай сөз шықты? Оны жаз. Дескрипторлар
-Алғашқы әріптен сөз құрастырады
-Сөзді оқиды
-Жазады Сергіту сәті
5 минут Отанымның тірегі
Астанамның жүрегі.
Мақтан етем өзіңді,
Бәйтерегім киелі. Қызықты тапсырма
5 минут Оқушылар хормен айтып үйренеді.
Ду, ду, ду! Дүк — дүк!Пойыз келеді.Ду, ду, ду! Дүк — дүк!Бәрі жол береді.Ду, ду, ду! Дүк — дүк!Жүгіріп өтпе,Ду, ду, ду! Дүк — дүк!Тұра тұршы шетте.Ду, ду, ду! Дүк — дүк!Пойызды өткіз.Қол бұлғап қалайық Аяғы
5 минут Бүгінгі сабақта алған әсерлерің
Келесі оқу тапсырмалары Саралау:Тапсырмалар оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталды. Себебі оқушылар тапсырманы түсініп критерилер мен дескрипторлар арқылы әрекет жасап отырды. Д дыбысын айта алады.Сөз ,сөзден сөйлем құрайды. Топтық жұмыс және өмірмен байланыстыра алуға араналған тапсырмалар таңдауға оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмаларға көбірек мән беру. Бағалау:
«бағдаршам»,
«бес саусақ».
Пәнаралық байланыс.Дене шынықтыру, Математика
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. Бәйтерек басына шығарда тәртіп сақтау
АКТ құзыреттілік.
Құндылықтармен байланыс. Д әріпімен толық таныспаса ,сөз ,сөзден сөйлем құрауы мүмкін болмас еді.
Рефлексия Қорытынды бағамдау:



Приложенные файлы


Добавить комментарий