«Сауат ашу п?нінен «Таби?ат?а саяхат. «?» дыбысы мен ?рпі»


Оқу ісінің меңгерушісі:__________ Биманова Т.Х.
Күні: 17.01.2017
Сынып: 1 «Е» Қатысқандар саны: 24
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсету және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы, дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым, электронды оқулық
Тілдік құзыреттілік Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
2 минут Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрып көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Шаттық
шеңбері
Сабақтың басы
3 мин Өткенді қайталау ( сұрақтарға жауап беру арқылы аққала құрастырады.)
Ң дыбысы қандай дыбыс?
Ң дыбысы кездесетін сөздерді айт.
Ң дыбысы сөздердің қай жерінде кездеседі?
Аңшы сөзін буынға бөл.
Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?
Қыс мезгілі туралы сұраққа жауап алу. Аққала суретінің бөліктері,
қыс мезгілінің суреттері
Сабақтың ортасы
20 минут
№1 Тыңдалым.
Электронды оқулықтан «Бота мен бұзау» әңгімесін тыңдату.
- Балалар, не түсіндік?
- Бұзау қандай дыбыс шығарады?
- Бота қандай дыбыс шығарады?
- Екеуі де қай дыбысты созып айтады?
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Ө дыбысы кездесетін сөздерді айту. (электронды оқулық)
Ө дыбысы туралы өлең тыңдату.
Ортасында сызығы.
Өрікке ұқсап келеді.
Өріктің атын, қызығы,
Өзі бастап береді.
№ 2. Айтылым.
- Суретте кімдерді көріп отырмыз? ( Али мен Мерей)
- Олар не туралы сөйлесті? Оны мен қазір сендерге оқып беремін.
- Мерей, табиғат деген не?
- Сұрақтың жауабын төмендегі суреттерден табуға болады?
-Табиғатқа тағы не жатады?
Оқушылар өз ойларын айтады ( жұлдыз, жануарлар, өсімдіктер, адамдар, теңіз, мұхит, өзен т.б)
№ 3. Жазылым
Электронды оқулық арқылы ө дыбысының жазылуын көрсету, ауада бас әрпін, кіші әрпін жазып көрсету.
Дәптерге Өө әрпі мен элементтерін жазғызу. Таныстырылым, электронды оқулық

Оқулықпен жұмыс
дәптерлер.
Сергіту сәті
1 минут Сергіту сәтіндегі би қимылдарын қайталау. Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
5 минут №2 Оқылым
Дауыстап ө дыбысы кездесетін сөздерді оқыту.
Шөл төл өрнек көрік көрме
көл сөл өрмек көлік көрші
Сөздік жұмыс
Өрмекші сөзін үш тілде айту.
Өрмекші – паук – spider Оқулық,
Қызықты тапсырмалар
10 минут Топтық жұмыс
1-топ ө әрпі кездесетін сөздерді жазады.
2-топ дыбыстардың дауысты не дауыссызын ажыратады.
3-топқа қар суретіне жазылған сөздерді оқу.
Тапсырмалар орындалып болған соң, тақтаға шығып әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
«Кім тапқыр?» ойыны
Суреттер арқылы ө дыбысы кездесетін сөздерді тауып айту.
Плакат, қар суретінің қиындылары, маркер
Электронды
оқулық
Сабақтың соңы
4 минут
Рефлексия

Бағалау.
Әр оқушыны смайликтер арқылы бағалау. Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

«№11 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы:Табиғатқа саяхат.Өө дыбысы мен әрпі
Өткізген: Менламбетова Марал
17.01.17ж . 1 «Е» сыныбы

2017 жыл

Приложенные файлы


Добавить комментарий